Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тест каз стом 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
316.93 Кб
Скачать

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ДЕРМАТОВЕНЕРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

ПОӘЖ 3 КУРС «СТОМАТОЛОГИЯ»

«Дерматовенерология» пән бойынша бақылаушы –өлшегіш құралдар

Бақылаушы –өлшегіш құралдар доц. Сагидолдина Л.К., асс. Кобелева М.И. қайта даярлады.

Дерматовенерология кафедрасының жиналысында талқыланды және бекітілді.

хаттама № 5 « 23 » қазан 2011 ж.

Каф. меңгерушісі, м.ғ.д. профессор С.М.Нурушева

Анатомия, физиология, біріншілік және екіншілік элементтер

  1. Төмендегі қызыметтердің қайсысын тері атқарады:

а) фермент түзу

б) пигмент түзу

в) қан жасушаларын түзу

г) тамақ қорыту

д) қозғалу

  1. Эпидермис қабаттарын көрсетіңіз:

а) емізікше

б) базалдық

в) торлы

г) мембранды

д) гранулялық

3. Тер бездері жоқ:

а) жыныс мүшесінің кертік басында

б) алақан мен табанда

в) жыныс мұшесінің кіші ернеуінде

г) қызыл ерінде

д) қолтық астында

4. Эпидермистің жасушалары толық жаңарады:

а) 8-10 күнде

б) 10-16 күнде

в) 20-25 күнде

г) 26-28 күнде

д) 30 күннен ары

  1. Эпидермистің қай қабатында құрамында ДНК-РНК ең көп құрылымдары орналасқан:

а) мүйізденген

б) тікенекті

в) базалдық

г) түйіршекті

д) жылтыр

  1. Мальпигий қабатын құратын эпидермис қабаттары:

а) тікенекті, мүйізденген, түйіршекті

б) базалдық, тікенекті, түйіршекті

в) мүйізденген, түйіршекті, жылтыр

г) түйіршекті, базалдық, мүйізденген

д) мүйізденген, жылтыр, базалдық

  1. Терінің жылтыр қабаты резистенттіктің біреуінің басқасының бәрін қамтамассыз етеді:

а) механикалық

б) сәулеге қарсы

в) химиялық әсерге қарсы

г) электр қуатыны қарсы

д) микробтарға қарсы

8. Терінің өткізгіштігі төмендегілердің біреуінен басқасында артады:

а) мүйізденген қабаттың мацерациясы

б) қан айналымын тездететін тітіркендіргіш заттар жағу

в) ионизациялық сәуленің әсері

г) ашығу

д) механикалық әсер

9. Апокриндік бездердің қызметі

а) жыныстық жетілу кезеңінде белсенді қызымет етеді

б) жүйке жүйесімен байланысты

в) эндркриндік жүйесімен байланысты

г) жынысына байланысты

д) жүрек-қан тамыр жүйесімен байланысты

10. Эпидермис қандай қабаттан тұрады:

а) базалдық, тікенекті, түйіршекті, жылтыр, мүйізді

б) базалдық, тікенекті, торлы, емізікті

в) жылтыр, элеидинді, мүйізді

г) түйіршекті, тікенекті, шырыш асты

д) емізікше, шырышты қабық астындағы, элейдидік

11. Эпидермистің гипертрофиясы – ол қай қабаттың қалыңдауы?

а) дәнді қабаттың

б) мүйізді қабаттың

в) базалдық қабаттың

г) бүрлі қабаттың

д) базалдық қабаттан басқасы қамтылады.

12. Эпидермистің қай қабатында Лангерганс және Меркель жасушалары орналасқан:

а) базалды

б) тікенекті

в) дәнді

г) мүйізді

д) жылтыр

13. Эпидермистің қай қабатында цитоплазматикалық өсінділер бар (аканттар):

1) базалды

2) тікенекті

3) дәнді

4) мүйізді

5) жылтыр

14. Терінің сезу қабілетін атқаратын жүйкелік түзілулерді ата:

а) Фатер – Пачини денешігі

б) Мейсснер денешігі

в) Краузе сауытшалары

г) Руффини денешігі

д) бос жүйке талшықтары

15. Терінің суық – сезімді қабылдайтын жүйкелік түзілулерді ата:

а) Фатер – Пачини денешігі

б) Мейсснер денешігі

в) Краузе сауытшалары

г) Руффини денешігі

д) бос жүйке талшықтары

16. Терінің жылыны сезуді қабылдайтын жүйке түзілулерін ата:

а) Фатер – Пачини денешігі

б) Мейсснер денешігі

в) Краузе сауытшалары

г) Руффини денешігі

д) бос жүйке талшықтары

17. Қысым мен дененің кеңістікте орналасуын қабылдайтын жүйке түзілулерді ата:

а) Мейсснер денешігі

б) Краузе сауытшалары

в) Руффини денешігі

г) Фатер – Пачини денешігі

д) бос жүйке талшықтары

18. Қышу, күйдіру, ауру сезімдерді қабылдайтын жүйке түзілулерін ата:

а) Мейсснер денешігі

б) Краузе сауытшалары

в) Фатер – Пачини денешігі

г) Руффини денешігі

д) бос жүйке талшықтары

19. Терінің қосалқы мүшелеріне жатпайды:

а) сілекей бездері

б) тер бездері

в) тырнақ

г) шаш

д) май бездері

20. Эпидермистің қай қабатында кератагианин дәндері түзіледі:

а) базалды

б) тікенекті

в) мүйізді

г) дәнді

д) жылтыр

21. Эпидермистің қай қабатында меланин дағы жиналады:

а) тікенекті

б) базалды

в) мүйізді

г) жылтыр

д) дәнді

22. Қандай біріншілік элементтің түзілу механизміне инфекциялық гранулема тән:

а) дақ

б) түйіншек

в) төмпешік

г) күлдіреуік

д) көпіршік

23. Түйіншектің түзілу механизміне:

а) гиперкератоз

б) спонгиоз

в) акантолиз

г) инфекциялық гранулема

д) вакуолды дегенерация

24. Көпіршікшенің түзілу механизмдерін ата:

а) гиперкератоз

б) акантолиз

в) спонгиоз

г) эпидермолиз

д) акантоз

25. Қуысты бөртпеге жатады:

а) түйіншек

б) күлдіреуік

в) көпіршікше

г) түйін

д) төмпешік

26. Дақ (maculo) дегеніміз не:

а) теріден купол тәрізді көтеріліп тұратын, мөлшері түйреуіш басынан бұршаққа дейін болатын, жалқықты немесе геморрагиялық сұйықтыққа толы қуысты түзіліс;

б) дерманың жедел ісіну нәтижесінде пайда болатын, сәл көтеріліп тұратын, қуыссыз, тығыз консистенциялы, қышу сезімін тудыратын түзіліс;

в) қуысты, көтеріліп тұратын, қуыс ішінде сұйықтығы бар, мөлшері дәннектен бұршаққа дейінгі және одан да үлкен түзіліс;

г) қуыссыз, инфильтративті, көтеріліп тұратын элемент, жазылғанда тыртық және атрофия қалдырмайды, табақшалар түзуі мүмкін;

д) терінің, шырышты қабықтың мөлшерлі жердегі түсінің өзгеруі, терінің релефі, консистенциясы өзгермейді;

27. Гиперкератоз бұл - қалыңдауы:

а) эпидермистің

б) базалды қабаттың

в) тікенекті қабаттың

г) дәнді қабаттың

д) мүйізді қабаттың

28. Акантолиз – бұл:

а) базалды және тікенекті қабаттың жасушаларына сұйықтық жиналып, жасушаны ыдыратып көпіршікшенің пайда болуына әкеледі;

б) тікенекті қабаттың жасушаларында сұйықтықтың жиналу нәтижесінде клеткалардың томпайып дөңгеленіп, шар немесе балон тәрізді болуы;

в) клетка аралық байланыстың еруі нәтижесінде, тікенекті қабаттың клеткалары ыдырап, араларына жалқық жиналады;

г) клетка аралық ісіну, тікенекті қабаттың каналдары кеңейіп, жалқыққа толады;

д) дерманың емізікті қабатының жедел ісіну

  1. Акандтолиз кезінде қандай біріншілік элементтің түзілу механизмі болады:

а) көпіршікше

б) көпіршік

в) күлдіреуік

г) түйіншек

д) іріңдік

30. Қандай біріншілік элементтің түзілу механизмінде дерманың емізікті қабатының жедел ісінуі тән :

а) түйіншек

б) көпіршік

в) көпіршікше

г) күлдіреуік

д) іріңдік

31. Қабыршық дегеніміз – бұл:

а) гипер- және паракератоз нәтижесінде мүйізді қабаттың қалыңдауы;

б) жалқықтың кебуі, көпіршік, эрозия және жараның бетіндегі сұйықтықтың кебуі;

в) дерманың немесе шырышты қабаттың дәнекер тіндік қабаттының ыдырауы нәтижесінде түзілетін жаңа тін;

г) дерманың емізікшелерінің ұзаруы, тікенекті қабаттың қалындауымен қатар жүреді.

д) терінің шырышты қабаттың немесе еріннің қызыл жиегінің эпидермис деңгейінде бүлінуі;

32. Қабық дегеніміз – бұл:

а) гипер- және паракератоз нәтижесінде мүйізді қабаттың қалыңдауы;

б) жалқықтың кебуі, көпіршік, эрозия және жараның бетіндегі сұйықтықтың кебуі;

в) дерманың немесе шырышты қабаттың дәнекер тіндік қабаттының ыдырауы нәтижесінде тү зілетін жаңа тін;

г) дерманың емізікшелерінің ұзаруы, тікенекті қабаттың қалыңдауымен қатар жүреді.

д) терінің, шырышты қабаттың немесе еріннің қызыл жиегінің эпидермис деңгейінде бүлінуі;

33. Вегетация дегеніміз:

а) гипер- және паракератоз нәтижесінде мүйізді қабаттың қалыңдауы;

б) жалқықтың кебуі, көпіршік, эрозия және жараның бетіндегі сұйықтықтың кебуі;

в) дерманың немесе шырышты қабаттың дәнекер тіндік қабаттының ыдырауы нәтижесінде түзілетін жаңа тін;

г) дерманың емізікшелерінің ұзаруы, тікенекті қабаттың қалыңдауымен қатар жүреді.

д) терінің, шырышты қабаттың немесе еріннің қызыл жиегінің эпидермис деңгейінде бүлінуі;

34. Эрозия дегеніміз – бұл:

а) терінің, еріннің шырышты қабатының, еріннің қызыл жиегінің дерма немесе дәнекер тін деңгейінде зақымдалуы;

б) терінің, еріннің шырышты қабатының, еріннің қызыл жиегінің эпидермис деңгейінде зақымдалуы;

в) шырышты қабықта немесе еріннің қызыл жиегінде ұзақ уақыт болған тін сіңбесінің нәтижесінде терінің созылғыш қасиетінің жоғалуы;

г) шырышты қабықтың, дерма және дәнекер тіндік қабаттың зақымдалған жерінде пайда болған жаңа тін;

д) емізікті қабаттың сіңбесі және акантоздың әсерінен терінің, қызыл еріннің өзгеруі;

35. Жара дегеніміз – бұл:

36. Жырық дегеніміз – бұл:

37. Лихенизация дегеніміз – бұл:

а) терінің, еріннің шырышты қабатының, еріннің қызыл жиегінің дерма немесе дәнекер тін деңгейінде зақымдалуы;

б) терінің, еріннің шырышты қабатының, еріннің қызыл жиегінің эпидермис немесе эпителий деңгейінде зақымдалуы;

в) шырышты қабықта немесе еріннің қызыл жиегінде ұзақ уақыт болған тін сіңбесінің нәтижесінде терінің созылғыш қасиетінің жоғалуы;

г) шырышты қабықтың, дерма және дәнекер тіндік қабаттың зақымдалған жерінде пайда болған жаңа тін;

д) емізікті қабаттың сіңбесі және акантоздың әсерінен терінің, қызыл еріннің өзгеруі;

38. Диаскопия – дегеніміз:

а) қырнау;

б) айнекпен (саусакпен) басу;

в) пальпация;

г) доғал затпен тітіркендіру;

д) зақым ошақтарын сипалау.

39. Дермографизм, ол:

а) теріні механикалық тітіркендіргенде пайда болатын тамырлық реакция;

б) суық қалақшамен теріні тітіркендіргенде тері кедір-бұдыр («қаз терісі») болып кетеді;

в) терідегі зақым ошағын сипағанда тырнау сезімі туындайды;

г) механикалық тітіркендірілген жерлердің терісінде жаңа бөртпелер пайда болады;

д) терідегі зақым ошағын сипағанда терінің тегіс емес сезімі байқалады;

40. Эпидермиста қандай жасушалар анықталмайды:

а) эпителиоциттер б) Меркеля жасушасы в) Лангерганс жасушасы г) фибробласттар д) меланоциттер

41. Науқас қолының сыртқы бетіндегі бөртпеге шағымданды. Бөртпе түйіншектер түрінде байқалады. Бөртпені қай критерилеріне байланысты сипаттайсың? Түйіншектің пайда болу механизмі негізінде қандай патогистологиялық өзгеріс жатыр?

а) гиперкератоз

б) спонгиоз

в) вакуолды дегенерация

г) баллонды дегенерация

д) акантолиз

42. Эпидермис қабатына құрамына кірмейтін тері қабатын ата:

а) тікенекті

б) дәнді

в) базалды мембрана

г) жылтыр

д) мүйізді

43.Базальды қабатты құрайды:

а) бір қатар цилиндрлік жасушалар

б) 3-8 қатар цилиндрлік клеткалар

в) бір қатар куб тәрізді жасушалар

г) эластикалық талшықтар

д) Лангерганс жасушалары

44. Акантоз сипатталады:

  1. эпидермальды жасушалардың байланысының бұзылуы

  2. мүйізді қабаттың қалыңдауы

  3. дәнді қабаттың қалыңдауы

  4. жасуша аралық ісік

  5. тікенекті қабат жасушаларының санының көбеюі

45. Тері бөртпесінің біріншілік элементіне жатпайды:

а) дақ

б) төмпешік

в) түйін

г) күлдіреуік

д) эрозия

46. Қабынулы дақтың түрін ата:

а) розеола

б) петехия

в) пурпура

г) вибицесс

д) экхимоз

47. Күлдіреуікте анықталатын гистологиялық өзгеріс:

а) дерманың емізікті қабатының шектеулі ісігі

б) спангиоз

в) гиперкератоз

г) гранулез

д) акантолиз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]