
Пиодермиялар
170. Фурункулездің еміне қолданылады:
а) қантамырларды кеңейтетіндер
б) В6 витамині
в) гидротерапия
г) антигистаминдік препараттар
д) антибиотиктер
171. Итемшекте қабыну үрдісіне қосылады:
а) апокринді тер безі
б) эккринді тер безі
в) май безі
г) жоғарыдағының бәрі
д) жоғарыдағының еш қайсыыс емес
172. Келесі клиникалық көрініс қай ауруға тән: көлемі үлкен емес жарты шар тәрізді ортасынан түк шығып тұрған, ашық-қызыл түсті қабынулы жиекпен қоршалған іріңдік: а) стрептококты импетиго
а) стрептококкты импетиго
б) остиофолликулит
в) сыздауық
г) көршиқан
д) жай теміреткі
173. Сыздауықтың хирургиялық емі ұсынылады:
а) алғашқы инфилтрация сатысында
б) жазылу сатысында
в) абсцеске айналғанда
г) стержен даму сатысында
д) тыртықтану сатысында
174. Дерматология бөліміне 50 жасар ер адам түсті. Суық күні балық аулағаннан кейін мойынның артқы жағына қатты ауыратын инфильтрат пайда болған, біртіндеп өсіп бала алақанына дейін қошқыл- қызыл, ортасы көкшіл бернеше тесіктері бар одан түсі жасыл қан аралас іріңді некротикалық масса бөлініп тұр. Бас ауру және қалтырау. Дене қызуы 38,50С. Сіздің болжам диагнозыңыз:
остеофолликулит
сыздауық
гуммозды сифилид
көршиқан
колликвативті туберкулез
175. Дәрігерге 48 жасар толықтау келген әйел мына: оң жақ қолтық астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Жедел ауырған. Қарағанда оң жақ қолтық астының шұңқырында қошқыл-қызыл түсті көтеріңкі көлемі үлкен бұршақтай ауыратын түйіндері бар, дене қызуы 37,60С. Неғұрлым анық диагнозыңыз:
остеофолликулит
сыздауық
итемшек
көршиқан
лимфаденит
176. Фурункулезде міндетті түрде зерттеу қажет:
а) қанды эозинофелияға
б) қанды билирубинге
в) зәрді креатининге
г) нәжісті гельминтке
д) антибиотикке сезімталдықты анықтау
177. Ересек адамдағы стафилодермияға тән емес:
а) фолликулярды емес іріңдік
б) фолликулярлы іріңдік
в) терінің терең зақымдануы
г) тері беткей зақымдануы
д) апокринді тер безінің қабынуы
178. Стрептококктың импетигоға тән емес:
а) теріде фликтена пайда болуы
б) жиі балалар ауырады
в) процесстің тез таралуы
г) қабыну түйіндері
д) фликтена айналасындағы қабынуы
179. Эктима – бұл:
а) ботриомикома
б) терең стрептодермия
в) терең стафилодермия
г) эксфолиативтік дерматит
д) шанкр тәрізді пиодермия
180. Стафилококты анатоксин қолданады:
а) фурункулезде
б) шиқанда
в) итемшекте
г) қайталамалы фурункулезде
д) эктимада
181. Эккринді тер безімен байланысты терінің іріңдікті ауруы:
а) сыздауық
б) балалардың көптеген абсцесі
в) гидраденит
г) созылмалы диффузды стрептодермия
д) шиқан
182. Беткей стрептококкты іріңдіктерге жатпайды:
стрептококкты импетиго
булезді импетиго
беткейлі күбіртке
эритематозды қабыршықты стрептодермия
жай эктима
Коллагеноздар
183. Қызыл жегі емінде қолданылады:
а) кең аумақты әсері бар антибиотик
б) сульфаниламидтер
в) стафилокқа қарсы иммуноглобулин
г) безгекке қарсы дәрі- дәрмектер
д) вирусқа қарсы дәрілер
184. Қызыл жегізақым ошағының жиі кездесетін жері:
а) алақан, табан
б) сирақ, сан
в) бет, мұрын
г) білек
д) шырышты қабат
185. Дискоидты қызыл жегі біреуінен басқасының бәрінен көрінеді:
а) терінің семулі тыртығы
б) эритемой
в) фолликулярлы гиперкератоз
г) қабынумен
д) төмпешіктің пигменттелуі
186. Қызыл жегімен аурған науқасқа тағайындалмайды:
а) преднизолонмен ұстап тұрушы ем
б) күн сәулесімен санаториялық-курорттық ем
в) диспансерлік бақылау
г) ультра күлгін сәулеге жоғарғы сезімталдықты жоятын дәрілер
д) кең жиекті бас киім кию
187. Төмендегі патогенетикалық факторлардың қайсысы эритематоздың дамуында себепші болуы мүмкін?
а) тамақтану тәртібін бұзу
б) үсік
в) аса шаршау
г) ошақтық жұқпа
д) жарақат алу
188. Төмендегі «қауіп» факторларының қайсысы эритематоздың дамуына алып келуі мүмкін?
а) ошақтық жұқпа
б) күн сәулесі
в) асқазан-ішек аурулары
г) жарақат
д) қарттық
189. Созылмалы қызыл жегінің емдеіне таңдалатын препараттарды атаңыз:
а) цитостатиктер
б) безгекке қарсы дәрілер
в0 аналгетиктар
г) седативтік дәрілер
д) гистаминге қарсы препараттар
190. Дискоидтық қызыл жегінің негізгі клиникалық түрлерін атаңыз:
а) титік
б) үстірт (эритема)
в) жайылмалы
г) терең
д) атиптік
191. Жүйелі қызыл жегіге тиісті диагностикалық белгілерді көрсетіңіз:
а) Кебнер белгісі
б0 Уикхем белгісі
в) акантолитикалық жасушалар
г) Асбо-Ганзен белгісі
д) LE-жасушалар табылуы
192. Тексерудің нәтижелері: Бенье-Мищерский белгісі анықталған, қанында-лимфопения, ЭТЖ-жоғары-қандай ауруға тән:
а) пемфигус
б) Дюринг дерматозы
в) жалқықты псориаз
г) қызыл-жазық теміреткі
д) жүйелі қызыл жегі
193. Қызыл жегідегі Бенье-Мещерский белгісін қандай патогистологиялық өзгерстер қамтамассыз етеді:
а) акантолизис
б) фолликулярлық гиперкератоз
в) гранулез
г) акантоз
д) паракератоз
194. Қызыл жегіге Бенье-Мищерский белгісі байланысты?
а) фолликулярлық гиперкератозбен
б) тамырлардың кеңеюімен
в) жалқықпен
г) семумен
д) пролиферациямен
195. Дискоидтық қызыл жегінің негізгі белгілерін атаңыз:
а) жараға айналған түйіншек
б) вегетация
в) тыртықты сему
г) эритема
д) сулану
196. Дискоидтық қызыл жегінің болмашы белгілерін атаңыз:
а) вегетация
б) іріңдіктер
в) телеангиэктазия
г) Рейно синдромы
д) күлдіреуіктер
197. Қызыл жегінің болмашы белгілерінің бірін атаңыз:
а) вегетация
б) гипер-пигментация зоналары
в) сулану
г) тырналулар
д) гипертрофиялық тыртықтар
198. Дискоидты қызыл жегіні ошағының орталығында көрінеді:
а) жара
б) гипертрофиялық тыртықтар
в) сему
г) жарылу
д) күлдіреуік
199. 40 жастағы қойшы бетінде, мойнында қызыл дақтардың пайда болғандығына шағымданады. Бұрын өкпе қабынуы, гастро аурулармен ауырған. Жанұясында мұндай аурумен ешкім ауырмаған. Былтырғы көктемнен басталған. Қарағанда: маңдайының, құлақтарының, мойнының терісінде диаметрі 3 см тең, дөңгелек, қып-қызыл түсті эритематоздың ошақтар орналасқан. Бетінде тығыз орналасқан қабыршақтар бар, оларды алғанда ауырады. Кейбір дақтардың оралығында – семулі тыртық анық көрінеді. Сіздің диагнозыңыз?
а) қызыл жегі
б) қызғылт безеу
в) склеродермия
г) кәдімгі безеу
д) себореялық экзема
200. 40 жастағы қойшы бетінде, мойнында қызыл дақтардың пайда болғандығына шағымданады. Бұрын өкпе қабынуы, гастро аурулармен ауырған. Жанұясында мұндай аурумен ешкім ауырмаған. Былтырғы көктемнен басталған. Қарағанда: маңдайының, құлақтарының, мойнының терісінде диаметрі 3 см тең, дөңгелек, қып-қызыл түсті эритематоздың ошақтар орналасқан. Бетінде тығыз орналасқан қабыршақтар бар, оларды алғанда ауырады. Кейбір дақтардың оралығында – семулі тыртық анық көрінеді. Осы ауруға тән лабораторлық зерттеулер көрсеткішін атаңыз:
а) LE-жасушалар анықталады
б) эозинофилия
в) тромбоцитопения
г) акантолитикалық жасушалар бар
д) микрореакция оң
201. 19 жасар әйел 2 жылдан бері тері ауруымен ауырады. Ауыру созылмалы, көктемде, жазда қозып кетеді. Қарағанда: мойнының екі жағында диаметрі 1-5 см дөңгелек және үлгісі дұрыс емес 3 зақым ошағы орналасқан. Зақым ошағында эритема, қабыршақтар, ортасында сему көрінеді Ошақтардың шеттерінде телеангиэктазиялар байқалады. Сіздің диагнозыңыз:
а) қызғылт безеу
б) псориаз
в) дискоидттық қызыл жегі
г) аллергиялық дерматит
д) кәдімгі жегі
202. 19 жасар әйел 2 жылдан бері тері ауруымен ауырады. Ауыру созылмалы, көктемде, жазда қозып кетеді. Қарағанда: мойнының екі жағында диаметрі 1-5 см дөңгелек және үлгісі дұрыс емес 3 зақым ошағы орналасқан. Зақым ошағында эритема, қабыршақтар, ортасында сему көрінеді Ошақтардың шеттерінде телеангиэктазиялар байқалады. Сіздің емдеу тәсілдеріңіз.
а) аутогемотерапия
б) неотигазон
в) фотодесенсибилизаторлар
г) гистаминге қарсы дәрілер
д) фтивазид
203. Ауруханаға келген 23 жастағы науқастың кеңсірік пен қабақ терісінде «көбелек» тәрізді инфильтратты эритематозды табақшалар орналасқан, беттері тығызданған қабыршықтармен жабылған. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, шетінде- телеангиэктазия, гипер және депигментация. Сіздің диагнозыңыз:
а) диссимирленген қызыл жегі
б) табақшалық псориаз
в) дискоидты қызыл жегі
г) табақшалы склеродермия
д) жүйелі қызыл жегі
204. Ауруханаға келген 23 жастағы науқастың кеңсірік пен қабақ терісінде «көбелек» тәрізді инфильтратты эритематозды табаңшалар орналасқан, беттері тығызданған қабыршықтармен жабылған. Ошақтың ортасында тыртықты атрофия, шетінде- телеангиэктазия, гипер және депигментация. Сіздің диагнозыңызды қай симптомдар бекітеді:
а) Уикхем белгісі
б) Никольский белгісі
в) Асбо-Хансен белгісі
г) Кебнер белгісі
д) «әйел өкшесі» белгісі