Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 201. Ақшалай қаражатпен төлеу мүмкіндігі бар, акцияларға негізделген төлемдердің операциялары

460. Келісім шарттары субъект оған сәйкес операция бойынша есептемені ақшалай қаражатпен (немесе басқа да активтермен) немесе үлестік құралдар шығару жолымен жүзеге асыратын не субъектіге, не қарсы тарапқа таңдау ұсынатын, акцияларға негізделген төлемдердің операциялары үшін субъект, егер субъект өзіне есептемені ақшалай қаражатпен немесе басқа да активтермен жүргізуге міндеттеме қабылдаған шамада немесе есептеме олар бойынша үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясы сияқты, егер осындай міндеттеме қабылданбаған шамада есептеме олар бойынша ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясы ретінде осындай операцияны немесе осы операцияның компоненттерін есепке алуға тиіс. Ақшалай қаражатпен төлеу мүмкіндігі бар, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын есепке алу кезінде ХҚЕС (ІFRS) 2 «Акцияларға негізделген төлем» талаптары қолданылады.

§ 202. Ақпаратты ашу

461. Субъект көшу талаптары, ұсынылған опциондардың ең жоғары мерзімі және есептеу тәсілі (мысалы, ақшалай қаражатпен немесе үлестік аспаптармен) сияқты әрбір келісімнің негізгі шарттарын қоса алғанда, кезең ішінде қолданыста болған, акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдердің әрбір түрінің сипаттамасын ашады. Акцияларға негізделген төлемдер туралы келісімдердің елеулі түрде ұқсас түрлері бар субъект олар туралы ақпаратты біріктіре алады.

462. Субъект кем дегенде акцияларға, кезең үшін субъектінің пайдасына немесе залалына және оның қаржылық жағдайына негізделген төлемдер операцияларының әсері туралы мынадай ақпаратты ашқаны жөн:

1) осы операциялардың нәтижесінде туындайтын шығыстардың жалпы сомасының бір бөлігін жеке ашуды қоса алғанда, оның шеңберінде алынған тауарлар мен қызметтер активтер ретінде тануға жатпайтын, сондықтан да шығыс ретінде тез арада танылады, акцияларға негізделген төлемдер операциялары бойынша кезең үшін танылған шығыстардың жалпы сомасын;

2) акцияларға негізделген төлемдер операциялары нәтижесінде туындайтын міндеттемелер үшін;

кезеңнің соңындағы жалпы баланстық құнды; және

қарсы тараптың ақшалай қаражатқа немесе басқа да активтерге құқығы кезеңнің соңында көшкен кезеңнің соңындағы міндеттемелердің жалпы ішкі құнын (мысалы, акциялардың құнын өсіруге көшкен құқық).

26. Қаржылық емес активтердің құнсыздануы

§ 203. Қолданылуы

463. Осы бөлім құнсыздануын тануға қатысты осы Стандарттың басқа бөлімдерінің талаптары қолданылатын мынадай активтерді қоспағанда, барлық активтердің құнсыздануын есепке аул кезінде қолданылуға тиіс:

1) осы Стандарттың 28-бөліміне сәйкес кейінге қалдырылған салықтық активтерді;

2) осы Стандарттың 27-бөліміне сәйкес қызметкерлерге берілетін сыйақылар нәтижесінде туындайтын активтерді;

3) осы Стандарттың 11-бөлімінің қолданылу аясына енетін қаржылық активтерді;

4) осы Стандарттың 15-бөліміне сәйкес әділ құн бойынша өлшенетін жылжымайтын мүлікке салынатын инвестицияларды;

5) осы Стандарттың 33-бөліміне сәйкес ауыл шаруашылығы қызметіне байланысты және сатуға жұмсалатын ұйғарылып отырған шығыстарды шегере отырып, әділ құн бойынша өлшенетін биологиялық активтерді.