Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

8. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Картофелеуборочная машина, картофелехранилище, картофельная совка, растение однолетнее, растение озимое, растение травянистое, растение яровое.

9. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Қысқа, жеңіл, кейін, азайту, ылғалды.

10. Құрмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.

Фитофтороз – картоп ауруы. Ауру белгілері алғаш жапырақ ұштарында қоңырқай дақтар ретінде байқалады. Кеселдің дамуына жағдай қолайлы болса, картоп жапырақтары тез қурап кетеді. Фитофтороз картоптың түйнектерін де залалдайды. Онда ішке қарай тереңдей беретін қоңырқай дақтар пайда болады да, түйнектер сақтау кезінде толығымен немесе жартылай шіриді. Ауру қатты шарпыған жағдайда өсімдікте фотосинтез процесінің екпінділігі төмендейді, осының салдарынан картоптың түсімділігі кемиді. (Г.К.)

11. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар Көктемгі- жазғы кезеңде техникалық қызмет көрсету

Көктемгі - жазғы маусым алдында автомобильдің жылу ұстайтын қаптарын алып тастайды . Моторды майлау жүйесінің радиаторын жұмысқа қосады. Салқындатқыш жүйесінен дара жылытқышты ажыратады. Реле реттегіштің реттеуіш винтін ‘Ж’(жаз) қалпына қояды. Ауа райы қатаң континенталды аудандарда аккумулятор батареяларындағы электролит тығыздығын жазғы нормаға жеткізеді. Қажет болса мотордың салқындатқыш жүйесін де тұнбадан тазартады .

12. Құрмалас сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.

1. Көп балалы үйдің шаң- щұңы көп болушы еді, бұл үйде бір бала қыңқ еткен жоқ. 2. Абай кейінірек білді, Салтанаттың бұл үшін еткен еңбегі көп екен (М.Әуезов). 3. Көп адам қасында келеді, бірақ жалғыз келе жатқандай сезінеді( Ғ. Мүсірепов).4. Кісі отырарлық жері бар деймісің, басқа үйлердің біріне барайықшы( М. Әуезов). 5. Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді(Ғ. Мұстафин). 6. Бұлар танысып болғанша, алақандай Қарағанды хабарланып та болды. (Ғ. Мұстафин). 7. Мұның айтарын өзі біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ. Мүсірепов )

13. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар

1. жұмыстарды, мүмкін, осы, жеке-жеке, машиналар, бірден, немесе, бірнешеуін, атқаруы

2. машиналарды, қолдануға, картоп, жинау, байланысты, сол, өзгереді технологиясы, да.

3. фазды, картопты, бір,фазды, жинайды, немесе, екі ,әдіспен

4. түйнектерінің, картоп, өзін ,тәсілдері, жинаудың ,бар, бірнеше

14. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

ұйтқу - возмущение

ұйтқыту әдісі - метод возмущений

ұйтқытушы күш - возмущающая сила

ұқсастық - подобие

ұқсастық әдісі - метод подобия

ұлғаю дәрежесі - степень расширения

ұлғаю жұмысы - работа расширения

ұсақ ілініс - мелкое зацепление

ұстамайтын байланыс - удерживающая связь

ұстын, колонна - колонна

ұшталу бұрышы - угол заострения

ұшу қашықтығы - дальность полета

ұшып өту уақыты - время пролета

Бақылау сұрақтары

1. «Картофелесажалка» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А. картоп өсіру

В. картоп тиеуіш

С. картоп отырғызғыш

Д. картоп қазғыш

Е. картоп жинауыш

2. Картоп жинайтын машиналардың неше түрі бар?

А. үш

В. төрт

С. бес

Д. алты

Е. жеті

3. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А. Олар су ішіп, шөлдерін қандырды.

В. Марат қалай ойлайды?

С. Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады.

Д. Таңертең ерте тұрып, дене шынықтыру жасаймын.

Е. Бәріміз қуанып қалдық

4. Қандай әдіспен сабағы онша дамымаған картопты жинайды?

А. бір фазды

В. екі фазды

С. үш фазды

Д. төрт фазды

Е. бес фазды

5. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. Бұдан кейін ғана картоп түйнектерін қазып алып, оны басқа . . . тазартады.

А. собықтардан

В. жапырақтардан

С. қоспалардан

Д. қосындылардан

Е. сабақтардан

6. «Картофелекопатель» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А. картоп өсіру

В. картоп тиеуіш

С. картоп сорттаушы

Д. картоп қазғыш

Е. картоп жинауыш

7. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз.

«Картоп түйнектерінің жинаудың . . . тәсілі бар»

А. бес

В. төрт

С. екі

Д. үш

Е. бірнеше

8. «Картофелепогрузчик» сөзінің аудармасын көрсетіңіз

А. картоп жинауыш

В. картоп тиеуіш

С. картоп сорттаушы

Д. картоп қазғыш

Е. картоп өсіру

9. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді?

А. Қайтсе? Не еткенде?

В. Не себепті? Неліктен?

С. Не мақсатпен?

Д. Қашан? Қашанға дейін?

Е. Қалай? Қалайша

10. Мақсат бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем қандай сұрақтарға жауап береді?

А. Қалай? Қалайша

В. Қашан? Қашанға дейін?

С. Не мақсатпен?

Д. Не себепті? Неліктен?

Е. Қайтсе? Не еткенде?

14 – сабақ

Қимыл- сын, мезгіл, себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер.

Қызылша жинау әдістері.

  1. Сөздікпен жұмыс

Тамыр – корень

Тазарту – чистить

Қазу - копать

Қант қызылшасы - сахарная свекла

Жұлу –вырвать,срывать

2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.

Тамыр, қант, топырақ, жеміс, гүлдеу, қызылша егісі, қант қызылшасы, қызылша жинау

3. Мына сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Свекловодство, свеклокопатель, свекломойка, свеклоочиститель, свеклогрузчик, свеклорезка, свеклоуборочный комбайн.

4. Мына сөздерді, сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Өнім, мал азықтық қызылша, өзіндік құн, өсіру, жапырақ, жақсы сақталады, мерзімінен бұрын гүлдейді, көпжылдық шөптер, ылғал сүйгіш дақыл

5. Мәтінді түсініп оқыңыздар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]