Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 220. Сақтандырылған сыйақылар

499. Субъект еңбек қызметі аяқталғаннан кейін сыйақы жоспарын қаржыландыру үшін сақтандыру жарналарын төлеуі мүмкін. Субъект осындай жоспарды субъектіде заңдық немесе практикадан туындайтын мынадай:

1) сыйақы мерзімі басталған кезде қызметкерлерге оны төлеу; немесе

2) егер сақтандырушы қызметкерлерге ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде қызметкердің қызметіне жататын барлық болашақ сыйақыларды төлемеген жағдайда қосымша сома төлеу міндеттемесі болған кездегі жағдайларды қоспағанда, белгіленген жарналары бар зейнетақы жоспары ретінде қарастыруға тиіс.

Практикадан туындайтын міндеттеме болашақ сыйлықтарды белгілеу жоспарының, тетігінің шарттарын ескере отырып немесе байланысты тараппен сияқты сақтанушымен қарым-қатынастар нәтижесінде жанама түрде пайда болуы мүмкін. Егер субъектіде осындай түрдегі заңдық немесе практикадан туындайтын міндеттемелер қалатын болса, ол жоспарды белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары ретінде қарауға тиіс.

§ 221. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны тану және өлшеу: белгіленген жарнамалары бар зейнетақы жоспарлары

500. Субъект төленіп қойған соманы шегергеннен кейінгі міндеттеме ретінде кезең үшін төленуге тиіс жарнаны тануы мүмкін.

§ 222. Еңбек қызметі аяқталғаннан кейінгі сыйақыны тану: белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары

501. Осы Стандарттың 491-тармағында айтылған танудың жалпы қағидатын қолдану кезінде белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларына субъект:

1) жоспардың таза активтерін шегере отырып, жоспар бойынша міндеттерге қатысты міндеттемені – өзінің «белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешегін»; және

2) осы кезең ішінде аталған берешектің таза өзгерісін белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша шығындар ретінде танығаны жөн.

§ 223. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешекті өлшеу

502. Субъект белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша міндеттерге қатысты белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспары бойынша берешекті мынадай соманың таза қорытынды шамасы бойынша өлшеуге тиіс:

1) шегере отырып, есепті күні белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарлары бойынша міндеттемелердің келтірілген құнының;

2) міндеттемелерді тікелей орындауға арналған жоспар активтерінің есепті күнгі әділ құнының (егер ондай болса). Осы Стандарттың 174-177-тармақтарында қаржылық активтер болып табылатын жоспар активтерінің әділ құнын анықтау жөніндегі талаптар айтылған.

503. Субъектінің белгіленген төлемдері бар жоспарлар бойынша міндеттемелердің есепті күнге келтірілген құны қызметкерлерге олар бойынша қызметтің неғұрлым кеш жылдары үшін қомақты сыйақылар есептелетін сыйақыларды есептеу формулаларын ескере отырып, әлі кепілдік берілмеген сыйақыларды қоспағанда, ағымдағы және алдыңғы кезеңдерде қызметкерлер көрсеткен қызметтер үшін оларға тиесілі сыйақылардың есептік шамасын көрсетуге тиіс. Ол үшін субъект ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін тиесілі сыйақылардың мөлшерін анықтауға және сыйақылар бойынша шығындардың шамасына әсер ететін демографиялық ауыспалыға (персоналдың тұрақтамауы және қайтыс болуы сияқты) және қаржылық ауыспалыға (жалақының және медициналық қызмет көрсетудің болашақ ұлғаюы) қатысты есептік бағалау жүргізуге (актуарлық жол берулер жасауға) тиіс. Актуарлық жол берулер әділ (ойланбай істелмейтін, бірақ шектен тыс консервативті емес), өзара бірікпейтін және жоспарға жататын ақшалай қаражаттың болашақ ағынына ең үздік баға алуға мүмкіндік беретіндей түрде таңдап алынған болуға тиіс.