Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

9. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңыздар.

Гидромеханикалық трансмиссияның негізін гидротрансформатор құрайды. Ол сұйық майдың көмегімен иінді біліктегі қуатты турбина дөңгелектеріне жеткізіп, айналдыру моментін аздап көбейтеді. Сондықтан да онда гидротрансформатормен қоса, механикалық редуктор қолданылады. Бұл трансмиссия да берілісті сатысыз өзгерткенімен,п.ә.к. аз болады. Сондықтан да онша көп қолдану тапқан жоқ.

Сонымен, қазіргі автомобильдерде көп қолданылатын трансмиссияға механикалық трансмиссия жатады. Оның негізгі артықшылығы п.ә.к. берілетін қуат мөлшеріне тәуелді емес. Яғни, автомобиль қандай жағдайда жұмыс атқарса да, трансмиссияның п.ә.к. тұрақты болып қалады.

10. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойыңыздар.

Егер жеке түйнек салмағы 70 грамнан ….. болса, оларды ортасынан бөліп жарады. …..дискінің бетіне қысқыштары бар шөміштер бекітілген. ….. машина сатып алынды. Картоптың … түрлерін таңдау керек

Қажетті сөздер: картоп отырғызатын, жақсы, сол, ауыр.

11. Мақал-мәтелдерден анықтауыштарды тауып, мәнін түсіндіріңіз.

1. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ. 2. Еңбектің көзін тапқан, байлықтың өзін табады. 3. Байлықтың атасы – еңбек, анасы – жер. 4. Ақ көп болса, ақ нан көп. 5. Ердің атын еңбек шығарар.

12. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.

Автомобилдерге техникалық қызмет көрсеткенде, өндіріс құралдарына технологиялық процестерді ұйымдастырғанда қойылатын санитарлық ереже мен гигиена талаптарын , мемлекеттік стандарт талаптарын дұрыс орындау керек.

Автомобильдер мен тіркемелерге маусымдық техникалық қызмет көрсету кезінде байқалған сынықтарды жөндеу керек. Автомобильдерді пайдалануға бермес бұрын тексеруге бағытталған техникалық қызмет көрсету бөлімшелерінде жүргізіп байқайды.

Автомобильдер мен тіркемелерге техникалық қызмет көрсету ауыспалы агрегаттардың көмегімен жұмыс орнында жасалады. Отын және жағармай кұю операцияларын жүргізгенде автомобильдің негізгі бөлімдеріне шаң, топырақ және ылғал түспеуі керек. Жұмыстан кейін автомобильдің картерінен алынған майларды, гидравликалық жүйенің сұйықтарын , техникалық қызмет көрсету кезінде алынған басқа да мұнай өнімдерін арнайы ыдысқа жинап, есебін жүргізеді. Жұмыстан шыққан мұнай өнімдерін жерге төгуге болмайды. Күрделі немесе ағымдағы жөндеу алдында техникалық қызмет жүргізбей, диагностикаға жіберіп, оны жұмысқа пайдалануға керектігі немесе жөндеуге қойылатыны анықталады.

13. Мына сөйлемдерден анықтауыштарды тауып, түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Отырғызылған картопты көмудің екі түрі бар. Ылғалды аудандарда оны жал етіп, ал құрғақ аудандарда тегіс етіп көмеді. Соған байланысты көмгіш мүшелер де өзгереді. Жал етіп жасырған кезде тек дискіні ғана тіркейді, ал тегістеп көмген кезде дискі артына ұзын тіс тырма тіркеледі. Барлық қозғалатын бөліктер қолдан жеңіл қозғалуы тиіс (М. А).

14. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыздар.

Мотоблоктар

Жұмыс көлемі шақтаулы шаруашылықтарда қолданылатын энергиялық құралдарды атқаратын жұмыстарына және түрлеріне қарай екі топқа бөлуге болады. Оларды мотоблоктар және шағын тракторлар деп атайды. Мотоблоктар дегеніміз арнаулы қозғалтқыш қондырғысымен жабдықталған бір осьті машиналар.

МТЗ- 0.5 мотоблогы Минскінің трактор заводында шығарылады және ол мотоблоктардың ауыр түріне ( салмағы 100 кг артық) жатады. Оның жұмысшы жылдамдығының кең мөлшерде өзгере алатындығына байланысты көптеген ауыл шаруашылық жұмыстарын атқаруға болады. Қуат алу білігі арқылы, азық ұсақтағыштар сияқты тұрақты машиналарды іске қосуға болады. Жол жүретін саңылауының көптігі (300 мм) тасымалдау жұмыстарын, өсімдіктердің қатаралығын өңдеуді атқаруға мүмкіндік береді. Беріліс трансмиссиясындағы реверсивті механизм барлық берілісте трактордың алдына немесе артына жалғастырылған машиналармен жұмыс істеуге жағдай жасайды. Мотоблок қозғалытқыштан, ілінісу муфтасынан, беріліс қорабынан, басты берілістен, біріктіріп тастайтын қондырғысы бар дифференциалдан, соңғы берілістен, қуат алу білігінен және басқару жүйесінен құралған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]