
Токсикодермиялар, экзема
157. «Сероздық құдықтар» тән:
а) нейродермит
б) қотыр
в) псориаз
г) экзема
д) трихофития
158. Айқын суланумен байқалатын экземада:
а) ұнтақ
б) сулы таңба
в) паста
г) майлар
д) қоймалжындар
159. Емханаға 36 жасар науқас, қол ұшы терісіндегі денесіндегі бөртпелерге байланысты қаралды. Ауырғанына 3 жыл. Ауру ағымы толқын тәрізді жүреді. Асқыну жиі емдәмді бұзғаннан кейін, әсіресе шоколад конфеттерін жегеннен кейін, кейде ешбір себепсіз байқалады. Тексергенде: бет, мойын, қол ұшы, білек терісі аздап сіңбеленген, ісіну, түсі көкшіл – қызғылт түсті. Осы фонда көптеген ұсақ түйіншектер, ұсақ көпіршікшелер, сулану ошақтары. Кеуде, іш, жамбасында бірен - сараң әр түрлі көлемедегі және пішіндегі эритематозды-қабыршақты бөртпелер бар. Субьективті – аздаған қышу сезімі. Диагноз қойыңыз:
нейродермит
аллергиялық дерматит
токсидермия
пруриго
нағыз экзема
160. Токсидермияға тән емес:
а) терінің айқын қабыну реакциясы
б) жайылып орналасуы
в) жалпы жағдайдың бұзылуы
г) аллергенмен қатынаста тоқтатқаннан кейін тез жазылу
д) приступ тәрізді ауру сезімі
161. Микробты экземаның жиі орналасатын жері:
а) бастың шашаты бөлігі
б) мойынның артқы беті
в) бет
г) аяқ-қол
д) жыныс мүшесі
162. Терілік сынаманы тағайындау қай ауруда тиімді:
а) нағыз экзема
б) микробты экзема
в) себорейялық экзема
г) кәсіптік экзема
д) дисгидратикалық экзема
163. Токсикодермияны тудыратын факторларды анықта:
а) дәрілік
б) механикалық
в) сәулелік
г) термикалық
д) химиялық
164. Лайелл синдромын қандай дәрілік заттар жиі шақырады:
а) витаминдер
б) антигистаминдер
в) кортикостероидтар
г) кең ауқымдағы антибиотиктер
д) цитостатиктер
165. Тері дәрігеріне С деген 40 жасар науқас қаралды, шағымы: денесіндегі және аяқ-қолына бөртпелердің шығуына, қышу сезіміне. Бөртпе шықпас бұрын тамағы ауырып бактрим қолданған. Тексергенде денесінде және аяқ қолдарында домалақ пішінді эритематозды қызғылт-күлгін түстес ошақты көріністер. Сіздің диагнозыңыз:
а) жай қатынас дерматиті
б) токсикодермия
в) экзема
г) қатынастық аллергиялық дерматит
д) есекжем
166. Токсикодермияның сыртқы еміне қандай дәрілік заттар қолданылады:
а) антибактериалды майлар
б) ихтиол
в) анилин бояуы
г) күкірт майы
д) кортикостероидты аэрозольдар
167. Дәрігер- дерматовенерологқа 24 жасар медбике фурацилин қолданғаннан кейін саусақтарында пайда болған қышитын бөртпелерге шағымданып қаралды. Фурацилинді қолдануды тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу сезімі тиылған. Қайта қолданғаннан кейін жайылмалы қызару, ісіну және түйіншекті көпіршікше бөртпелер пайда болған. Сіздің диагнозыңыз:
нағыз экзема
аллергиялық дерматит
микробтық экзема
фотодерматоз
дәрі-дәрмектік токсидермия
168. Дәрігер-дерматовенерологқа науқас қаралды. 2 ай болған Цемент жасайтын цехтың жұмысшысының қолының ұшында, дененің ашық аймақтарында терісі қышып, қызарып, түйіншекті бөртпелер, соңынан олардың бетінде микровезикула және сулану жұмыс істегеніне 2 айдан соң пайда болды. Зақым ошағы анық шектелмеген. Анамнезінде басқа біреудің жұмыс киімін жиі қолдану және оны сирек жуу. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
себореялық экзема
жанаспалы дерматит
кәсіби экзема
токисдермия
қотыр
169. Дәрігер-дерматовенерологқа 65 жасар науқас сол жақ сирағының балтыр терісінің өзгеруіне шағымданып қаралды. Ауырғанына 2 ай болған. Сирағының терісіндегі жарақаттың орнында іріңдіктер шығып, содан кейін қызарып, ісініп кеткен, беті ылғалданып, қабық қатып, ошақтың шетінде сыдырылған эпидермистен жиек пайда болған. Зақым ошағы шеттері ирек-ирек, көкшіл – қызыл түсті, сіңбеленген. Қабықты алып тастаған соң ошақ беті ылғалды, жалқықты сұйықтық бөлетін ұсақ эрозиялар. Клиникалық диагноз қойыңыз:
нағыз экзема
аллергиялық дерматит
себореялық дерматит
тілме
микробтық экзема