Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

1. Сөздікпен жұмыс

тырма – борона , грабли

ылғал – влажность

арамшөп –сорняки

құрылысы - структура

өңдеу - обработка

өткір – острый, резкий

серпілмелі - упругий, пружинистый

дөңестік – выпуклость

сопақтық – овальность

көлденең - поперечный

жүріс бөлшегі – ходовая часть

сүйреткіш тырма – шлейф борона

бұрандалы білік, иірлік , шнек – шнек

піспек, қаумен (техн.) – поршень

кіндік , білік (техн.) - ось

2.Мына сөздердің , сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.

Тиімді, сопақ тістер, өңдеу тереңдігі, төрт қырлы, серіппелі тістер, тырма түрлері, дөңгелек тістер, торлы тырмалар, жер бетін тегістеу, топырақтарды қопсыту, үлкен кедергі.

3. Мына сөздермен , сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Жер беті, өсімдік, арамшөп, топырақ, орташа тырма, тыңайтқыш, күздік егіс, көпжылдық шөптер, тістердің құрылысы, тиімді болу, жерді өңдеу

4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Тырмалар

Тырмалар жыртылған жердегі кесек шымдарды ұсақтауға және жер бетін қопсытуға арналады. Сол сияқты тырмалармен айдалған жердің бетін қопсытып, ондағы ылғалды сақтайды. Жаңа өніп келе жатқан арамшөптерді құртады, егістікті қураған өсімдік қалдықтарынан тазартады.

Тырмаланған жер мынадай талаптарға сай болуы тиіс: а) топырақ ұсақ түйіршіктеліп , 3-4 см тереңдікке дейін қопсытылады ; б) кесек топырақтар 3 см шамасынан аспайтындай дәрежеде ұсақталады; в) топырақ бетіндегі қабыршықтар мен арам шөптер жойылады; г) жырту кезінде пайда болған жалдар тегістеледі; д) күздік дақылдар мен көп жылдық шөптерді тырмалаған кезде мәдени өсімдіктердің зақымдануы 5 пайыздан аспайды;

Тырмалар тісті, серіппелі және дискалы болып , ал салмағына байланысты жеңіл, орташа және ауыр тырмалар болып бөлінеді . Егер бір тіске түсетін салмақ 1 кгк дейін болса, жеңіл, 1-2 кгк болса – орташа , 1-2 кгк шамасынан көп болса – ауыр тырмаларға жатады.

Тісті тырмалардағы әр тіс өзінше із қалдырады және әрбір іздің ара қашықтығы бірдей болады: тістер құрылысы жағынан үш түрлі болады: көлденең қимасы дөңгелек, төрт қырлы және сопайтылған. Дөңгелек тістер топыраққа дөңес жанымен жанасады да, оларды мыжып, кесектерді бір бірімен үйкелеп араластырады. Сондықтан мұндай тісті тырмаларды бұрыннан пайдаланып жүрген жерлерді өңдеуге және тыңайтқышпен топырақты араластыру үшін қолданады. Төрт қырлы тістер жүріс бағытына бір қырмен бағытталғанда ғана тиімді болады. Олардың ұшы көлбеу кесілген де бір шеті өткірленген. Егер өткір ұшты қыры алға қараса, өңдеу тереңдігі артады, артқа қараса азаяды. Сопақ тістер пышақ қызметін атқарады және олар шымды топырақтарды тілгілеп ұсатады. Серіппелі тістер торлы тырмаларда қолданылады. Олармен күздік егісті, көпжылдық шөптерді тырмалайды. Тістердің құрылыстары да тырма түрлеріне қарай әртүрлі болады.

5. Сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Тырмалар не үшін қажет?

б) Тырмаланған жер қандай талаптарға сай болуы тиіс?

в) Тырмалардың қандай түрлерін білесіз?

д) Тісті тырмалар қандай қызмет атқарады?

6. Мәтінді әңгімелеу үшін қажетті сөздер мен сөз тіркестерін жазыңдар

7. Мәтіннен пысықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

8. Мына сөздердің антонимдерін жазыңыздар

Жаңа, ұсақ, жеңіл, жақын

9. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.

Серіппелі тырма БП-12 топырақты 6-8 см тереңдікте қопсытуға, арамшөптерді жоюға және себер алдында топырақты өңдеуге арналған. Бұл тырманың тісті тырмалардан айырмашылығы тістері иілген серіппе тәрізді етіп жасалған. Ондай тістер топыраққа жақсы кіреді. Үлкен кедергі кездескенде тіс иіледі, сынбай өтіп кетеді

10. Мына сөздерді, сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Колесо направляющее, силосопогрузчик, силосорезка, техника безопасности, шлейф борона, шнек, шланг, вал ведомый, вал отбора мощности, давление гусениц, давление колеса машин, культиватор навесной, культиватор прицепной, ось.

11. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін табыңыз.

Олар жиналған дақылдардың сабақтарын орайды, турайды және ұсақтайды. Пішенді ұсақтап турайды, кептіреді. Шөп жинау технологиясының кемшіліктері де, жетістіктері де бар.

12. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер

Төрт бөлікке бөлу, бірқатар механизмдер, жанармайдың химиялық энергиясы, айналшақты - шатунды механизмнің күші, механикалық энергияға ұшырау, қондырғылар тобы, сигнализация беретін жүйелер

13. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]