
№ 2 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Литохимиялық түсіру мәліметтерін өңдеу кезіндегі жүйелік және кездейсоқ қателіктерді анықтау.
Негізгі теориялық алғышарттар
Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық іздеу әдістерінің негізінде геохимиялық алаң (өріс) туралы түсініктер жатыр. Геохимиялық алаң (өріс) химиялық элементтердің сандық мөлшерімен сипатталатын геологиялық кеңістік деген түсінікті береді.
Өнеркәсіптік кенорындардың жанындағы геохимиялық алаңда кенді және қоспа элементтердің мөлшері жергілікті геохимиялық фоннан өзгеше болып келеді. Бұл жағдай пайдалы қазбаны тау-қазылымдармен және ұңғымалармен әрі қарай ашу мақсатында геохимиялық аномалияларды анықтау арқылы кенді кенорындарды іздеуге мүмкіндік береді. Кейбір геологиялық жағдайларда геохимиялық фонның тербелуімен өлшенетін әлсіз геохимиялық аномалиялар ірі өнеркәсіптік кенорындардың бар екеніне жауап беруі мүмкін.
Пайдалы қазба кенорындарын геохимиялық іздеу геохимиялық алаңдардағы, дискертті нүктелерде немесе жаппай, сынама алу немесе алмай, алдын- ала таңдалған қисық сызықты немесе сынықты маршруттар (ломанные маршруты) бойымен, түзу сызықты параллельді профильдер немесе тау-қазылымдар мен ұңғымалар бойымен химиялық элементтердің мөлшерін зерттеу арқылы жүргізіледі. Соған орай, өндірістік бақылаулардың шарттарына қарай әуелік, жерүсті, тереңдікті геохимиялық түсірулер бөлінеді. Кенді (рудалы) кенорындар литосферада орналасады, іздеу кезінде литохимиялық аномалиялар кенденумен жиі және қарапайым байланыста болуымен сипатталады. Сондықтан кенді кенорындарды іздеудің негізгі әдісіне литохимиялық түсірулер жатады.
Геохимиялық түсірулердің сапасы олардың нәтижелерінің кездейсоқ алынған профильдер және нүктелер бойынша екі рет тәуелді бақылаулар нәтижелерінің жүзеге асырылуымен анықталады. Сонымен қатар алғашқы және қайталап-бақыланған түсірулер нәтижесіндегі орташа жүйелік (Δжүйе.) және кездейсоқ (Δкезд.) қателіктер бекітілген рұқсат етілген мәннен аспауы керек.
Спектральды талдау нақты бір сынамадағы анықталатын элементтің мөлшері неше рет оның эталонды сынамалардағы мөлшерінен өзгеше келетінін салыстыру принципіне негізделген.
Осыған орай геохимиялық түсірулердің қателіктерін анықтау мөлшерінің логарифмдері үшін жүргізіледі:
Δжүйе=
(
lgCi1-
lgCi2
)=
lg
(
);
(1)
мұнда: n- сынамалар саны, Ci1, Ci2- химиялық элементтің алғашқы және қайталап-бақыланған түсіру кезіндегі мөлшері.
Осы шаманың (Δжүйе.) антилогарифмі осы мөлшердің орташа жүйелік қателігінің шамасын береді:
δ жүйе. = antlgΔжүйе., (2)
Егер δ жүйе. шамасы 0,95-тен 1,05-ке дейін болса, онда жүйелік қателік жоқ деп есептелінеді. Ал егер δ жүйе. шамасы 0,9-1,1 шектерінен шығып кетсе, онда жүйелік қателік барлық lgCi1-ден Δжүйе. шамасын алгебралық алып тастау арқылы жойылады. Осы Ci1 – дің түзетілген мәліметтері бойынша геохимиялық түсірулердің орташа кездейсоқ қателігі анықталады:
Δкезд.
=
(
lgCi1*-
lgCi2
)=
lg
(
);
(3)
Осы шаманың (Δкезд.) антилогарифмі осы мөлшердің орташа жүйелік қателігінің шамасын береді:
Δкезд.= =antlgΔкезд., (4)
Кездейсоқ қателік инструкцияға сәйкес 1,6 - дан аспауы керек. Егер ол шама 1,6 – дан асып кетсе, онда геохимиялық түсірулер қате болып саналады.