Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2012 оқу құралы тех. жаңа.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
557.06 Кб
Скачать

4. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Неліктен автомобильдер құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады?

2. Кузов не үшін қажет?

3. Қозғалтқыш автомобильдің қандай бөлігі?

4. Қозғалқыштан генератордың қандай айырмашылығы бар?

5. Шасси дегеніміз не?

5. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Басқару жүйесі – көптеген механизмдерден құралады. Олардың негізгісі – машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм. Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады.

Тежеу жүйесі – автомобильдің жылдамдығын азайтып, тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтанда бұл механизм автомобильдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да , жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.

Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасуы әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады.

6. Сөйлемдердегі тұрлаулы мүшелердің астын сызыңыздар.

Трансмиссия- қозғалтқыштан келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуаттты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп өзгертіп береді. Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе керісінше. Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін. Сондай жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді. Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.

7. Берілген сөздермен, сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыздар.

1) Негізгі, энергияның, жұмыс, бір түрін, принципі, болып, айналдыру, табылады

2) Алады, сөйтіп, бетімен, мүмкіндік, жол, автомобиль, жүруге

3) Құрылысы, қатарына, машиналар, жағынан, күрделі, өте, автомобильдер, жатады

4) Тұрады, негізінен, бөліктен, үш, автомобиль

8. Мәтінді оқып, термин сөздерді теріп жазыңыздар.

Трактордың жалпы құрылысы

Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мынадай негізгі бөліктерден құралады: қозғалқыш, трансмиссия, жүргізгіш бөлік , басқару механизмдері және қосалқы жабдықтар. Олардың әрқайсысы әр түрлі қызмет атқаруға арналған.

Қозғалтқыш негізгі қуат көзі болып табылады. Ол жанған отыннан алынған жылу энергиясын тракторға жүргізуге керекті механикалық энергияға айналдырады. Энергияны бір түрден екінші түрге айналдыратын қозғалқыш қондырғыларының бірнеше түрлері бар. Олардың бірі электр қуатын, екіншісі судың немесе желдің ағындық энергиясын және т.б.энергияны механикалық энергияға айналдырады. Бірақ солардың ішіндегі ең қолайлы түрі - жылу қозғалтқыштары. Оларды жанған отынның жылулық энергиясын механикалық энергияға айналдыратындықтан жылу қозғалтқыштары деп атайды.

Жылу қозғалтқыштары іштен және сырттан жанатын қозғалтқыштар деп екіге бөлінеді. Бұлардың ең көп тараған түрі іштен жанатын қозғалтқыштар. Іштен жанатын қозғалтқыштар жұмыс принциптеріне қарай екі түрге бөлінеді.Олар: дизельді және карбюраторлы қозғалтқыштар. Ауыл шарушылығындағы тракторларда тек дизельді қозғалтқыштар қолданылады

Қозғалқыштан алынған механикалық қуатты трактордың жүріс бөлігіне жеткізетін механизмдерді трансмиссия деп атайды.

Құрылыстарына қарай трансмиссия да бірнеше түрге бөлінеді. Олардың негізгілері: механикалық, гидромеханикалық және т.б. Тракторларда көбінесе механикалық трансмиссия, тек кейбіреулерінде ғана гидромеханикалық немесе электрмеханикалық трансмиссия қолданылады.

Жүргізгіш мүшелер құрылысына қарай дөңгелекті және шынжыр табанды болып екі түрге бөлінеді

Басқару механизмдері көбінесе иінді тұтқалар немесе гидравликалық механизмдерден құралады.

Қосалқы жұмысшы бөліктерге трактордың тіркеу немесе аспалы саймандары, тракторшының жұмыс орны (кабинасы ) және тағы сол сияқтылар жатады. Олар көбінесе негізгі бөліктердің қызметін жақсарту үшін және басқа қосалқы қызметтерді атқаруға арналған

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]