Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

23. Мемлекеттік субсидиялар

§ 190. Тану және өлшеу – есеп саясатын таңдау

442. Осы Стандарттың шеңберінде мемлекеттік көмекті мемлекеттік органдар мен мекемелер, халықаралық және өзге де ұйымдар көрсетуі мүмкін.

443. Мемлекеттік көмектің негізді түрде бағалана алмайтын нысандары, сондай-ақ субъектінің қарапайым сауда операцияларынан айырмашылығы жоқ мемлекет қатысатын операциялар мемлекеттік субсидияға жатпайды.

444. Субъект мыналарды пайдалана отырып, мемлекеттік субсидияларға есепке алуға тиіс:

1) барлық мемлекеттік субсидиялар үшін осы Стандарттың 445-тармағында көзделген модельді; не

2) пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша өлшенетін активтерге жататын барлық мемлекеттік субсидиялар үшін осы Стандарттың 446-тармағында көзделген модельді және барлық қалған субсидиялар үшін «Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу» деген ХҚЕС (ІАS) 20.

445. Субъект мемлекеттік субсидияларды былайша тануға тиіс:

1) алушының болашақта белгілі бір шарттарды орындауын көздемейтін субсидиялар кірісте субсидиялар бойынша түсімдер алынған кезде танылады;

2) алушының болашақта белгілі бір шарттарды орындауын көздемейтін субсидиялар кірісте осындай шарттар орындалған кезде танылады;

3) кірісті тану өлшемдері орындалғанға дейін алынған субсидиялар міндеттемелер ретінде танылады.

446. Субъект субсидияларды алынған немесе алынуға жататын активтердің әділ құны бойынша өлшеуге тиіс.

§ 191. Ақпаратты ашу

447. Субъект мемлекеттік субсидияның таңдап алынған есепке алу моделіне қарамастан, мынадай ақпаратты ашады:

1) мемлекеттік субсидиялар үшін танылған есеп саясатын, оның ішінде қаржылық есептерде субсидиялар қалай ұсынылатынын түсіндіруді;

2) қаржылық есептерде танылатын мемлекеттік субсидиялардың сипаты мен сомасын;

3) кіріс ретінде танылмаған, мемлекеттік субсидияларға жататын орындалмаған шарттарды немесе басқа да шартты баптарды; және

4) нәтижесінде субъект тікелей пайда алатын мемлекеттік көмектің басқа нысандарын.

448. Мемлекеттік көмектің мысалдары тегін техникалық немесе маркетингтік консультациялар, нөлдік немесе төмен пайызбен кепілдіктер мен қарыздар беру болуы мүмкін.

24. Қарыздар бойынша шығындар

§ 192. Анықтама

449. Қарыздар бойынша шығындар мыналарды қамтиды:

1) банктік овердрафтар және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қарыздар бойынша пайызды;

2) қарыздарға байланысты жеңілдіктерді немесе сыйлықтарды амортизациялауды;

3) несие алуды ұйымдастыруға байланысты шеккен қосымша шығындарды амортизациялауды;

4) осы Стандарттың 19-бөліміне сәйкес танылған қаржылық жалға алуға қатысты қаржылық шығыстарды; және

5) пайыздарды төлеуге жұмсалатын шығындарды түзету ретінде қаралатын бөлікте шетелдік валютада қарыздар алу нәтижесінде туындайтын бағамдық айырмаларды.

§ 193. Тану

450. Субъект мыналарды пайдалана отырып, қарыздар бойынша барлық шығындарды ескеруге тиіс:

1) жұмсалатын шығындарды осы Стандарттың 451-тармағында ұсынылған шығыстарға жатқызу моделін;

2) осы Стандарттың 452-тармағында ұсынылған шығындарды капиталға айналдыру моделін.

§ 194. Шығындарды шығыстарға жатқызу моделі

451. Субъект қарыздар бойынша барлық шығындарды шығыс ретінде олар туындаған кезең ішінде пайданың немесе залалдың құрамында тануға тиіс.

§ 195. Шығындарды капиталға айналдыру моделі

452. Шығындарды капиталға айналдыру моделін пайдалануды шешкен субъект бухгалтерлік есепті жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды ХҚЕС (ІАS) 23 «Қарыздар бойынша шығындар» сәйкес жүзеге асырады.

§ 196. Ақпаратты ашу

453. Субъект қарыздар бойынша шығындарға қатысты қабылданған есеп саясатын ашуға тиіс. Егер осы Стандарттың 452-тармағына сәйкес шығындарды капиталға айналдыру моделі қолданылатын болса, онда субъект ХҚЕС (ІАS) 23 «Қарыздар бойынша шығындар» сәйкес ақпаратты ашады.