
Қызыл жазық теміреткі
77. Қызыл жазық темiреткi түйiншегiнiң бетiндегi Уикхем торы байланысты :
а) акантозбен
б) бiркелкi емес гранулезбен
в) спонгиоз
г) паракератозбен
д) вакуольді дегенерация
78. Қызыл жазық темiреткiнi салыстыру керек :
а) қызыл жегiмен
б)склеродермиямен
в) псориазбен
г) бiрiншiлiк мерезбен
д) экземамен
79. Қызыл жазық темiреткiге тән гистологиялық белгi:
а) паракератоз
б) гранулез
в) акантоз
г) папилломатоз
д) спонгиоз
80. Қызыл жазық темiреткi түйiншегiнiң бетiндегi Уикхем торы байланысты :
а) бiркелкi емес гранулезбен
б) папилломатозбен
в) паракератозбен
г) акантозбен
д) гиперкератозбен
81. Қызыл жазық темiреткiнiң клиникалық белгiлерi :
а) күлдiреуiктер
б) түйiншектер
в) түйін
г) Биет жағасы
д) дақтар
82. 27 жасар адам кеудесiнiң, аяқ-қолының алдыңғы бетiне қышитын бөртпелердiң шыққандығына шағымданады.Қарағанда аталған жерлерде көпбұрышты, қызыл-көкшiл түстi,кiндiк сияқты ойығы бар түйiншектер көрiнедi.Сiздiң болжамды дтагнозыңыз ?
а)псориаз
б) екiншiлiк мерез
в) қызыл жазық темiреткi
г) жұқпалы моллюск
д) сүйелдер
Көпіршікті дерматоздар
83. Көп түрлң жалқықты эритеманың ұзақтығы:
а) 4-10 күн
б) 1-2 апта
в) 3-4 апта
г) 2-5 аптв
д) 2- 6 ай
84. Келесі клиникалық белгілер қай дерматозға тән: ауру қайталамалы, маусымға байланысты дамиды; аяқ-қолдың сыртқы бетінде орналасады; айқын жалқықты компоненттен байқалатын бөртпелердің полиморфизмі: дақтар, түйіншектер, көпіршіктер, бөртпенің сипаты; ортасы тоқыраулы – көкшіл, жиегі ашық-қызғылт; бөртпелердің көбінің ортасы түсіңкі:
а) қызғылт теміреткі.
б) қабыршақты теміреткі
в) түрлі-түсті теміреткі
г) қызыл жазық теміреткі
д) көп түрлі жалқықты эритема
85. Бөртпе полиморфизммен сипатталады; көпіршіктер, көкшіл түсті, ортасы түсіңкі дақтар,; орналасуы: қол басы терісінде; жиі көктеммен күзде байқалады, басталауы жедел: қалтырау, дене қызуының көтерілуі, қатаралды белгілер. Диагноз туралы ойыңыз:
а) нағыз пемфигус
б) Дюринг дерматозы
в) көпіршікті токсидермия
г) микробты экзема
д) көп түрлі жалқықты эритема
86. Дәрігер –дерматовенерологқа 22 жасар науқас келді. Тоңғаннан кейін екі қолынының сыртқы бетінде эритематозды және түйіншекті, жиегі қызғылт – қызыл ортасы көкшіл-күлгін түсті сәл түсіңкі бөртпелер пайда болды: Сіздің диагнозыңыз:
а) токсико-аллергиялық дерматит
б) ошақты нейродермит
в) екіншілік мерез
г) көп түрлі жалқықты эритема
д) қызғылт теміреткі
87. Пемфигус диагнозын анықтауға қажетті белгілерді анықта:
жасырын қабыршақтану белгісі
зонд түсіп кету белгісі
«алма қойыртпағы» белгісі
Кебнер белгісі
Никольский белгісі
88. Ауруханаға 45 жастағы әйел ауыз қуысындағы тамақ ішкенде ауыратын бөртпелеріне шағымданып келді. Ауырғанына 1 ай болған. Тексергенде ауыз қуысының шырышты қабатында беті тегіс, шеттері жұлынған көптеген ашық-қызыл түсті көлемді эрозиялар көрінеді. Сіздің болжамалы диагнозыңыз:
біріншілік мерез
кәдімгі пемфигус
Дюрингтің ұшық тәрізді дерматиті
ауыз қуысындағы кандидоз
афтозды стоматит
89. Ауруханаға 65 ж. әйел бүкіл денесіндегі ашу, қышу,дене қызуының 380 –қа дейін көтерілуі, әлсіздікпен қабат жүретін бөртпелік элементтерге шағымданып түсті. Объективті: қызарған және ісінген теріде бос көпіршіктер, үлкен эрозиялар, қабаттасқан қабыршықтар. Никольский белгісі оң. Науқастың әр қимылы эпидермистің жыртылауына, үлкен ет- қызыл түстес сулы эрозиялардың пайда болуына әкеп соғады. Бұл клиникалық көрініс қай ауруға тән?
кәдімгі пемфигус
Дюрингтың ұшық тәрізді дерматиті
жапырақ тәрізді пемфигус
Сенир – Ашер пемфигусы
буллезді эпидермолиз
90. Кортикостероидтар бар және цитостатиктермен бірге тағайындау қай ауруда ұтымды:
а) пемфигус
б) пемфигоид
в) Дюринг дерматиті
г) тыртықпен аяқталатын пемфигоид
д) жүкті әйелдер ұшығында
91. Пемфигустың белсенді фазасында кортикостероидтар тағайындалады:
а) төменгі мөлшерде (20-30 мг)
б) соққы дозада (80 мг және жоғары)
в) орта мөлшерде (50-70 мг)
г) пульс терапия дозасы
д) ұстап тұрушы дозасы
92. Пемфигус диагностикасында гистологиялық және иммуноморфологиялық зерттеуден басқа:
а) көпіршік сұйықтығында эозинофильдердің болуы
б) Тцанк жасушаларының болуы
в) оң Ядоссон сынамасы
г) Т-лимфоциттердің төменгі деңгейі
д) қатты қышу сезімі
93. Тері аурулар клиникасына 58 жасар науқас эритематозды фонда орналасқан солғын қақпағы бар көпіршіктерге және ашық қызыл түсті эрозияларға шағымдалды. Эрозиялардың шетінде сыдырылған эпидермистің қалдықтары. Зақымдалу ошағының беті жұқа, сарғыш түсті, қырған кезде жеңіл алынатын қабықпен жабылған. Бөртпенің негізгі бөлігі симметриялы түрде бетте, мұрында орналасқан, ал кейбір бөртпелер кеудеде және арқада байқалады. Субъективті сезім жоқ. Ауырғанына 3 ай. Емделмеген. Берілген клиникалық көрініс қай ауруға тән:
а) дюринг дерматозы
б) себореялық дерматит
в) себореялық пемфигус
г) қызыл жегі
д) қарапайым безеу
ЖЖЖА
94. 22 жасар науқас дәрігерге уретрасындағы жағымсыз сезімге, еріндерінің жабысуына, болымсыз шырышты іріңді бөліндіге шағымданып қаралды. Жағындыда мұрттылар классына жататын қарапайымдылар анықталды. Диагноз қой:
соз
хламидиоз
гарднереллез
кандидоз
трихомоноз
95. Қандай аурудың қоздырғышы патогендік микроорганизімдерді жұтып қоюға бейім:
а) хламидиоздық
б) трихомоноздық
в) создық
г) кандидоздық
д) гарднереллездің
96. Хламидиалық жұқпа жаң туған нәрестеге көбінесе қашан жұғады?
а) туу жолдарына өткенде
б) өмірінің алғашқы 1-3 күнінде
в) өмірінің алғашқы 3- аптасында
г) жүктілік алғашқы 3 айында
д) жүктіліктің алғашқы 4-ші айынан бастап
97. Урогенитальдық хламидиозда әйелдердің қандай мүшелері патологиялық процеспен жиі қамтылады:
а) қынап
б) тік ішек
в) уретра, жатыр мойны өзегінен
г) жатыр қосымшалары
д) бартолин бездері
98. Дәрігер дерматовенерологқа 20 жастағы әйел жыныс мүшесіндегі қышу сезіміне, аздаған кілегейлі-іріңді бөліндіге зәр шығарғанда болымсыз кесу сезіміне шағымданып қаралды. Тексергенде: жатыр мойны ісінген, қызарған. Романовски- Гимзе тәсілімен боялған препаратты микроскоппен зертегенде, қызғылт түсті цитоплазматикалық қосындылар табылған. Сіздің диагнозыңыз:
а) создық эндоцервицит
б) трихомонадтық эндоцервицит
в) хламидиялық эндоцервицит
г) стафилококтық эндоцервицит
д) гарднереллез
99. Гарднереллезде инкубациялық кезең шамамен тең?
а) 1-5 күнге
б) 1 айға
в) 14 күнге
г) 7-10 күнге
д) 20 күнге
100. Нативтік препараттарда жалпақ эпителиалдық жасушалардың үстіне орналасқан бұрыш сепкен сияқты, болып көрінетін, басқаша айтқанда «кілттік» микроорганизмдер анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
а) соз
б) мерез
в) трихомоноз
г) хламидиоз
д) гарднереллез
101. Гонококк зақымдайды:
а) көп қабатты жалпақ эпителиді
б) цилиндрлік ээпителиді
в) текше эпителиді
г) призма тәрізді эпителиді
д) мүйізденуші эпителиді
102. Жаңа соз диагнозын қою үшін аурудың ұзақтығы аспау керек:
а) 2- жылдан
б) 2- айдан
в) 7 күннен
г) 3-4 аптадан
д) 6 айдан
103. Создын инкубациялық кезеңінің орташа ұзақтығы:
а) 3-5 күн
б) 3 апта
в) 1 ай
г) 1,5 ай
д) 2 ай
104. 30 жасар ер адам, бір апта бойы ауырған: көп мөлшерде іріңді бөлінді пайда болған. Диагноз қойып, ем тағайындаңыз:
а) мерез-антибиотик, висмут дәрісімен және спецификалық емес ем
б) гарднереллез-висмут, йод дәрі –дәрмегі және жергілікті ем
в) хламидиоз-иммундық ем, жергілікті ем, соңынан антибиотик
г) жаңа соз-сезімталдығын анықтап, антибиотик қолдану
д) созылмалы соз-белсенді жергілікті еммен бірге антибиотик
105. 20 жасар Т-деген әйелді, әйелдер кеңесі бөлімінен тексеруге жіберген, өйткені оның жұбайы ОТВД-де жаңа созбен емделуде. Бөгде адаммен жыныстық қатынаста болмаған. Тексергенде: қынаптың шырышты қабаты және жатырдың мойны қызарған, қынаптың артқы ылдиындакөп мөлшерде іріңді бөлінді. Сіздің болжамалы диагнозыңыз:
а) жаңа жедел соз
б) жаңа торпидті соз
в) гонококк тасымалдаушы
г) созылмалы соз
д) клиникалық белгісі жоқ соз
106. Трихомонозда бактериоскопиялық диагностика жасау үшін әйелдерден жағынды алу керек:
а) қынап және уретра
б) уретра және тік ішек
в) уретра және тік ішек, жатыр
г) вестибулярлық бездер,жатыр мойны өзегі, уретра, парауретралдық жолдар, тік ішек
д) парауретралдық жолдар, вестибулярлық бездер
107. Создың қоздырғышына тән белгі:
а) грам оң диплококк
б) грам теріс диплококк
в) микобактерия
г) коринебактерия
д) стрептококк
108. Еркектерде создың топикалық диагнозын анықтауға пайдаланылады:
а) микроскопиялық зерттеу
б) дақылдық зерттеу
в) Борде – Жангу реакциясы
г) иммунофлюоресценттік зерттеу
д) зәрді екі ыдыстық сынамамен тексеру
109. Науқас адамды шат аралықтың ауыруы мазалайды, әсіресе үлкен дәретке отырғанда. Жиі түзге отырғысы келеді. Бұл белгілер создың қандай асқынуына тән:
а) эпидимитке
б) простатитке
в) парауретритке
г) литтреитке
д) купперитке
110. Төменде көрсетілген клиникалық – лабораториялық белгілерге сүйеніп қандай диагноз қоюға болады: таңертең уретрадан шамалы шырышты – іріңдік ағады, уретраның ернеулері сәл қызарған, ауырғанына 3 ай болған, арнайы бояғанда жағындыда жасушалардың ішінде және сыртында орналасқан, қызыл түсті жұп кокктар табылған.
а) жаңа жеделдеу соз
б) созылмалы соз
в) жаңа баяу соз
г) бактериалдық уретрит
д) хламидиялық уретрит
Мерез
111. 37 жасар ер адам дәрігерге артқы тесік аймағындағы жағымсыз сезімге шағымданады, алғаш бұл сезімді 2 апта бұрын байқаған. Өз бетімен марганец ертіндісімен емдеген, нәтиже болмаған. Тексергенде: артқы тесік аймағында ылғалды, ақжемделген гипертрофиялық, вегетациялық түйіншектер бар. Сонымен қатар науқастың алақан – табандарында түйіншектер, басының шашы селдіреп түсіріп қалған. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
а) перианальдық папилломатоз
б) геморрой
в) үшкір кондиломатоз
г) екіншілік жаңа мерез
д) екіншілік рецидивті мерез
112. Желкесінің, самайының, қастарының терісінде 10-15 тиынның көлеміндей, дөңгелек, бір-бірімен қосылмаған, шаштары селдіреген және түгел түсіп қалған, біркелкі орналасқан ошақтар анықталған. Шаш түскен жердің терісі тегіс, қабыршақтанбаған, қабынбаған, сынған шаштар жоқ, ешқандай сезім тудырмайды. Ошақтар «күйе жеген» теріні еске түсіреді. Қандай ауру туралы ойлауға болады:
а) микроспория
б) трихофития
в) екіншілік рецидивті мерез.
г) ошақты таз
д) себореялық экзема
113. Мерездің қай кезеңінде Герксшеймер-Яриш-Лукашевич реакциясы айқындалады:
а) серонегативті
б) екіншілік жаңа
в) туа біткен мерез
г) үшіншілік
д) серопозитивті
114. Анасында екіншілік рецидивті мерез диагнозын қойылған. Емшек еметін 9 айлық баланы тексергенде төменгі еріннің қызыл жиегінде 0,5х0,5 см дөңгелек пішінді, негізгі тығыз, ауру сезімі жоқ, қабықпен жабылған. Жақ асты лимфатүйінті 2,5 х 3,0см, ауру сезімінсіз, тығыз-эластикалы, жан-жағындағы тіндермен байланыспаған. RW 4+. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?
а) біріншілік мерез
б) саңыраулық импетиго
в) тері туберкулезі
г) стрептококты импетиго
д) ерте жасырын мерез
115. Науқаста аортаның өрлемелі бөлігінің аневризмасын анықтағанда ең алдымен қай ауруға тексеру қажет:
а) ревматизм
б) жүйелі қызыл жегі
в) үшіншілік мерез
г) жүректің созылмалы ауруы
д) бруцеллез
116. Оң жақ үлкен жыныс ерні күрт ұлғайған, түсі көкшіл түсті, басқан кезде із қалмайтын шағымдармен науқас әйел гинеколог қабылдауында болды. Қанын тексергенде КСР оң, лимфа түйіндері екі жақта да 2,0х1,5 см қозғалмалы ауру сезімінсіз. Анамнезінде ретсіз өмір сүреді. Сіздің болжамалы диагнозыңыз:
а) ерте жасырын мерез
б) біріншіліксеропозитивті мерез
в) үшіншілік белсенді мерез
г) екіншілік жаңа мерез
д) екіншілік рецидивті мерез
117. Үшіншілік мерезге тән серологиялық реакциалар:
а) РВ, РИФ- оң, ал РИБТ - теріс
б) РВ, РИФ, РИБТ- теріс
в) РВ, РИФ, РИБТ- оң
г) РИБТ, РИФ- оң, ал РВ – кейде оң немесе теріс
д) РВ, РИБТ - оң, ал РИФ - теріс
118. Төмпешікті сифилидке тән клиникалық белгіні ата:
а) Биет жағасы түріндегі қабыршақтану
б) мозайка тәрізді тыртық
в) диаскопияда "алма қойыртпағы белгісі"
г) кір-қоңыр түсті тығыз қабық, қою қызыл түсті ісіңкі жиекпен қоршалған
д) Кебнер белгісі
119. 38 жастағы әйелдің бетінде көкшіл қызыл түсті диаметрі 0,8 см, консистенциясы тығыз төмпешіктер пайда болды. Зақымдалу ошағы оң жақ бетін толық алып тұр, ауырғанына 3 ай Вассерман 4+( титр 1:5), БТИР 87%. Қандай ауру туралы ойлайсыз:
а) туберкулездік жегі
б) екіншілік рецидивті мерез
в) екіншілік жаңа мерез
г) үшіншілік белсенді мерез
д) кеш туа біткен мерез
120. Гуммозды жараға тән клиникалық белгі:
кіріңкі көкшіл-сұр түсті қабықпен жабылған, ашық-қызыл сіңбемен қоршалған жара
жара конус тәрізді кір-қоңыр түсті жиегі көкшіл-қызыл түсті түйіншекті жиекпен қоршалған қалың қабықпен жабылған
анық шектелген, пішіні дұрыс, консистенциясы тығыз, кратер тәрізді жара, жараның түбі некротикалық тінмен жабылған
жиегі жұмсақ, біркелкі емес, түбінде әлсіз грануляциясы бар жара
анық шектелген, шикі еттің түсіндей, беті жылтыр, негізінде тығыз сіңбесі бар, дөңгелек пішінді жара
121. Урологқа науқас жыныс мүшесінің басының ашылмайтынына шағымданды. Тексергенде: жыныс мүшесінің басы ашылмайды, терісінің түсі өзгермеген Консистенциясы тығыз, ауур сезімі жоқ. Жеңіл массаж кезінде бөлінуі жоқ. Шап лимфа түйіне 1,5х1,0см, тығыз эластикалық, ауру сезімінсіз, жан-жағындағы тіндермен байланыспаған RW 4+7 Болжамалы диагноз,
а) екіншілік жаңа мерез
б) біріншілік серопозитивті мерез
в) біріншілік серонегативті мерез
г) кеш туа біткен мерез
д) екіншілік рецидивті мерез
122. 24 жасар әйел лор-дәрігерге бадамша безіндегі жараға шағымданды. Тексергенде: сол жақ бадамша безінде ауру сезімінсіз, іші тығыздалған дөңгелек пішінді көлемі 0,8х0,8 жара анықталды. Жақ асты лимфа түйіндері 11,0х03 см? ауру сезімінсіз, консистенциясы тығыз-эластикалық. ВР 4+. Болжамалы диагнозыңыз?
а) екіншілік жаңа мерез
б) біріншілік сероопзитивті мерез
в) біріншілік серонегативті мерез
г) кеш туа біткен мерез
д) екіншілік рецидивті мерез
123. Үшіншілік мерездік емдеу әдісі:
а) пенициллин курстық дозасы 22 400 мыңбірлік
б) висмут –пенициллин емін тағайындау (4 курс)
в) спецификалық емес ем (дәрумен, пирогенал, биогенді стимуляторлар)
г) пенициллин курстық дозасы 44 800 мың бірлік
д) тетрациклин тобының антибиотиктерің тағайындау
124. Дәрігер – дерматовенерологқа 23 жастағы науқас Л. бір апта бұрын пайда болған жыныс мүшесінің басындағы жарақатқа шағымданған. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Тексергенде: жыныс мүшесінің басында шекарасы айқын, шеттері тегіс, көлемі 0,5 см, дөңгелек эрозия байқалған. Эрозияның түбі табақша тәрізді, түсі шикі еттің түсіндей, жылтыр, аздаған жалқықты бөліндісі бар. Пальпация кезінде түбінде тығыз сіңбе анықталды. Субьективті сезімдері жоқ. Сол жағында шаптағы лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін үлкейген, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғалмалы, ауырмайды. Серологиялық реакциялары теріс. Диагноз туралы сіздің ойыңыз:
мерездің біріншілік серонегативті кезеңі, типтік қатты шанкр
мерездің біріншілік серонегативті кезеңі, индуративтік ісік
мерездің біріншілік серонегативті кезеңі, гангреноздық қатты шанкр
жұмсақ шанкр
шанкр тәрізді пиодермия
125. Мерезді емдеу үшін қолданылатын арнайы препараттарды көрсет:
а) пирогенал
б) антибиотиктер
в) декамевит
г) метилуроцил
д) метотрексат
126 Вассерман реакциясы мерезді жұқтырғанынан кейін оң нәтижені қандай минималды мерзімде көрсетеді?
а) 1 апта
б) 3 апта в) 6 апта
г) 3 ай
д) 6 месяцев
127. Мерезде инкубациялық кезең орта есеппен: а) 20-40 күн
б) 3-5 күн
в) 3 ай
г) 1 день
д) 1-2 апта
128. Қатты шанкрдың атипиялық түрі:
а) индуративті ісік
б) жалпақ кондилома
в) эктима
г) фликтена д) баланит
129. Бозғылт трепонемаға тән:
а) спиральді форма
б) грамм оң коктар
в) РНК-вирус
г) грамм теріс кокк
д) қарапайымдылар классы
130. Мерезде иммунитеттің қай түрі байқалады?
а) жүре келе
б) стерильді емес
в) жасушалық
г) жергілікті
д) туа біткен
131. Мерездің инкубациялық кезеңінің ұзаруына әсер етеді?
а) стресс
б) антибиотиктер қолдану
в) тағам дұрыс қабылдамау
г) спазмалитиктер қолдану
д) алкоголизм, наркомания
132. Бозғылт трепонеманы микроскопияда анықтау үшін не істеу қажет?
а) Грамм әдісімен бояу
б) Морозка әдісімен күмістеу
в) Романовскому-Гимзе әдісімен бояу
г) Цилль-Нильсен әдісі бойынша бояу
д) қараңғы аймақта қарау
133. Біріншілік мерезге тән клиникалық белгі:
а) қатты шанкр
б) розеолезды сифилид
в) полиаденит
г) жалпы интоксикация
д) түйіншекті сифилид
134. Қатты шанкрдың атитпты түріне жатады:
а) шанкр уретит
б) жұмсақ шанкр
в) индуративті ісік
г) ботриомикома
д) жалпақ кандиломалар
135. Қатты шанкрдың асқынуларына жатады:
а) шанкр амигдалит
б) күбіртке шанкр
в) индуративті ісік
г) ауру сезімінен естен тану
д) фагаденизм
136. Регионарлы лифаденитке тән белгілер:
а) консистенциясы тығыз эластикалы
б) қамыр тәрізді
в) ауыратын
г) көлемі тауық жұмыртқасындай
д) тығыз консистенциялы
137. 22 жасар науқастың жыныс мүшесінің кертік басында түбі тығыздалған эрозивті дефект бар, эрозияның шеті анық шектелген, пішіні сопақ, ауру сезімінсіз. Шап лимфа түйіндері үлкейген. Жыныстық қатынас 1 ай бұрын. Вассерман реакциясы теріс. Болжамалы диагноз қою үшін қандай диагностика жүргізу қажет:
а) уретраскопия
б) акантолитикалық клеткаларға жағынды
в) лимфа түйіндерінің пунктаты
г) туберкулиндік сынама
д) бозғылт трепонеманы тін сұйықтығынан анықтау
138. Мерездің екіншілік кезеңіне тән:
а) интоксикация айқын белгілері
б) субъективті белгісі бар
в) жедел қабыну белгісі жоқ
г) ағзалардың және тіндердің деструкциясымен жүретін ағымы қатерлі
д) ішкі ағзалардың айқын зақымдалатын белгілері
139. Екіншілік жаңа мерезде бөртпе:
а) көп, ұсақ
б) ауыратын
в) асимметриялы
г) топтасуға бейім
д) ассиметриялы
140. Мерездік лейкодермаға тән ерекшеліктер:
а) аурудың 2 айда пайда болады
б) қол-аяқтың бетінде орналасуы
в) жалғыз дөңгелек гиперпигментация ошағы
г) субъективті белгілері жоқ
д) қосылуға және шетке қарай өсуге бейім әртүрлі пішін мен көлемдегі депигментацияланған дақтар
141. Мерездік лейкодерманың түрлері:
а) дақты
б) түйіншекті
в) көтеріңкі
г) қабыршықты
д) мәрмәр
142. Мерездік алопецияны келесі аурулардан ажыратады:
а) жұқтырған соң 2 жылдан кейін пайда болуы
б) шаштың біртіндеп түсуі, «күйе жеген» теріні» ұқсатады
в) зақам ошағындағы тері қабынған, қабыршақты
г) бірер таз ошақтары бар
д) шашы түгел түсіп қалған
143. Мерездік алопецияның түрлерін көрсет:
а) ірі ошақты
б) диффузды
в) атрофиялық
г) тоталды
д) ұяшықты
144. Мерездің үшіншілік кезеңіне тән емес:
а) бөртпенің ошақты орналасуы
б) ағза және тіндердің деструкциясы
в) мерездік емнің тиімділігі
г) 25-30% серологиялық реакция теріс нәтиже көрсетеді
д) жұғымталдығы жоғары
145. Төмпешікті сфилидке тән:
а) жайылған бөртпе
б) мозаикалы тыртық
в) келоидты тыртық
г) тыртықта бөртпенің пайда болуы
д) із-түзсіз жазылады
146. Төмпешікті сифилидтердің түрлері:
а) кезбе
б) жайылмалы
в) табақша тәрізді
г) фолликулярлы
д) көтеріңкі
147. Үшіншілік мерезде ауыз қуысының шырышты қабатының ауыр зақымдалуы болып табылады:
а) интерстициальды глоссит
б) жергілікті склероденит
в) қатты шанкр
г) төмпешікті сифилид
д) жұмсақ таңдайдың гуммасы
148. Мерездік мезаортиттің жиі кездесетін асқынуы:
а) миокард инфаркты
б) ауру салдарынан есеңгіреу
в) атаксиялық жүріс
г) аорта аневризмасы
д) жүректі май басу
149. Үшіншілік мерезде тілдің гуммозды зақымдануы байқалады:
а) кандидозды глоссит
б) диффузды интерстициальды глассит
в) папилломатоз
г) лейкоплакия
д) тыртықты атрофия
150. Біріншілік серопозитивтік мерездің диагнозын қойғанда, сүйенуге болмайды:
а) клиниқалық көрінісіне (біріншілік сифиломы, жергілікті лимфаденит)
б) шанкр сөлінен бозғылт трепонема табу
в) серологиялық реакциялар
г) уретрадан микрофлораға жағынды
д) шанкрдың бентінен алынған қарындыдан T.pallidum ДНК табылады
151. Мерездің екінші кезеңінде аурулармен салыстырмалы диагноз жүргізіледі:
а) генитальдық ұшық
б) псориаз
в) қызыл жазық теміреткі
г) пемфигус
д) шанкр тәрізді пиодермия
152. Папулезді сифилидтерге тән:
а) шетке қарай өсуге және қосылуға бейім
б) Ядассон белгісі
в) ортасында кіндік тәрізді басыңқы
г) Поспелов белгісі
д) жаралану
153. Сифилидологияның емдеу нұсқасында қандай ем тағайындалады?
а) хирургиялық
б) превентивті
в) ұстап тұрушы
г) рецидивке қарсы
д) спецификалық емес
154. Мерезді емдеуге қарсы дюрантты препараттар:
а) экстенциллин
б) рокситромицин
в) доксициклин
г) суммамед
д) офлоксацин
155. Біріншілік мерезде бадамша безінің зақымдалу түріне жатпайды:
а) эрозивті шанкр
б) шанкр амигдалит
в) жаралы шанкр
г) эрозивті жаралы шанрк амигдалит
д) шанкр-дифтерит
156. Ауыз қуысындағы түйіншекті сифилидке тән емесін көрсет:
а) «Оралған егінге» ұқсас табақша
б) жылтыр табақшалар
в) эрозивті түйіншекті сифилидтер
г) жаралы түйіншекті сифилид
д) Биет жағасы тәрізді түйіншектер