Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

25. Акцияларға негізделген төлем

§ 197. Қолдану

454. Субъект мыналарды қоса алғанда, осы бөлімді акцияларға негізделген төлемдердің барлық операцияларын есепке алу кезінде қолдануға тиіс:

1) субъектінің үлестік құралдары үшін өтем ретінде субъект тауарларды немесе қызметтерді алатын, олар бойынша есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын (акцияларды немесе акцияларға опциондары);

2) субъектінің акцияларының бағасына (немесе құнына) немесе басқа да үлестік құралдарына негізделген соманы төлеу жөнінде осы тауарларды немесе қызметтерді берушілер алдында міндеттемелер қабылдау жолымен субъект тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын, олар бойынша есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын; және

3) субъект тауарларды немесе қызметтерді алатын немесе сатып алатын және оған сәйкес субъект операция жөніндегі есептемені жүзеге асыра алатын не ақшалай қаражатпен (немесе өзге активпен) не үлестік құралдар шығару жолымен келісімнің шарттары субъектіге немесе осы тауарларды немесе қызметтерді берушіге таңдау ұсынатын операцияларды.

§ 198. Тану

455. Субъект тауарларды немесе қызметтерді алу кезінде акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған немесе сатып алынған тауарларды немесе қызметтерді тануға тиіс. Субъект, егер тауарлар немесе қызметтер олар бойынша есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған болса, капиталдағы тиісті ұлғайтуды немесе егер тауарлар немесе қызметтер олар бойынша есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде сатып алынған болса, міндеттемені таниды.

456. Егер акцияларға негізделген төлем операциясының нәтижесінде алынған тауарлар немесе қызметтер активтер ретінде тану өлшемдеріне жауап бермейтін болса, онда субъект оларды шығыстар ретінде тануға тиіс.

§ 199. Есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын өлшеу

457. Субъект есептеме үлестік құралдармен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын өлшеу кезінде тиісті ақпаратты ашып, ХҚЕС (ІFRS) «Акцияларға негізделген төлем» деген 2-тармақты қолданады.

§ 200. Есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операциялары

458. Есептеме ақшалай қаражатпен жүргізілетін, акцияларға негізделген төлемдердің операцияларын есепке алу үшін субъект сатып алынған тауарларды немесе қызметтерді және міндеттеменің әділ құны бойынша туындаған міндеттемені өлшеуге тиіс. Міндеттеме өтелмейінше, субъект әділ құнның кез келгенін өзгерісін кезең үшін пайданың немесе залалдың құрамында тани отырып, әрбір есепті күні және өтелетін күні міндеттеменің әділ құнын қайтадан өлшейді.

459. Қызметкерлермен жасалатын операциялар кезінде үлестік құралдар белгілі бір қызмет кезеңін аяқтағанға дейін қызметкерлерге берілмейді, субъект осы кезең ішінде қызметкерлер қалай қызметтер көрсететіне қарай алынған қызметтерді тануға тиіс.