Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

9. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.

Жұмыс кезінде қозғалтқыштың айналыс жылдамдығы өзгеріп отырады да, ал онымен жалғасқан генератордың да айналыс жылдамдығы өзгереді. Олай болса, оның беретін электр энергиясының да көрсеткіштері өзгереді. Сондықтан да генератордан шыққан энергияның көрсеткіштерін тұрақтандыру керек. Осы қызметті атқару үшін электр жүйесінде реттеуіш құралдар қолданылады.

Электр қуатын пайдаланатын құралдарға алуан түрлі электр қозғалтқыштар, электр шамдары және бақылағыш жабдықтар жатады. Осылардың ішіндегі электр энергиясын ең көп пайдаланатын, негізгі двигательді от алдыруға арналған электр қозғалтқышы. Бұл электр қозғалтқышын стартер деп атайды.

10. Мәтінді оқып түсініп оқыңыздар.

Автомобиль жолсыз жерлерде жұмыс істегенде ауысым сайын жүру жүйесінің және қорғаныш құрылғыларының қаншалықты зақымдалғанын , сондай - ақ мотор картеріндегі төгу тығынының, алдыңғы және артқы белдіктің, жақтаудағы редукторлардың, жетекші доңғалақтың беріктігін тексереді. Табылған ақауларды жөндейді

Саздақ жерлерде майлау және салқындату жүйелерінің сыртқы бетін ластан тазартып тексереді. Орманда жұмыс істегенде автомобильді ағаштың кесілген , шабылған ұсақ бөлшектерінен тазартады

Су кедергілерінен немесе саздақ аймақтардан өткен соң қуат берілісі мен жүру жүйелерінің агрегаттарында судың қаншалықты екенін тексереді, ал тұнбада су болса , майды ауыстырады

11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.

1. кездеседі, алуан, қызметтеріне, конструктивті, өлшемдеріне және материалдарына қарай, пішіндеріне , түрлері, біліктердің

2. жасаудың ,өте,машина, салалары, мол.

3. саладағы, ерекшеліктері ,әр, өзіндік ,болады, технологияның

4. өлшемдеріне, серпімді, байланысты, оның, біліктің, қатаңдылығы, геометриялық

12. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құрыңыздар.

ілесуші күш - следящая сила

ілініспе тіс - зацепляющий зуб

ілінісу күштері - сила сцепления

ілінісу қадамының ауытқуы - отклонение шага зацепления

іргелі зерттеу - фундаментальное исследование

іргелілік - фундаментальность

ірібөлікті құрылма - крупноблочная конструкция

ішектер тербелістері - колебания струны

ішкі қысым - внутреннее давление

ішкі үйкеліс - внутреннее трение

ішкі үйкеліс күші - сила внутреннего трения

іштен жанатын қозғалтқыш - двигатель внутреннего сгорания

Бақылау сұрақтары

1. Автомобильдердің электр жүйесінде неше генератор қолданылады.

А. екі

В. үш

С. төрт

Д. бес

Е. алты

2. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. «Олар ... әсерінен тез тозады»

А. қозғалыс

В. үйкеліс

С. тәсіл

Д. беріліс

Е. түзеткіш

3. Кейінгі кездерде қандай генераторлар қолданылады?

А. Тұрақты ток тудыратын

В. айнымалы ток тудыратын

С. кезекті ток тудыратын

Д. кезексіз ток тудыратын

Е. тұрақты ток тудыратын

4. Айнымалы ток генераторы неше бөліктен тұрады?

А. үш бөліктен

В. екі бөліктен

С. төрт бөліктен

Д. бес бөліктен

Е. алты бөліктен

5. «Электрическая система» сөз тіркесінің аудармасы көрсетіңіз.

А. электр жабдықтары

В. электр құралдары

С. электр жүйесі

Д. электр энергиясы

Е. электр қуаты

6. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. «Оларға ток келтіріледі де, оның айналасында . . . пайда болады»

А. магнит күші

В. магнит өрісі

С. магнит жолы

Д. магнит бағыты

Е. магнит жолағы

7. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Электр жабдықтары өзара параллель екі . . . тұрады.

А. заттан

В. нәрседен

С. жүйеден

Д. сымнан

Е. сақинадан

8. Автомобильдің барлық электр жүйесі қандай токпен жұмыс істейді?

А. айнымалы токпен

В. тұрақты токпен

С. тұрақсыз токпен

Д. айнымайтын токпен

Е. төменгі токпен

9. Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А. Өлең жазуға ыңғайландым, бірақ шабытым келмеді.

В. Жазира жұмысқа орналасты, себебі өзіне ұнаушы еді.

С. Әйгерім әнін үзгенше, Абай қозғалмады.

Д. Ұстаздық етсең, болашақтан тірек табасың.

Е. Атаман төмен еңкейіп, қолын суға малды да, бір қызыл сағанды мұз бетіне лақтырып тастады

10. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. «Жұмыс кезінде қозғалтқыштың айналыс . . . өзгеріп отырады».

А. бағыты

В. жылдамдығы

С. жүрісі

Д. қозғалысы

Е. жүйесі

Пайдаланған әдебиеттер

1. Алшынбаев М., Әлиев Б. Ауыл шаруашылығы машиналары. – Алматы: Қайнар., 1979

2. Жолдасбеков Ө., Ахметов А. Машина жасау терминдерінің орысша - қазақша сөздігі. – Алматы: Өнер., 1997

3. Тілемісов Х., Рамазанов Е. Ауыл шаруашылығы сөздігі. – Алматы: Қайнар., 1997

4. Мұртазин Б. Жол шаруашылығы терминдерінің түсіндірме сөздігі. – Алматы: Ана тілі., 1992

5. Сапаров С. Машина пайдалануды техникалық қамтамасыз ету. – Астана, 2003

6. Қазақ мақал – мәтелдері. – Алматы: Қазақстан., 1990

7. Қазақстан энциклопедиясы. – Алматы: Қазақстан., 2001, 1 - ші том

8. Қазақша – орысша, орысша – қазақша терминологиялық сөздік. Механика және машинатану. – Алматы: Рауан., 2000

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]