Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Автомобиль өнеркәсібі қай елдерде жақсы дамыған?

б) Автомобиль өнеркәсібі қандай өнеркәсіптердің өркендеуіне жол ашты?

в) Қазақстан автомобиль құралдарын қай елден алады?

5. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз

Автомобиль өнеркәсібін өркендетуге әсіресе, АҚШ , Англия, Германия, Франция, Италия, Жапония автомобиль монополиялары зор үлес қосты. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасында ғана 3 Американ, 7 Батыс Еуропалық автомобиль монополиясына дүниежүзілік автомобиль өндірісінің 80% үлесі келді. Осы тұсқа «Дженерал Моторс» (General Motors), «Форд Мотор» (Ford Moto) және «Крайслер» (Chrysler) компаниялары дүние жүзінде шығарылатын бүкіл автомобильдердің 90%-нан астамын қолдарына алды.

6. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Алғашқы автомобиль жарысы 1894 жылы Парижде өтті. 1904 жылы құрылған халықаралық автомобиль федерациясына 97 ел мүше болды (1992ж.). Автомобиль спорты бойынша 1925 жылдан бері әлем біріншілігі, 1935 жылдан бастап Еуропа біріншілігі өткізіліп келеді. Қазақстанда автомобиль спорты 1970 жылдан қалыптаса бастады. Елімізде алғашқы чемпионат 1978 жылы өткізілді. Құрама команданың алғашқы жаттықтырушысы Ю. Милащенко болды. Қазақстан спортшылары дүниежүзілік жарыстарға 1989 жылдан бастап қатынасты. 1992 жылы Қазақстан республикасының автомотоспорт федерациясы құрылып, Халықаралық автомобиль федерациясына мүше болып енді.

7. Қуатты, тапсырма, дәреже сөздерінің синонимдерін табыңыз.

8. Ұшу, сұйық, жеңіл сөздерінің антонимдерін табыңыз.

9. «Өнеркәсіп» сөзімен тіркескен бірнеше сөз тіркестерін жазыңыз.

10. Мына сөздердегі сәйкестікті табыңыз .

автомобиль моечный- автотіркегіш

автомобиль-снегочиститель – қар тазартқыш көлік

автогрузчик – жуғыш автомобиль

автомобиль специализированный – автомобиль өнеркәсібі

автомобильная промышленность – арнаулы автомобиль

автосцепка – автотүсіргіш

автосамосвал – автотиеуіш

11. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастырыңыздар

Доңғалықты машина, шынжыр табанды машина, ауыл шаруашылығы, жер қазу, басқа мақсаттар, сүйретпелі тіркемелер, арнайы білік, түрлі жүктер, жүктерді тасымалдау, қазіргі заман

12. Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыздар

Көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы бақылау; автомобильдің қалыпты сыртқы қалпын сақтау ; автомобильге жанар май құю , ал қозғалыс құрамының кейбір түріне қорабын санитарлық өңдеуден өткізу жұмыстары күнделікті техникалық қызметтің міндеті болып табылады. Техникалық қызмет қозғалыс құрамының жұмысынан соң және жолға шығар алдында орындалады. Автомобильдің техникалық жағдайын жолға шықпас бұрын және ауысым кезінде жүргізушінің өзі бақылайды.

13. Мәтінді оқып, терминдерді жазып алыңыздар.

Тракторлар мен автомобильдердің классификациясы

Трактор деп доңғалақты немесе шынжыр табанды өздігінен жүретін машинаны атайды. Ол ауыл шаруашылығының жол төсейтін, жер қазатын және басқа мақсаттарға арналған тіркемелі немесе аспалы машиналар мен құралдарды және сүйретпелі тіркемелерді алып жүруге арналған. Сондай –ақ аспалы және тіркемелі механизмдері күш алатын арнайы бөліктің көмегімен қозғалтқыш арқылы қозғалысқа келтіреді. Автомобиль деп рельссіз жолдарда жолаушылар мен түрлі жүктерді тасымалдауға арналған өздігінен жүретін машинаны атайды .

Қазіргі заманғы тракторлар мен автомобильдер мақсатына, жүріс бөліктерінің үлгілеріне, тұлғасына және қозғалқыштарының ерекшеліктеріне қарай жіктеледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]