Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

29. Гиперинфляциялық экономика жағдайындағы қаржылық есептілік

§ 256. Қолданылуы

557. Елдің экономикалық ортасының белгілі бір сипаттамалары гиперинфляцияның белгісі болып табылады. Егер инфляцияның кумулятивтік көрсеткіші үш жылға жақындаса немесе 100 %-дан асса, экономика гиперинфляциялық болып табылады.

558. Функционалдық валютасы гиперинфляциялық экономиканың валютасы болып табылатын субъект осы Стандартқа сәйкес қаржылық есептерді дайындау және беру кезінде «Гиперинфляциялық экономика жағдайындағы қаржылық есептілік» ХҚЕС (ІAS) 29-ды қолдануға тиіс.

559. Қысқаша, ХҚЕС (ІAS) 29 «Гиперинфляциялық экономикалық шарттарындағы қаржылық есептілік» гиперинфляциялық экономиканың валютасы болып табылатын ұйымның қаржылық есептері есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша ұсынылған валютада берілуін талап етеді. Алдыңғы кезеңдер үшін тиісті көрсеткіштер және неғұрлым ерте кезеңдерге қатысты кез келген ақпарат сондай-ақ есепті кезеңнің соңында қолданылатын өлшем бірліктерінде берілуге тиіс. Таза монетарлық ұстаным бойынша кіріс немесе залал пайданың немесе залалдың құрамына енгізілуге және жеке ашылуға тиіс.

30. Шетел валютасындағы операцияларды ауыстыру

§ 257. Қолданылуы

560. Субъект шетелдік операцияларды екі тәсілмен жүргізе алады. Ол операцияларды шетелдік валютада жүргізе алады немесе қызметті шетелде жүзеге асыра алады. Бұдан басқа, субъект өзінің қаржылық есептерін шетелдік валютада ұсынуы мүмкін. Осы бөлім субъектінің қаржылық есептерінде шетелдік валютадағы операцияларды және шетелдік қызмет шеңберінде жүзеге асырылатын операцияларды көрсету тәсіліне, қаржылық есептерді ұсынылған валютаға ауыстыру тәсіліне нұсқама береді. Шетелдік валютада көрсетілген қаржы аспаптарын есепке алу және шетелдік валютадағы баптарды хеджирлеу операцияларын есепке алу осы Стандарттың 11-бөлімінде қаралады.

§ 258. Функционалдық валюта

561. Әрбір субъект өзінің функционалдық валютасын белгілеуге тиіс. Функционалдық валюта – субъект жұмыс істейтін негізгі экономикалық ортаның валютасы.

562. Қазақстан Республикасында теңге функционалдық валюта болып табылады.

§ 259. Шетелдік валютадағы операцияларды функционалдық валютада көрсету

563. Шетелдік валютадағы операция – ол кезде субъект:

1) бағасы шетелдік валютада көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;

2) ол бойынша төленуге немесе алынуға тиіс сома шетелдік валютада көрсетілген қарыздарды ұсынатын немесе алатын; немесе

3) қандай да бір өзге түрде активтерді сатып алатын немесе сататын, өзіне шетелдік валютада көрсетілген міндеттемелерді алатын немесе өтейтін операцияны қоса алғанда, ол бойынша түпкі есептеме шетелдік валютада көрсетілген немесе жүргізілуі тиіс валюта.

564. Шетелдік валютада бастапқы тану кезінде субъект шетелдік валютадағы сомаға операция күніндегі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы спот-бағамды қолдану жолымен операцияны ескеруге тиіс.

565. Операция күні – операция осы Стандартқа сәйкес тану өлшемдерін алғаш рет қанағаттандыратын күн. Практикалық тұрғыдан негізге ала отырып, операция күніндегі іс жүзіндегі бағамның жуық мәні болып табылатын бағам жиі қолданылады, мысалы, бір аптадағы немесе бір айдағы орташа бағам осы кезең ішінде жасалған әрбір шетелдік валютадағы барлық операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда валюта айырбастау бағамының едәуір ауытқуы кезінде кезең үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.