Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

10. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.

Бастау, биік, төменгі, алды, ілгері, үлкен, азайту.

11. «Әдіс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.

12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар Автомобильді күзгі- қысқы кезеңде пайдаланудағы маусымдық техникалық қызмет көрсету

Күзгі - қысқы кезеңде көрсетілген маусымдық техникалық қызметте автомобильдің салқындатқыш жүйесіне (төменгі температурада) суықта қатпайтын сұйықтық құяды. Дара жылытқышты жұмысқа қосып, жылу ұстайтын қаппен жабады. Майлау кестесіне сәйкес қыста қыстық, ал жазда жаздық май сортына ауыстырады. Мотордың майлау жүйесіндегі радиаторды ажыратады. Реле реттегіштің реттеуі маусымдық бұрмасын ‘Қ’( қыс) қалпына қояды. Қыста 40 C – қа дейін суық болатын , ауа райы қатаң континенталды аудандарда аккумулятордағы электролит тығыздығын қысқы нормаға жеткізеді. Мотордың от алуын жеңілдететін құралдардың жұмысқа жарамдылығын тексереді.Байқалған ақауларды жөндейді.

13. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Жанармай беру жүйесі, сұйық отын, жану камерасы, жанармай қоспалары, жекелеген приборлар, тұндырма сүзгі арқылы, айдағыш помпы, жанармай насосы, қажетті мөлшер

14. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.

өзара байланыс - взаимосвязь

өзара әсер күші - сила взаимодействия

өздігінен тежелу - самоторможение

өзіндік салмақ - собственный вес

өлшем бірлігі - единица измерения

өлшемдік сан - размерное число

өңдеу дәлдігі - точность обработки

өрілген серіппе - витая пружина

өріс - поле

өспелі тербелістер - нарастающие колебания

өсімше - приращение

өту қимасы - проходное сечение

өтімділік - проницаемость

өшпелі жылжымалылық - затухающая ползучесть

Бақылау сұрақтары

1. Тазаланған собықтарды қайда бастырып, дән алады?

А. арнаулы заттарда

В. арнаулы молотилкаларда

С. арнаулы шөміштерде

Д. арнаулы ыдыста

Е. арнаулы шұңқырда

2. Жүгеріні дән үшін жинаған кезде комбайнға не орнатылды?

А. арнаулы жүгері жинайтын қондырғы

В. арнаулы жүгері жинайтын зат

С. арнаулы жүгері жинайтын нәрсе

Д. арнаулы жүгері жинайтын шөміш

Е. арнаулы жүгері жинайтын молотилка

3. Биіктігі 4 м және диаметрі 40 мм сабақтары бар дақылдарды қандай комбайндармен жинайды?

А. жүгері комбайнымен

В. астық комбайнымен

С. сүрлем комбайнымен

Д. күнбағыс комбайнымен

Е. картоп комбайнымен

4. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. « Комбайн жүгері .... сүрлемге турайды»

А. дәндерін

В. орамдарын

С. сабақтарын

Д. жапырақтарын

Е. гүлдерін

5. Қалбағай қозғалысты қайдан алады?

А. жүріс дөңгелегінен

В. тұрыс дөңгелегінен

С. бірінші дөңгелектен

Д. екінші дөңгелектен

Е. үшінші дөңгелектен

6. Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңыз. « Комбайндар ... бөліп, дәнге бастырып бірден тазалап шығарады».

А. собықты

В. сабақты

С. дәнді

Д. жапырақты

Е. гүлді

7. Өсімдікті қоректендіру үшін тыңайтқышты қолданудың неше түрлі тәсілі бар?

А. бір

В. екі

С. үш

Д. төрт

Е. бес

8. Өсімдікті дер кезінде қоректендіру үшін тыңайтыштар қай кезде шашылады?

А. тұқымның алдында

В. тұқымнан кейін

С. тұқымнан соң

Д. тұқыммен бірге

Е. тұқымнан бөлек

9. Сүрлем комбайндары қандай қызмет атқарады?

А. Жиналатын дақылдардың сабақтарын орайды, турайды

В. Жиналатын дақылдардың сабақтарын жуады

С. қозғалысқа келтіреді

Д. Тазалайды

Е.Ешқандай қызмет атқармайды.

10. «Техника безопасности» сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

А. қауіпсіздік техникасы

В. қауіпті техникасы

С. қалыпты техника

Д. қалыпсыз техникасы

Е. қажетті техника

13 - сабақ

Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Шартты, мақсат, қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдер

Картоп жинау әдістері.

1. Сөздікпен жұмыс

Ағынды – быстротечный, проточный

Құрама – сборный

Қоспа –примесь, смесь, сплав

Картоп қазғыш – картофелекопатель

Қолдану – применять

Сабақ – ботва, стебель

Ағын – поток

Картофельная совка- катоп көбелегі

Тұнба – осадок, настойка

Десте – связка, стопка

Дестелегіш - жатка

Дестелеу- складывать стопками, кучковать

2. Мына сөздер мен сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

Арнаулы, картоп түйнектерін қазып алу, картоп жинау технологиясы, қолмен жинау, сабақ жинайтын машиналар, көлікке тиеу, қоспалардан тазарту.

3. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Арқылы, түр, топырақ, жұмыс кезі, жер беті, картоп түйнектері, картоп егу.

4. Мәтінді түсініп оқыңыздар

Картоп жинау әдістері

Картоп жинау технологиясы негізінен мынадай болады: картоп сабақтарын үзу, картоп түйнектерін қазып алу, оларды қоспалардан тазартып, көлікке тиеу және түйнек шамасы бойынша сорттау. Осы жұмыстарды машиналар жеке-жеке немесе бірнешеуін бірден атқаруы мүмкін. Сол машиналарды қолдануға байланысты картоп жинау технологиясы да өзгереді.

Картопты бір фазды немесе екі фазды әдіспен жинайды. Бір фазды әдісте картопты сабағымен бірге қазып алады, содан кейін түйнектерді топырақтан және сабақтардан тазартады. Бұл әдіс бойынша сабағы онша дамымаған картопты жинайды. Ал сабағы ірі картопты жинау үшін екі фазды әдіс қолданылады. Бұл кезде түйнекті қазып алу алдында арнаулы сабақ жинайтын машинамен сабақты жинап алады. Бұдан кейін ғана картоп түйнектерін қазып алып, оны басқа қоспалардан тазартады. Бұл жұмысты картоп қазатын машиналармен немесе картоп жинайтын комбайндармен атқарады.

Картоп түйнектерін жинаудың бірнеше тәсілдері бар. Олар: ағынды әдіс, бөліктеп жинау әдісі және құрамалы әдістер. Ағынды әдіспен жинау картоп комбайндарымен жүргізіледі. Комбайн картоп жинау технолгиясына қатысты жұмыстардың бәрін (сорттау жұмыстарынан басқасын) бір өзі атқарады. Ал сорттау жұмыстары арнайы пункттерде жүргізіледі. Бөлектеп жинау әдісі кезінде жұмыс картоп қазғыш немесе картоп қазып дестеге салғыш машиналармен жүргізіледі. Дестеге салынған картоп түйнектері 3 - 4 сағат жатып дегдігеннен кейін жинап алынады. Картоп қазғыштармен қазылған картоптарды комбайндармен жинайды. Оны картоп жинаудың құрамалы әдісі деп атайды

5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

а) Картоп жинаудың қандай технологиясын білесіз?

б) Картоп жинайтын машиналардың қандай түрін білесіз ?

в) Қазақстанда картоп қай облыстарда өсіріледі?

6. Мәтіннің мазмұнын айту үшін жоспар құрыңыз.

7. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.

8. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Картоп жинайтын машиналарды негізінен мынадай түрлерге бөледі: сабақ жинағыш машиналар, картоп қазғыш машиналар, картоп қазып дестеге салғыш машиналар, картоп жинайтын комбайндар және картоп сорттағыш машиналар.

Картоп қазғыш машиналарды жұмыс технологиясына қарай екі түрге бөледі. Олардың біріншісі картопты қазып жер бетіне шашып тастайды, соңынан оны қолмен жинайды. Машинаның екінші түрі картопты қазып, 4-6 қатарын дестелеп бір жерге үйеді, соңынан ол дестелерді картоп комбайндарымен жиыстырады. Картоп қазғыш машиналар көлемі шағын ғана картоп егісін жинауға арналған.

9. Мына сөздерден сәйкестікті табыңыз.

Картофелеводство – картоп жинайтын комбайн

Картофелекопатель – картоп өсіру

Картофелепогрузчик – картоп жинаушы

Картофелеподборщик – картоп тиеуіш

Картофелесажалка – картоп сорттаушы

Картофелесортировка – картоп отырғызғыш

Картофелеуборочный комбайн – картоп қазғыш

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]