Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
махамбет отемисулы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
81.92 Кб
Скачать

Қорытынды

Ұлтымыздың ұлы кемеңгері Абайдың: «Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы, өлмейтұғын артына сөз қалдырған»-дегеніндей, өмірі мен өнегесі халқының жадына мәңгілікке жазылып, одан ойып тұрып лайықты орнын алған әрі батыр, әрі ақын, әрі тарихи қайраткер Махамбет Өтемісұлының есімін әрқашанда ерекше құрметпен атаймыз.

Халық жазушысы, мемлекет қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының «Тәуелсіздік жолында қан да төгілген, жас та төгілген, денесінен бас та бөлінген. Басы бөлінгенмен ары төгілмеген-арлыларды әңгімелесек, биіктемесек аласармаймыз»,- деген сөзі Махамбетке арналған болатын.

Махамбет ақын – ұлт азаттығы үшін күрескер тарихи тұлға ретінде біздің Тәуелсіздігіміздің бастау көздерінің бірі ретінде саналады. Сондай қоғам қайраткерлігімен бірге, өзінің отты, жалынды өлеңдері арқылы бар өмірін туған халқының мұңын жоқтауға арнаған ардақты ақын.

Иә, Махамбет -қиып түсер өткірлігімен, қызу қанды жігерлігімен, нөсердей екпінімен еркіндікті аңсаған батыр. Жылдар, ғасырлар алмаса келе талай оқиға көмескі тартары заңдылық. Ал Махамбеттің ісі мен жырына ондай қауіп төнген емес, төнбейді де. Олай болатыны оның батырлығы бір жекпе-жектегі қайсарлық пен ерліктің символы. Жыр толғауы бір кезеңнің баяны емес,күллі адамзатқа тән азаттық пен теңдіктің өшпейтін ұраны. Махамбет өзгеде жоқ та, өзінде ғана бар құдіретті қасиетімен батырлар тарихында да, ақындар тарихында да, сазгерлер тарихында да жарық жұлдыздай жарқырап жанып тұратын қайталанбас дара тұлға. Оның дауылпаз жырлары әрқашан ерлікке, егемендікке шақырады. Ол-елге еркіндік тілеген, Тәңірден басқаға тәуелді болмауды аңсаған, теңдікке қол жеткізуді армандаған асыл ер.

Қолданылған әдебиетер тізімі

1. Қазақстан тарихы. Очерктер- Алматы, 1994

2. Күзембайұлы. Қазақстан тарихы. - Алматы, 1999

3. «Бес ғасыр жырлайды» кітабы. 2 томдық. Алматы-1989ж. І-том

11