
Абдрахманова Қ.Ж., Дәркенбаева Г. Қ.
8-тақырып. Құжатты рәсімдеу. Фирма жарғысы және оны рәсімдеу.
Жұмысқа қабылдау.
Тірек сөздер: құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу, бақылау, жүйелеу, орындау, мұрағат, мұрағатқа тапсыру, түпнұсқа, көшірме, көшірме нұсқа.
Құжаттарды рәсімдеу
Құжаттармен жұмыс істеуді үйрететін ғылым: іс қағаздарын дұрыс жасау, толтыру және рәсімдеу, сондай- ақ олардың қозғалысын, есепке алуды орындауды, сақтауды ұйымдастыруды бақылайтын ғылым. Қазір бір де бір мекеме, ұйым іс жүргізусіз жұмыс істемейді. Құжатты рәсімдеу мекеменің үздіксіз жұмыс істеуіне ықпал етеді және табысқа жету жолында тиімді құрал болып саналады. Іс қағаздарын рәсімдеу үдерісі - құжаттау болып саналады. Құжаттарды рәсімдеу - басқару іс қимылдары үдерісінде құжаттармен жұмысты ұйымдастыру мәселелерін қамтитын қызмет. Ол құжаттарды жасау және рәсімдеу бойынша барлық операцияларды да , құжаттармен жұмыстың барлық кешенін де құрайды (хат алмасуды жүргізу, орындау және орындауды бақылау, құжаттарды есепке алу, оларды жүйелендіру, сақтау, пайдалану, мұрағатқа тапсыру тәртібі және т.б.). Белгіленген тәртіпте жасалған және рәсімделген құжат - ресми (басқару) құжат деп аталады. Құжат - ақпараты бар материалық объект, оны құзырлы тұлға құрастырады және өкілетті орган бекітеді. Әрбір құжаттың құрамына бірқатар элементтер (реквизиттер) кіреді: мәтін, құжат түрінің атауы, авторы, адресаты, күні, қолы және т.б. Құжаттың негізгі реквизиті болып оның мәтіні саналады. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай жай және күрделі , шығарылымына қарай түпнұсқа және көшірме болып бөлінеді. Құжатты рәсімдеуді зерделеудің негізі - құжат, сондай-ақ олармен жұмыс істеу үдерісі болып саналады.
Рәсімделетін құжаттың негізгі бір түрі - Жарғы. Жарғы - ұйымның, мекеменің, кәсіпорынның және жеке тұлғалардың қызметін, сондай-ақ олардың басқа мекемелермен, жеке тұлғалармен қарым-қатынасын реттейтін, жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, міндеттерін белгілейтін Ережелер жинағы.
Мемлекеттік стандартқа сай үлгіде жазылатын ресми құжаттың бірі - Жарғы. Қандай мекеме болмасын өзінің басты қызметін Жарғыға сәйкес жүргізеді. Жарғы мекеме, ұйым, кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында, жалпы мәжілісінде немесе Ғылыми Кеңесінде бекітіліп, қабылданады.
Жарғының деректемелері:
1.Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.
2.Мемлекеттік тіркеу белгісі.
3. Мәтіннің атауы.
4. Жарғының мәтіні.
5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.
Жарғының негізгі деректемесі – мәтін, ол санымен рет тәртібі қатаң белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Мәтінде келесі мәліметтер беріледі:
Жалпы
ережелер
Қызметінің
мақсаты мен мәні
Серіктестік
қатысушыларының құқықтары, міндеттері
және жауапкершілігі
Мүлкі,
қорлары, табысы
Басқару
және бақылау органдары
Жұмысшылардың
еңбегі, жалақысы және оларға берілетін
әлеуметтік кепілдіктер
Есепке
алу және есеп беру
Дауларды
шешу
Қызметін
тоқтату
Жарғы мәліметтерін негізге ала отырып, құжат заңды түрде рәсімделеді.
2-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Құжаттарды рәсімдеу дегеніміз не?
2. Құжаттарды рәсімдеу кешеніне нелер жатады?
3. Құжат реквизиттерін атаңыз.
4. Рәсімделген құжаттар мазмұнына қарай нешеге бөлінеді?
5. Жарғы дегеніміз не?
6. Жарғының деректемелерін ата.
3-тапсырма. Тапсырмаларды орындаңыз.
1. Құжаттарды рәсімдеудің кезеңдерін оқыңыз.
2. Құжаттарды рәсімдеудің қолдану аясын, қызметін т.б. да ерекшеліктерін есте сақтаңыз.

Мәселелерді шешу тәртібін анықтайтын нормативтік–әдістемелік құжаттардың заңдық базаларын зерттеу.






Құжаттарды рәсімдеу кезеңдері
Құжатты рәсімдеуге әзірлеуде мұның алдындағы құжаттарды, осыған ұқсас мәселелер бойынша құжаттар мен шешімдерді зерттеу болып табылады.

Бұл кезеңде нақтылы жағдаяттар бойынша деректер жиналады ( кәсіпорындар мен ұйымдардың тізілімдері, белгілі бір өнімді өндіретін кәсіпорындардың анықтамалары.).
4-тапсырма. Үлгі-сұхбатты оқыңыз. Өз фирмаңыздың құжаттарын рәсімдеуге байланысты сұхбат құрыңыз.
– Сәлеметсіз бе, кіруге бола ма?
Кіріңіз, отырыңыз.
Қандай шаруамен келдіңіз?
Біз «Дәулет Бекет» атты өзіміздің Жеке Шаруашылық Серіктестігін (ЖШС) құрмақ едік. Соның жеке Жарғысын рәсімдеуіміз керек. Біздің өтінішімізді орындауға көмектессеңіздер екен.
Сіздер өз шаруашылықтарыңыздың құжатын заңды түрде рәсімдеу үшін қандай талаптарды орындау керегін білесіздер ме? Құжатты рәсімдеу заңдылықтарымен таныс шығарсыздар?
Иә, Жарғының деректемелері бізге таныс. Сол талаптар негізінде жасалған Жарғы үлгісін ұсынып отырмыз. Олар:
1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі.
2. Мемлекеттік тіркеу белгісі.
3. Мәтіннің атауы.
4. Жарғының мәтіні.
5. Фирма атқарушы органы басшысының қолы.
– Онда Құжаттарыңызды кәсіпорынның құрылтайшылар жиналысында қарау үшін қабылдауымымызға болады.
Өтінішімізді қабыл алғандарыңызға ризашылығымызды білдіреміз.
Сіздерге де рақмет.
Сау болыңыздар!
5-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып, мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.
Құжат
Рәсімдеу
Іс жүргізу
Ресми құжат
Мұрағат
Көшірме
Түпнұсқа
Жарғы
Деректеме
Өтініш
Жалақы
Әлеуметтік кепілдік
Мүлік
Қор
6-тапсырма. Мәтінді орысшаға аударыңыз.
Жеті Жарғы
1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы Тәуке хан келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті қолбасшы, мәмілегер және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.
Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би «Жеті жарғыны» қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты әдет–ғұрып ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі заңдар жиынтығы. Онда қазақ өмірінің басты– басты мәселелері қамтылған. Олар:
1. Жер дауы.
2. Отбасындағы қарым–қатынасқа байланысты құқық ережелері.
3. Ұрлыққа, барымтаға кедергі қою, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.
4. Ел бірлігін сақтауға, Отанды қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға бағытайтын баптар.
5. Ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы жанжалдарды әділдікпен шешу туралы ережелер.
6. Құн дауы.
7. Құн мен жесір дауы.
7-тапсырма. Мәтінді қазақшаға аударыңыз.
Устав
Устав – это свод правил, с помощью которого регулируются отношения между организациями, учреждениями, предприятиями и физическими лицами, а также устанавливаются права, обязанности физических и юридических лиц.
Устав – это один из официальных документов, который пшетсяпо государственному стандарту. Любое предприятие выполнят свою работу согласно уставу. Устав принимается и утверждается на учредительном, общем собрании организации, учреждения, предприятия или же на Совете Ученых. Юридическое лицо подлежит государственной регистрации в органах Юстиции РК.

Есіңізде сақтаңыз!

Тәртіпсіз ел болмайды,
Тә ртіпке бағынған құл болмайды.
Б. Момышұлы.
Соломон
.
Тәртіп
адам баласына ауа сияқты қажет.
К.Е.Ворошилов.
Соломон
.
Халық
заңды өзінің тірегі, өзін қорғайтын
қабырға, дуал деп қарауға тиіс.
Гераклит
Соломон
.
Елді
заңсыздық жайласа, бас- басына би болар.
Соломон
Соломон
.
Заңды
сақтамайтын адамнан асқан зиянды хайуан
жоқ.
Д.
Сабонарал.
.
Біз
отбасында да, жұмыста да жақсы, қатаң
тәртіп болуын тілейміз. Тәртіп дегеніміз
- нәтиже. Біз әрбір істен нәтиже шығару
үшін күресіп жүрген адамдармыз.
А.С.Макаренко.
.
8-тапсырма. Керекті сөзді қойып сөйлемдерді көшіріп жазыңыз.
1680 жылы Қазақ хандығының басына Жәңгірдің баласы ... келді. Тәуке хан өз дәуіріндегі көрнекті ... және ұлтының бірлігі мен тұтастығын сақтауға күш салған ірі мемлекет қайраткері болған.
Тәуке ханның бастауымен Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтек би ... қабылдады. Ол қазақ халқына «Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы» атты ... ережелері негізінде жасалды. «Жеті жарғы» жеті тараудан тұратын негізгі ... жиынтығы. Онда ... басты– басты мәселелері қамтылған.
Керекті сөздер: қолбасшы, мәмілегер,Тәуке хан, «Жеті жарғыны», қазақ өмірінің, әдет–ғұрып, заңдар.
9-тапсырма. Төмендегі тірек сөздерді пайдаланып, сөйлем құрыңыз.
Құжат, іс жүргізу, рәсімдеу, есепке алу,
бақылау, жүйелеу, орындау, түпнұсқа,
көшірме, көшірме нұсқа, жарғы, дау.
10-тапсырма. Тілдік бірліктерді сәйкестендіріңіз.
Рәсімдеу устав
Құжат делопроизводство
іс жүргізу документ
есепке алу контролировать
бақылау систематизировать
жүйелеу выполнять
орындау копия
түпнұсқа оформить
көшірме подлинник, оригинал
жарғы спор
дау взять на учет
еңбек шарты удостоверение личности
жеке куәлік трудовой договор
11-тапсырма. Төмендегі сызба бойынша өзара сұхбаттасыңыз. Сұхбат жұмысқа орналасу туралы болу керек.
Басшы
Үміткер
















Амандасу
Амандасу, өзін таныстыру
Мақсатын айту
Өзін таныстыру, мақсатын сұрау
Өзі туралы мәлімет беру
Талап түрлерімен таныстыру
Мамандығы туралы айту
Қоштасу
Құжат түрлерін сұрау
Құжаттарын конкурсқа тапсыруын сұрау
Еңбек өтілі туралы сұрау
Алғыс білдіру, қоштасу
Жауап беру
Жауап беру
Тілдерді білуі туралы сұрау
Негізгі мамандығын сұрау