Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

6. Мына сөздерді,сөз тіркестерін пайдаланып, толымды

сөйлемдер құрастырыңыз.

Жол, сапар, келу, қызмет көрсету,белгі.

7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Қазақстанға алғашқы автомобильдер 1910 жылы келді. 1921 жылдан бастап автомобиль тасымалы халық шаруашылығында зор маңызға ие бола бастады. 1926 жылы автомобильдер саны 129-ға жетті. 1930 жылдардың бас кезінде Қазақ өлкелік тұтыну одағы мен астық дайындау мекемелері жүйесінде автомобиль шаруашылығы құрылды. Бұдан кейінгі жылдары жылжымалы құрамның өнімділігін арттыруды, тасымалдың өзіндік құнын кемітуді, көлік шығындарын азайтуды қамтамасыз еткен көлік жүйесін ұйымдастырудың озат нышандарын игеру ісі қолға алынды.

8. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Көп, тәуелді, ұзын, ақылы, арттыру

9. Мына сөздердің сөздерінің синонимдерін табыңыз.

Ел , басты , бастапқы , меңгеру, уақыт

10. «Жол» сөзімен бірнеше сөз тіркесін, сөйлемдер жазыңыз.

11.Диаграмманы толтырыңыз.

12. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Темір жол көлігі

Қазақстандағы алғашқы темір жол Покровская Слабода – Орал арасында 1893 жылы салынған тар табанды жол еді. 1913 жылы жалпы темір жолдың ұзындығы 2018 шақырым болды. Орта Азия және Сібір арасындағы қатынастарды жақсарту үшін Түркістан – Сібір темір жолы салынды. Түркісіб арқылы алғашқы пойыздар 1931 жылы жүре бастады.

Түркісіб темір жолы Қазақстан экономикасының дамуына зор әсер етті.

Орта Азиядан жеміс, ет, мақта Сібірге, Сібірден көмір, астық Орта Азияға тасымалданды. Әсіресе кенді Алтайдың, Жоңғар Алатауының түсті металлургиясының дамуына көп пайдасын тигізді.Түркісіб бойындағы Шымкент, Жамбыл, Алматы, Семей қалалары үлкейіп, өнеркәсіптері жедел дамыды. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігін қосатын трансреспубликалық магистраль Петропавл- Астана- Қарағанды- Мойынты- Шу- Алматы орталық Қазақстан арқылы өтеді. Көптеген пайдалы қазба кен орындарын игеру үшін темір жол тармақтары салынды.

13. Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.

  1. Қазақстанда алғашқы темір жол қашан салынды?

  2. Түркісіб арқылы алғашқы пойыздар қашан жүре бастады?

  3. Түркісіб темір жолы Қазақстан экономикасының дамуына әсер етті ме?

14. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлем құрастырыңыздар

айналдырушы моментвращающий момент

төлке, салбұрын - втулка

дөңестік - выпуклость

тұтқырлық -вязкость

жүкайналым - грузооборот

шынжыр табанды - гусеничный

жол жоңғысы - дорожная фреза

дрель, қол бұрғы - дрель

егін оратын машина - жатка

бітеуіш, тығын - заглушка

Бақылау срақтары

1. Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты болатын техникалық топтастыруға сәйкес автомобиль жолдары нешеге бөлінеді?

А. тоғызға

В. сегізге

С. жетіге

Д. алтыға

Е. Беске

2.1 категориялы автомобиль жолдарында автомобиль жылдамдығы сағатына неше километр болады?

А. 180

В. 150

С. 120

Д.100

Е. 60

3. 5 категориялы автомобиль жолдарында автомобиль жылдамдығы сағатына неше километр болады?

А. 150

В. 100

С. 60

Д. 80

Е. 50

4. Қазақстанға алғашқы автомобильдер қай жылы келді?

А. 1910

В. 1912

С. 1920

Д. 1921

Е. 1922

5. Қазақстанда қай жылы автомобиль шаруашылығы құрылды ?

А. 1921

В. 1924

С. 1923

Д. 1928

Е. 1930

6.Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді не дейміз?

А. Жалаң.

В. Жай.

С. Жайылма

Д. Толымды.

Е. Толымсыз.

7. Жақты сөйлемді табыңыз.

А. Апасына көмектесуге тура келді.

В. Будақтаған түтін.

С. Мен ешкімге жағымпаздана алмаймын.

Д. Оның ойнағысы келмейді.

Е. Салқын ауа

8. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

А. Боран.

В. Оңаша сөйлесуімнің сәті түсе қалды.

С. Төбе шашы тік тұрды.

Д. Шұбатылған шаң көрінді.

Е. Аспан ашық

9. Толымды сөйлемді табыңыз.

А. Шыққандарына үш сағаттан аса уақыт болды.

В. – Сен түс көрдің бе, жаным?

С. – Ия?

Д. – Жоқ?

Е. Күздің суық түні.

10. Атаулы сөйлемді табыңыз.

А. Мен бүгін суреттен бес алдым.

В. Қайдан?

С. Дала

Д. Сәбит ұшақпен кетті.

Е. Жиналыс басталды.

4 – сабақ

Автомобиль өнеркәсібі

Бастауыш

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]