- •I.5 студенттердің оқытушымен біріккен өзіндік жұмысына (собөж) арналған әдістемелік нұсқаулар кредит № 1
- •Әдебиет
- •Бақылау – тест тапсырмаларын орындау
- •Ауру алды туралы түсінік. Ауру алдын жүктемелік сынаулармен анықтау
- •1. Гипертониялық әсерленіс.
- •2. Дистониялық әсерленіс
- •3. Астениялық әсерленіс.
- •Кредит №2
- •Тәжірибелік жұмыс
- •Кредит № 3
- •1 Тапсырма. Ситуациялық есептерді шығару
Ауру алды туралы түсінік. Ауру алдын жүктемелік сынаулармен анықтау
Тақырып бойынша тапсырмалар:
№1 тапсырма. |
Ауру алдын анықтау үшін зерттелушінің жүрек-қантамыр жүйесінің физикалық жүктемеге серпілісін (Мартине сынауы)зерттеу |
Әдісі: Тәжірибелік жұмысты орындау үшін студенттер бірнеше топқа бөлінеді. әрбір топта кемінде төрт адам болуы тиіс:
1 – зерттелуші (студент - сұранушы)
2 - артериялық қысымды өлшейтін студент
3 - зерттелушінің пульсін санаушы
4 – алынған мәліметтерді дәптерге тіркеуші студент
Зерттелушінің қан қысымын отырғызып өлшейді, екінші қолынан жүрек соғысының 10 секундтағы орташа санын есептейді. Бұл үшін 10 секундтағы жүрек соғу жиілігі 6 рет саналады, алынған нәтижелер қосылады және 6-ға бөлінеді, орташа мәнін алады.
Одан әрі зерттелуші манжетканы шешпей, 30 секунд ішінде 20 рет қатты отырып тұрады. Жүктемеден соң дереу АҚ және ЖСЖ 10 секундта есептеледі. Келесі АҚ мен тамыр соғысын санау әрбір минөт сайын бірнеше рет көрсеткіштердің бастапқы деңгейіне келгенінше жүргізіледі. Алынған мәліметтер кестеге толтырылады:
Зерттелетін көрсеткіштер |
Жүктемеге дейін |
Жүктемеден соң дереу |
Жүктемеден соң әрбір минөтте |
||||
|
|
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1.Жүректің соғу жиілігі
2.АҚ: систолалық диастолалық пульстік |
|
|
|
|
|
|
|
Сынауды бағалау критериі:
- жүректің соғу жиілігінің сараптамасы:
1. Жүктемеден соң тамыр соғысының қалпына келу уақыты 3 – 4 минөт.
2. Жүктемеден соң тамыр соғысының жиілігі 50 – 70%-ға өседі, мына формула бойынша есептеледі:
(жүктемеден кейінгі тамыр соғысы – бастапқы тамыр соғысы) х 100
Бастапқы тамыр соғысы
- АҚ өзгерістерінің сараптамасы
1. Физикалық жүктемеден соң систолалық қысым 10 –20 мм с.б. артады, диастолалық қысым 10 – 20 мм с.б. төмендейді, пульстік қысым 20 –40 мм с.б. артады.
2. АҚ жүктемеден соң 4 – 5 минөттен соң қалпына келеді.
Көрсетілген қалыптылық жүрек-тамыр жүйесінің дене жүктемесіне жауабының нормотониялық әсерленісі кезінде байкалады және ол жүрек және қан тамырлары жағдайы қалыпты дені сау шынықпаған адамдарға тән, бейімделу мүмкіншіліктері жеткілікті.
Жауаптың дерттік түрлері де кездеседі:
1. Гипертониялық әсерленіс.
Бұл кезде систолалық қысым қатты жоғарылайды - 180-200 мм с.б. дейін, диастолалық кысым - өзгермейді немесе жоғарылайды. Тамыр соғуы жиілігінің артуы жоғары, оның және АҚ бастапқы қалпына келуі, нормамен салыстырғанда, жүктемеден соң ұзаққа созылады.
Бұл әсерленіс (серпіліс) АҚ жоғары, қан тамырларының
атеросклероздық өзгерістері бар кісілерде, спортшыларда - шынығу жүктемесі жоғары кезеңінде байкалады.
2. Дистониялық әсерленіс
Систолалық қысым жүктемеден соң өте қатты көтеріледі, кейде 225 мм с.б. және одан да жоғары, ал диастолалық қысым польге дейін төмендейді - "шексіз" дыбыс феномені.
