Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

1. Сөздікпен жұмыс

Қозғалыс – движение

Жиілік – частота

Топтастыру – классификация

Қызмет көрсету – сфера обслуживания

Табиғи ресурстар – природные ресурсы

Кешен – комплекс

Көпірлер – мосты

Халықаралық бағыттар – международные маршруты

Өткел – переезд, переправа

2. Сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Автомобиль жолы , автомобиль қозғалысы, қызмет көрсету ғимараттары,

жол белгілері, экономикалық орталықтар, жол қоры, шаруашылық түрлері.

3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Автомобиль жолы

Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты болатын техникалық топтастыруға сәйкес автомобиль жолдары 5 категорияға бөлінеді. 1 категориялы автомобиль жолдарында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, 5 категориялы автомобиль жолдарында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолдары бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары болады. Біздің елімізде автомобиль жолдарының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыстық, жергілікті шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірімен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93% - ына асфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57% - ына асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер жол өткелдері бар. Олардың 90% - темір – құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақылы мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. Қазақстанның басты даңғыл жолдары: Алматы – Астана – Қостанай, Алматы – Петропавл, Алматы – Талдықорған, Алматы – Шымкент, Қызылорда – Ақтөбе – Орал автомобиль жолдары. Өзбекстан мен Түрікменстан арқылы Иранның, Түркияның, Пәкстанның теңіз порттарына шығатын халықаралық бағыттардағы автомобиль жолдарын дамыту жоспарлары қабылданған.

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Автомобиль жолдары неше категорияға бөлінеді?

б) Елімізде автомобиль жолдарынның ұзындығын білесіз бе?

в) Қазақстанның басты даңғыл жолдарын атаңыз.

г) Көліктің қай түрін ұнатасыз?

д) Қазақстанның автомобиль жолдары туралы өзіңіздің ойыңызды айтыңыз.

ж ) Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолымен жүріп көрдіңіз бе?

5. Сәйкестікті табыңыздар.

автомобильные дороги өнеркәсіптік автомобиль жолдары

промышленные автомобильные жоғары жылдамдықты

дороги

кольцевые автомобильные

дороги айналмалы автомобиль жолдары

для скоростного движения автомобиль жолдары

дороги платные қара жолдар

дороги грунтные ақылы жолдар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]