- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
- •Автомобиль көлігінің қызметтік маңызы.
- •11. Мына етістіктерді пайдаланып, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар
- •12. Шашылған сөздермен сөйлемдер құрастырыңыздар.
- •13. Мамандыққа байланысты терминдерді есте сақтаңыздар, сөйлемдер құрастырыңыздар
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •3. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мына сөз тіркестерін, сөздерді пайдаланып лепті сөйлемдер құрастырыңыз.
- •6. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз Автомобиль жолы
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Сәйкестікті табыңыздар.
- •6. Мына сөздерді,сөз тіркестерін пайдаланып, толымды
- •7. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз.
- •13. Мәтін бойынша сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
- •4. Мына сұрақтарға жауап беріңіз.
- •5. Мына сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыз
- •6. Мына сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
- •13. Мәтінді оқып, терминдерді жазып алыңыздар.
- •14. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Автомобильдердің жалпы құрылысы
- •4. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •6. Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыздар.
- •7. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •8. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •10. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыздар.
- •Автомбиль трансмиссиясы Трансмиссияның қызметі мен түрлері
- •9. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.
- •11. Мақал-мәтелдерден анықтауыштарды тауып, мәнін түсіндіріңіз.
- •12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •13. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.
- •15. Мәтінге сұрақтар қойыңыздар.
- •16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар
- •Тракторлардың түрлері
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •7. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •8. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлемдер құраңыз.
- •9. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыздар.
- •10. Мәтінді оқып , термин сөздерді теріп жазыңыздар
- •11. Сөйлемдерден толықтауышты тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.
- •12. Көп нүктенің орнына тиісті толықтауыштарды қойыңыз.
- •13. Берілген сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •14. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.
- •15. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •3. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар
- •4. Мәтінге 5 сұрақ қойыңыздар.
- •5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
- •6. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •7. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар
- •8. Мәтіннен термин сөздерді теріп жазып, мағынасын есте сақтаңыздар. Ауысым сайын техникалық қызмет көресету.
- •12. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.
- •13. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2.Мына сөздердің , сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •3. Мына сөздермен , сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Тырмалар
- •Тракторлардың негізгі бөліктері
- •15. Мәтінге сұрақ қойыңыздар.
- •16. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Картоп отырғызатын машиналар
- •10. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар Көшет отырғызатын машиналар
- •11. Мына сөздердің, сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламаларын беріңіздер.
- •12. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Мына сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
- •4. Мәтінді түсініп оқыңыздар. Сүрлем дайындайтын машиналар
- •10. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.
- •11. «Әдіс» сөзімен тіркесетін бірнеше сөз тіркесін жазыңыз, сөйлемдер құрастырыңыз.
- •12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар Автомобильді күзгі- қысқы кезеңде пайдаланудағы маусымдық техникалық қызмет көрсету
- •13. Мына сөз тіркестерінің орыс тіліндегі баламасын беріңіздер.
- •14. Термин сөздерді есте сақтаңыздар, сөйлем құраңыздар.
- •8. Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
- •9. Мына сөздердің антонимдерін табыңыз.
- •10. Құрмалас сөйлемдерді түрлеріне ажыратыңыз, орыс тіліне аударыңыз.
- •11. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар Көктемгі- жазғы кезеңде техникалық қызмет көрсету
- •13. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар
- •Қызылша жинау әдістері.
- •13. Мәтінді оқып, терминдерді теріп жазыңыздар Автомобильдерді ерекше жағдайда пайдаланғанда техникалық қызмет көрсету
- •14. Шашылған сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.
- •1. Сөздікпен жұмыс
- •2. Төмендегі сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.
- •3. Төмендегі сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыздар.
- •Генератор
- •5. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •7. Мәтіннің мазмұнын әңгімелеңіз.
- •8. Мәтінді оқып , орыс тіліне аударыңыздар
- •9. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.
- •10. Мәтінді оқып түсініп оқыңыздар.
- •11. Шашылған сөздерден сөйлем құрастырыңыздар.
- •Мазмұны
Тракторлардың түрлері
Ауыл шаруашылығында қолданылатын тракторлар әр түрлі көрсеткіштері бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Осы принциппен бөлініп, бір топқа жататын тракторлар түрлерінің қасиеттері де бірдей болады.
Тракторлар ең алдымен атқаратын жұмыс түріне қарай үшке бөлінеді:
а) жалпы жұмысқа арналған тракторлар;
б) универсалды- қатараралық тракторлар;
в) арнаулы тракторлар
Жалпы жұмысқа арналған тракторлар ауыл шаруашылығыдағы негізгі жұмыстарды атқарады. Бірақ, олармен өсімдіктің қатараралығындағы жұмыстарды жүргізуге болмайды. Себебі олардың табандары жалпақ және ара қашықтықтары тұрақты болады. Ал универсалды- қатараралық тракторлармен ауыл шаруашылығындағы негізгі жұмыстармен қоса өсімдіктің қатарарлығындағы жұмыстарды да атқаруға болады. Сондықтан оларды « универсалды » деп атайды. Бұл тракторлардың жүргізгіш мүшелерінің ( дөңгелектер, шынжыр табандар)табаны өсімдік қатар аралығына сиятындай жіңішке жасалынып және трактордың көлденең бағытымен өлшенгендегі екі жүргіш мүшелерінің ара қашықтығын өзгертуге болады. Арнаулы тракторлар ауыл шарушылығындағы негізгі бір жұмысты ғана атқара алады. Бұған бау- бақшадағы немесе жүзім өсірудегі, мақта өсірудегі жұмыстарды ғана істейтін тракторлар жатады. Тракторларды тарту күшіне қарай біренше топқа бөледі, бұл топ олардың класы болып табылады. Әрбір класқа бірнеше маркалы тракторлар кіреді, бірақ олардың қалыпты тарту күштері сол класта көрсетілген шамадағыдай болады. Ол кластар мыналар: 6, 9, 14, 20, 30, 40, 50, 60 кН. Тракторлардың класын істелетін жұмыстың ауырлығына байланысты таңдап алады.
Тракторлар құрылысына қарай да бірнеше топқа бөлінеді. Жүргізгіш мүшелерінің түріне қарай дөңгелекті және шынжыр табанды тракторлар болады. Ал тұлғасының құрылысына қарай рамалы, жартылай рамалы, рамасыз тракторлар деп бөлінеді.
Тракторлардың осы түріне байланысты негізгі маркасы шығарылады да, оларға тиісті өзгертулер енгізу арқылы модификациялары жасалынады. Модификацияланған тракторлардың негізгі техникалық көрсеткіштері базалық марканың көрсеткіштерінен оншалықты өзгеше емес.
5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Атқаратын жұмыс түріне қарай тракторлар нешеге бөлінеді?
2. Жалпы жұмысқа арналған тракторлар қандай жұмыс атқарады?
3.Универсалды – қатараралық трактордың қызметі жалы айтып беріңіз.
4. Арнаулы тракторлар қандай жұмыс атқарады?
5. Тракторларды тарту күшіне қарай неше топқа бөлуге болады?
6. Мәтіннің мазмұнын айтыңыздар.
7. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.
Ілінісу муфтасының негізгі қызметі трансмиссияны двигательден аз уақытқа ажыратып, қайтадан оларды қосу болып табылады. Сондай аз уақытқа ажыратқанда, автомобильдерді қозғау үшін трансмиссиядағы берілісті қосады немесе жүріп келе жатқанда ауыстырады. Осындай жұмыстарды атқаратын ілінісу муфталары жүмыс принциптеріне қарай үш түрге бөлінеді: фрикциоңдық, гидравликалық және электромагниттік.
Фрикциондық ілінісу муфтасында беріліс үйкеліс күшінің әсерімен іске асырылады, яғни двигательге жетекші диск бекітіледі де оған трансмиссия білігінде бекітілген жетектелуші диск жанасып, үйкеліседі. Араларында пайда болған үйкеліс күшінің әсерінен жетектелуші диск айналады.
