
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
- •Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы.
- •11. Мына етістіктерді пайдаланып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар
- •12. Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •13. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлемдер құрастырыңыздар
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мына сөз тіркестерін, сөздерді пайдаланып лепті сөйлемдер құрастырыңыз.
- •6. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Автомобиль жолы
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Сәйкестікті табыңыздар.
- •6. Мына сөздерді,сөз тіркестерін пайдаланып, толымды
- •7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •13. Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз
- •6. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
- •13. Мәтінді оқып, терминдерді жазып алыңыздар.
- •14. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Автомобильдердің жалпы құрылысы
- •4. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •6. Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыздар.
- •7. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •8. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •10. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыздар.
- •Автомбиль трансмиссиясы Трансмиссияның қызметі мен түрлері
- •9. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
- •11. Мақал-мәтелдерден анықтауыштарды тауып, мәнін түсіндіріңіз.
- •12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •13. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.
- •15. Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.
- •16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар
- •Тракторлардың түрлері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •7. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •8. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
- •9. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
- •10. Мәтінді оқып , термин сөздерді теріп жазыңыздар
- •11. Сөйлемдерден толықтауышты тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.
- •12. Көп нүктенің орнына тиісті толықтауыштарды қойыңыз.
- •13. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •14. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •15. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
- •4. Мәтінге 5 сұрақ қойыңыздар.
- •5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •6. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •7. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар
- •8. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, мағынасын есте сақтаңыздар. Ауысым сайын техникалық қызмет көресету.
- •12. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
- •13. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2.Мына сөздердің , сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •3. Мына сөздермен , сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Тырмалар
- •Тракторлардың негізгі бөліктері
- •15. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
- •16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Картоп отырғызатын машиналар
- •10. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Көшет отырғызатын машиналар
- •11. Мына сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламаларын беріңіздер.
- •12. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Сүрлем дайындайтын машиналар
- •10. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.
- •11. «Әдіс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар Автомобильді күзгі- қысқы кезеңде пайдаланудағы маусымдық техникалық қызмет көрсету
- •13. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •14. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •8. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
- •9. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.
- •10. Құрмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •11. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар Көктемгі- жазғы кезеңде техникалық қызмет көрсету
- •13. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар
- •Қызылша жинау әдістері.
- •13. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар Автомобильдерді ерекше жағдайда пайдаланғанда техникалық қызмет көрсету
- •14. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •3. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
- •Генератор
- •5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •7. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.
- •8. Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыздар
- •9. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •10. Мәтінді оқып түсініп оқыңыздар.
- •11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.
- •Мазмұны
1. Сөздікпен жұмыс
өркендету – развивать, поднимать
дәреже - уровень
жабысқақ - липкий
сүйреткіш - буксир
жаңа тұрпат – новая форма
шағын - малый
құрал - инструмент
2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
Мамандандырылған сала, тез дамыды, кәсіпорындар көбейді, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, ауыр ракеталар, жөндеу шеберханалары, жүк көтергіштер, көмек көрсету, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары, соңғы кезеңде, зор қарқынмен, еңбек шығындарын үнемдеу, өндірістік технология, автомобиль құралдары.
3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Автомобиль өнеркәсібі
Автомобиль өнеркәсібі - өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы. 1892 ж. Генри Форд (АҚШ) өзі жүретін автомобиль жасап шығарғаннан кейін көліктің осы түрін өнеркәсіптік тәсілмен шығару Еуропа елдерінде тез дамыды. Франция, Англия, Швеция, Италия, Германия, Ресейде автомобиль жасайтын арнаулы ірі кәсіпорындар көбейді. Автомобиль өнеркәсібін өркендетуде өндірістің желілік әдісін кеңінен қолданған АҚШ алға шықты. 1900 ж. мұнда 4192 автомобиль жасалды. Францияда 1895 ж. құрылған «Рено», 1896 ж. құрылған «Пежо автомобиль» монополиялары аз уақыттың ішінде жылына екі мың автомобиль шығара алатын дәрежеге жетті. Автомобиль зауыттарында жүк және жолаушылар таситын автомобильдер, сұйық заттар (бензин, май, су, сүт т.б.) тасуға арналған автоцистерналар, автокүймелер (автофургондар), сусымалы және жабысқақ жүктерді таситын автоқотарғыштар, тіркемелер, жартылай тіркемелі сүйреткіштер, цемент, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, тез бұзылатын жүктерді таситын рефрижераторлар, т.б. шығаратын болды. Автомобиль өндірісі бензин, керосин, металл, бояуларды көп талап еткендіктен мұнай, химия, металлургия өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты. 20 ғ-дың 30-жылдары бүкіл дүние жүзінде қаулай өркендеген автомобиль өнеркәсібі дүниежүзілік соғыстар тұсында қуатты әскери қару екенін танытты. Осыған орай ракета қондырғылары, радио, радиолакация станциялары, әскери жабдықтар орнатылған машиналар, ауыр ракеталарды, артиллерия жүйелерін, мина атқыштарды, ұшақтарды, арнайы тіркемелерді алып жүретін автомобильдер көптеп шығарылды. Автомобиль өнеркәсібін жасаған жанар - жағармай мен оттегін құятын арнаулы жабдықталған машиналар, жүк көтергіштер, штаб автобустары, жөндеу шеберханалары, химия әскерлерінің, инженерлердің, санитарлардың, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары әскери бөлімшелердің майданда маневр жасауына, жауынгерлік тапсырмаларды жедел орындауына қыруар көмек көрсетті. Автомобиль зауыттары шығарған ұшақтардың энергетика, гидравлика, пневматика және басқа да жүйелерін тексеретін, ұшақтарды жетекке алатын, ұшу - қону алаңын тазартатын арнаулы машиналар әскери авиацияның қуатты қарқынмен өркендеуіне жол ашты.
2-дүние жүзілік соғыстан кейін автомобиль өнеркәсібі зор қарқынмен дамып, өнеркәсіптің арнайы мамандырылған тиімді салаларының біріне айналды. Автомобиль өндірісімен түбегейлі айналысатын ғылыми -зерттеу және жобалау институттары технологиялық процестерді үздіксіз жетілдіру, энергетикалық және отын ресурстарын, шикізат пен материалдарды, еңбек шығындарын үнемдеу арқылы халық шаруашылығының талаптарына сай жаңа тұрпатты автомобильдер шығаруды қолға алды. Өнімді жұмыс істейтін жабдықтар мен жетілдірілген өндіріс технологиясын қолданған автомобиль өнеркәсібі жанармайды үнемдейтін шағын литражды жеңіл автомобильдермен қатар жайлы автобустар өндірісін игерді. Қозғалтқыштың қуатын арттырып, отын шығынын кемітетін, жол талғамайтын, жүкті көп көтеретін автомобиль кәсіпорындары көбейді.