Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

1. Сөздікпен жұмыс

Белдік – вал, полоса,

Беріліс - передача

Әсері – влияние, эфект

Тозу – изнашиваться

Тұрақты - постоянный

Айнымалы ток генераторы – генератор переменного тока

Магнит күші – магнитная сила

Өткізгіш – проводник, провод

Түзету – коррекция, поправка

Электр жүйесі – электрическая система

Электр жабдықтары – электрические оборудования

Муфта – муфта, жалғастырушы

Тегершік , елгезер, шығыр, шкив – шкив

Түзеткіш - выпрямитель

2. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

Қажетті, қолданылу, тұрақты, айнымалы, үнемі, арнаулы, бөлу, қозғалыс, күшті, тарайды, пайда болу, іске қосу

3. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.

Қажетті қуат, қамтамасыз ету, тозатын бөлшектер, жұмыс кезі,тазалап отыру қажет, айнымалы ток генераторы қолданылады, негізгі екі бөлік, магнит күші пайда болады,ток беріледі, сыртттан ток келтіріледі

4. Мәтінді түсініп оқыңыздар.

Генератор

Автомобильдің қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған кезде оның электрлік жабдықтарын қажетті қуатпен генератор қамтамасыз етеді. Ол негізгі двигательдерден алынатын механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машина. Ол үшін генератордың іске қосатын шкиві двигательдің иінді білігіне белдікті берілісі арқылы жалғасады.

Автомобильдердің электр жүйесінде екі түрлі генератор қолданылуы мүмкін: тұрақты ток және айнымалы ток тудыратын генераторлар. Тұрақты ток тудыратын генераторлардың тозатын бөлшектері көп болады. Себебі, ондағы пайда болған токты сақиналы коллектормен жанасып тұратын шеткалар қозғалмайды. Сөйтіп, олар үйкеліс әсерінен тез тозады. Оның үстіне оларды үнемі тазалап отыру қажет. Осындай кемшіліктерінің әсерінен кейінгі кездерде айнымалы ток генераторлары қолданылады. Мұндай генераторлардан алынған айнымалы ток арнаулы түзеткіштің күшімен тұрақты тоққа айналдырылып, электр жүйесіне тарайды.

Айнымалы ток генераторы негізгі екі бөліктен тұрады: айнымалы қозғалысқа келетін ротор және қозғалмайтын статор. Статорда магниттілігі күшті темірден жасалған бөліктерге өткізгіш сым оралған және олар өзара үш топқа біріктірілген. Роторда да магнитті өзекше сым оралып, олар да өзара біріктірілген. Осы ротордағы сым орамдары “қоздыру” орамдары деп аталады. Оларға сырттан ток келтіріледі де, оның айналасында магнит күші пайда болады. Осындай генераторды контактілі генератор деп атайды, өйткені сол ротордағы қоздыру орамына шетка мен айналатын сақина арқылы ток беріледі.

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Генератор қызметі неге негізделген?

2. Автомобильдердің электр жүйесінде неше генератор қолданылуы мүмкін?

3. Тұрақты ток тудыратын генератордың қызметі туралы айтыңыздар.

4. Айнымалы ток генераторының қызметі жайлы айтыңыздар.

6. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздерді, сөз тіркестерін жазыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

8. Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыздар

Автомобильдерді техникалық пайдаланудың практикалық қызмет аймағына автомобиль паркін ақаусыз ұстап тұруды қамтамасыз ететін техникалық, әлеуметтік, экономикалық және ұйымдастыру шараларының кешені кіреді. Автомобильдерді тиімді техникалық пайдалануды инженерлік -техникалық қызметкерлер қамтамасыз етеді.

Нақты автомобильдің маркілері мен модельдеріне техникалық қызмет көрсетудің әр түрінің: жуу, тазалау бақылау, диагностика жасау , реттеу, майлау, май құю , бекіту және автомобильдердің барлық құрама бөліктерін бөлшектеу- жинақтау жұмыстарының операциялар тізімі мен майлау кестесі немесе картасы болуы тиіс. Тізімге отын мен технологиялық сұйықты құю кірмейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]