Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экономикалык теория лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
606.72 Кб
Скачать

Дәрістер тезисі Мазмұны

Кіріспе

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері

2-тақырып. Қоғам дамуының негізгі категориялары: қоғамдық өндіріс және экономикалық жүйе түрлері.

3-тақырып. Экономика дамуының негізгі үлгілері, меншік қатыастары мен экономикалық институттар.

4-тақырып. Қоғамдық шаруашылықтың түрлері. Тауар-ақша қатыастарының дамуы. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипаттамасы.

5-тақырып. Нарық заңдылықтарының негізгі сипаты. Сұраным мен ұсыным теориясының негіздері

6-тақырып. Өндіріс шығындары және фирма табысы

7-тақырып. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар

8-тақырып. Кәсіпкерлік іс-әрекет және жеке шаруашылық принциптерінің негізі. Кәсіпорын капиталының ауыспалы айналымы.

9-тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде 10-тақырып. Экономикалық өсу және оның түрлері.

11-тақырып. Экономикалық цикл. Жұмыссыздық пен инфляция.

12-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі фискалды және қаржы саясатын мемлекеттік реттеу.

13-тақырып. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі мемлекеттің ақша-несие саясаты.

14-тақырып. Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары

15-тақырып. Халықаралық экономикалық қатынастар және сыртқы экономикалық іс-әрекет

Кіріспе

Экономикалық теория барлық экономикалық салалардың базалық білімі болып саналады. Қазіргі заманда экономикалық өзгерістер байлансты, нарықтық экономика негіздері туралы білімдерге қажеттілік туады. Сондықтан, «Экономикалық теория негіздері» курсы оқу маңызды болып саналады.

«Экономикалық теория негіздері» курсының мақсаты мен міндеттеріне- студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтары мен эволюциясы және шектеулі ресуратар жағдайында адамның экономикалық қылығының принциптерімен себептері туралы теориялық білім беру, сондай-ақ оларда экономикалық дүниетаным мен мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда азаматтық бағытын ұстануды қалыптастыру Студенттердің білімдерін тестілік бақылау формасын тексеру, есептеу шығару, логикалық жаттығулардың және әр түрлі мәселелерді шешу, экономикалық негізгі түсініктер және категорияларға арналған тренигтар өткізу. Бұл студенттердің ойлау процессін және экономикалық теория пәніне деген қызығушылығын туғызады.

Экономикалық теория негіздерін оқитын студенттердің алған білімі мен дағдылары келесілерді қамтуы тиіс:

  • Экономикалық мәселелерді ғылыми тұрғыда зерттеу кезінде жиналған негізгі теорияық көзқарастарды меңгеру;

  • Экономикалық құбылыстардың мәнін жүйелі түсіну, әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын білу;

  • Шектеулі ресурстар жағдайында нарықтың өзін өзі реттеу механизмдерін білу;

  • Экономиканы мемлекеттік реттеу принциптерін білу;

  • Қазақстан Республикасының ұлттық мүддесі мен ғаламдану жағдайында әлеуметтік экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарын білу;

  • Ақпаратты жүйелеу және бақылай білу.

Бұл әдістемелік нұсқауды 14 тақырып 2 бөлімнен тұрады: Микроэкономика және Макроэкономика. Әдістемелік нұсқауда берілген тестілік, тапсырмалар, дискуссия тақырыптары студенттердің білімін семинарлық сабақтарда және студент пен оқытушы арасындағы өзіндік жұмыста тексеру болып саналады.

1-тақырып. Экономикалық теорияның орны мен ролі, пәні және әдіс- тәсілдері.