Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 204. Қорлардың құнсыздануы

464. Әрбір есепті күнге субъект құнсыздану мәніне қорларға бағалау жүргізуге тиіс. Субъект осындай бағалауды қорлардың әрбір бабының (немесе ұқсас баптардың тобының) баланстық құнын аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегере отырып, оның сату бағасымен салыстыру жолымен жүргізуге тиіс. Егер қорлар бабы (немесе тобы) құнсызданған болса, субъкт залалды баланстық құн мен аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасы арасындағы айырмаға тең сомаға пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.

465. Егер қорлар үшін аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасын бап бойынша негізде анықтау іс жүзінде мүмкін емес болса, субъект құнсыздануды бағалау мақсатында бір географиялық облыста жүргізілетін және сатылатын дәл сондай тағайындауы немесе түпкі пайдаланымы бар бұйымдардың дәл сол түріне жататын қорлардың баптарын топтастыруы мүмкін.

§ 205. Құнсыздануды реверсиялау

466. Субъект әрбір кейінгі кезеңде аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасын қайтадан бағалауды жүргізуге тиіс. Егер бұрын қорлардың құнсыздануын туындатқан жағдайлар енді жоқ болса, немесе экономикалық шарттардың өзгеруіне байланысты құнсыздануға жұмсалған шығындарды шегергендегі сату бағасының ұлғаюы анық болған кезде субъект құнсыздану сомасын жаңа баланстық құн екі шаманың: өзіндік құн мен аяқтауға және сатуға жұмсалатын шығындарды шегергендегі қайта қаралған сату бағасының ең азы болып табылатындай етіп реверсиялауға тиіс (яғни реверсияланатын сома құнсызданудан болатын бастапқы залал сомасымен шектелген).

§ 206. Қорларды қоспағанда, қаржылық емес активтердің құнсыздануы және құнсыздану белгілері

467. Әрбір есепті күні субъект активтің ықтимал құнсыздануын көрсететін кез келген белгілердің бар-жоғын бағалайды. Осындай кез келген белгі болған жағдайда субъект сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, активтің әділ құнын есептік бағалауды жүргізуге тиіс. Егер құнсыздану белгілері жоқ болса, онда сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, әділ құнды есептік бағалауды жүргізу талап етілмейді. Осы бөлімде «актив» термині пайдаланылады, бірақ кейде активтер тобы үшін сатуға жұмсалған шығындарды шегере отырып, әділ құнды анықтау талап етілуі де мүмкін.

468. Активтің ықтимал құнсыздануын көрсететін белгілердің бар-жоғын тексеру кезінде субъект, кемінде, мынадай белгілерді қарағаны жөн:

Ақпараттың сыртқы көздері

1) кезең ішінде активтің нарықтық құны уақыт өтуі немесе қалыпты пайдалану нәтижесінде күткеннен әлдеқайда көп азайды;

субъектіге қолайлы әсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болды немесе жақын арада субъект жұмыс істейтін технологиялық, нарықтық, экономикалық немесе заңдық шарттарда немесе актив арналған нарықта күтілуде;

кезең ішінде нарықтық пайыздық ставкалар немесе инвестициялардың пайдалылығының басқа да нарықтық нормалары және осы ұлғаюлар пайдаланудан активтің құнын есептеу кезінде пайдаланылатын дисконттау ставкасына едәуір әсер етуі ықтимал және сатуға жұмсалатын шығындарды шегере отырып, оның әділ құнын азайтады;

субъектінің таза активтерінің баланстық құны оның нарықтық капиталдануына қарағанда көп;

2) ақпараттың ішкі көздері

активтің ескіруінің немесе табиғи зақымдануының дәлелі бар;

активті пайдалану немесе күтілетін пайдалану дәрежесіндегі немесе тәсіліндегі субъектіге қолайсыз әсер ететін елеулі өзгерістер кезең ішінде болды немесе жақын арада күтілуде. Осы өзгерістер активтің тұрып қалуын, қызметті тоқтату немесе қайта құрылымдау жоспарларын, оған актив те жатады, немесе активтің бұрын болжанған күнге дейін істен шығуын және бұрын шектеусіз ретінде бағаланған активті пайдалы қолдану мерзімін шектеулі деп тануды қамтиды;

ішкі есептілік активтің ағымдағы немесе болашақ экономикалық көрсеткіштері болжанып отырғаннан нашар екенін куәландырады. Осы контекстегі экономикалық көрсеткіштер операциялық нәтижелерді және ақша қаражатының ағынын қамтиды.

469. Егер активтің құнсыздануы мүмкін деген белгі бар болса, онда бұл субъектінің пайдалы қолданудың қалған мерзімін, амортизациялау әдісін немесе активті жою құнын қайта қарауы және осы актив бойынша құнсыздануынан ешқандай да залал танылмайтын болса да, осы активке қолданылатын осы Стандарттың тиісті бөліміне сәйкес (мысалы, осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес) оларды түзетуі керек екендігін куәландырады.