Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Автомобильдер пайдалану қызметіне қарай нешеге бөлінеді?

б) Арнаулы автомобильдер қандай жұмыс атқарады?

в) Көлік автомобильдерінің қандай түрлерін білесіз?

г) Жеңіл автомобильдердің қандай түрлерін білесіз?

д) Сізге жеңіл автомобильдердің қай түрі ұнайды?

5. Мына сөз тіркестерін, сөздерді пайдаланып лепті сөйлемдер құрастырыңыз.

Көлік автомобильдері, автобус, жеңіл өндірістік жұмыстар, жүріс жылдамдығына , жол, сапар

6. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Әскери әуе күштерінде бензин тасығыш, автоцистерна, автостартер, қар күрегіш, автокран, сыпырғыш машина, прожекторлы және өрт сөндіру машиналары, компрессорлы машиналар және т. б. автомобильдер пайдаланылады. Әскери автомобильдердің бұлардан басқа штабтық санитарлық, авторефрижаторлар, экскаваторлар, орқазғыш сияқты 200-ден аса түрі бар. Қазіргі автомобильдерге орнатылатын қозғалтқыштардың негізгі түрі - іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш. Электр автомобильдері аккумулятор батареясымен жұмыс істейтін қозғалтқышпен жабдықталады. Мұндай автомобильдер қалада жеңіл және шағын көлемде жүк тасуға қолданылады. Жағатын жанармайының түріне қарай автомобильдер карбюраторлы, газ балонды, газ генераторлы және дизельді болып бөлінеді.

7. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Жеңіл, ірі, жоғары, ашық, үлкен.

8. Мына сөздердің синонимдерін табыңыз.

Жарыс, кісі, тұрмыс.

9. «Жұмыс» деген сөзбен бірнеше сөз тіркесін жазып, сөйлем құраңыз.

10. Диаграмманы толтырыңыз

11. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

1. арнаулы, пайдалану, жарыс, қызметіне, автомобильдер, қарай, көлік, және, болып, бөлінеді, автомобильдері.

2. негізгісі, соның, көлік, ішіндегі ,- автомобильдері.

3 адам,олар ,және ,арналған, жүк, тасуға

4. мейлінше, күнгі , бүгінгі, жүк , көлемдері ,таситын, кейбір, автомобильдің, үлкен.

12. «Автомобильдің түрлері» тақырыбында хабарлама дайын- даңыздар.

13. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлем құрастырыңыздар

бағыттаушы білеу - направляющий брус

бағыттаушы жүгірткі - направляющий бегунок

бығыттаушы негіз - направляющая база

басқару иінтірегі - рычаг управления

бастапқы иілім - начальный прогиб

басты ығысу - главный сдвиг

батырылған ағынша - затопленная струя

бәсеңдеткіш, амортизатор - амортизатор

бейнелеу жазықтығы - изображающая плоскость

бекіту сынасы - крепежный клин

беріліс,беру,жіберу - передача

беріліс білігі - передаточный вал

Бақылау сұрақтары

1. Лепті сөйлемді табыңыз.

А. Бармағанда қайтем

В. Бақ кетпесін басыңнан

С. Сен әнші едің ау, ә

Д. Ой, байғұс бала- ай

Е. Жаңбыр жауды

2. Автобус кісі отыратын орындығының санына қарай нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. үшке

С. төртке

Д. беске

Е. алтыға

3. Адамның көңіл- күйін білдіретін сөйлемді қандай сөйлем дейді?

А. толымды

В. жақсыз

С. сұраулы

Д. лепті

Е. жайылма

4. Автобустар жүріс жылдамдығына және атқаратын қызметіне байланысты нешеге бөлінеді?

А. екіге

В. беске

С. үшке

Д. төртке

Е. жетіге

5. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрін көрсетіңіз.

А. Жақты сөйлем

В. Толымды сөйлем

С. Сұраулы сөйлем

Д. Жайылма сөйлем

Е. Құрмалас сөйлем

6. Лепті сөйлемді табыңыз.

А. Пай- пай, мына аттың жорғасын-ай.

В. Білім- адамның қанаты.

С. Кімдер таратып, насихаттайды.

Д. Қарлығаш, не сонда, жалғыз жатпақ па иесіз үйде

Е. Айналайын, жастық уақытты босқа өткізбе

7. Автомобильдер қозғалтқышының литражы мен салмағына қарай нешеге бөлінеді?

А. алтыға

В. сегізге

С. жетіге

Д. төртке

Е. беске

8. Жүк автомобильдері көтеретін жүгінің салмағына қарай нешеге бөлінеді?

А. алтыға

В. беске

С. төртке

Д. үшке

Е. екіге

9. Көп нүктенің орнына қажеттті сөзді қойыңыз. Бүгінгі күнгі кейбір жүк таситын автомобильдердің .........мейлінше үлкен.

А. ауырлығы

В. көлемдері

С. жеңілдігі

Д. салмақтары

Е. Қораптары

10 « Гребной винт» сөз тіркесінің баламасын көрсетіңіз.

А. ауыспалы винт

В. ескек винт

С. иінді винт

Д. қосымша винт

Е. әмбебап винт

3 – сабақ

Автомобиль жолы.

Атаулы, жақты, жақсыз сөйлемдер. Толымды, толымсыз сөйлемдер

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]