Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 148. Шартты міндеттемелер

348. Сатып алушы осындай міндеттеменің әділ құны сенімді түрде өлшенуі мүмкін жағдайда ғана сатып алынатын ұйымның шартты міндеттемесін жеке танитыны көрсетілген. Егер осындай міндеттеменің әділ құны сенімді түрде өлшене алмайтын болса:

1) оның бар-жоғы танылған гудвилдің сомасында немесе осы Стандарттың 352-тармағына сәйкес ескерілген айырманың сомасында көрсетіледі; және

2) ұйым (сатып алушы) осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес шартты міндеттеме туралы ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс.

349. Бастапқы танудан кейін сатып алушы осы Стандарттың 344-тармағына сәйкес жеке танылған шартты міндеттемелерді мынадай:

1) осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес танылуы мүмкін соманың; және

2) осы Стандарттың 22-бөліміне сәйкес танылған жинақталған амортизацияны шегере отырып, бұл орынды болған кезде, бастапқы танылған соманың ең көбі бойынша өлшеуге тиіс.

§ 149. Гудвилл

350. Сатып алушы сатып алатын күні:

1) бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған гудвилді актив ретінде тануы; және

2) осы гудвилді бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындардың осы Стандарттың 344-тармағына сәйкес танылған сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесінен асып түсуі болып табылатын оның өзіндік құны бойынша бастапқы өлшеуі керек.

351. Бастапқы танығаннан кейін сатып алушы бизнесті біріктіру кезінде сатып алынған гудвилді құнсызданудан жинақталған залалды шегере отырып, оның өзіндік құны бойынша өлшеуі керек. Осы Стандарттың 26-бөлімінде гудвилдің құнсыздануынан болатын залалды тану және өлшеу қағидаттары көрсетіледі.

352. Егер осы Стандарттың 344-тармағына сәйкес танылған сәйкестендірілетін активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің таза әділ құнындағы сатып алушының үлесі бизнесті біріктіруге жұмсалатын шығындардан асып түсетін болса (кейде мұндай құбылыс «теріс гудвилл» деп аталады), онда сатып алушы:

1) сатып алынатын ұйымның сәйкестендірілетін активтерін, міндеттері мен шартты міндеттемелерін сәйкестендіру мен өлшеуді және осы біріктіруге жұмсалатын шығындарды өлшеуді қайта бағалауға ұшыратуы; және

2) пайданың немесе залалдың құрамында осы қайта бағалаудан кейін қалған кез келген асып түсуді дереу тануы керек.

§ 150. Ақпаратты ашу

353. Кезеңнің барысында болған бизнесті әрбір біріктіру (немесе бизнес бірлестіктерінің жеке түрде болмайтын топтары) үшін ұйым мынадай ақпаратты ашады:

1) біріктірілетін ұйымдардың атау мен сипаттамасын немесе бизнес түрлерін;

2) сатып алатын күнді;

3) сатып алынған дауыс беретін үлестік құралдарды;

4) біріктіруге жұмсалатын шығындарды және біріктіруге тікелей жатқызылатын кез келген шығындарды қоса алғанда, осы шығындар компоненттерінің сипаттамасын. Егер үлестік құралдар шығарылатын болса немесе олар шығындардың бір бөлігі ретінде шығаруға жататын болса, онда сондай-ақ мынадай ақпарат ашылуға тиіс:

шығарылған немесе шығарылатын үлестік құралдардың саны;

осы құралдардың әділ құны және оны анықтау базасы.

5) ұйымның шешімі бойынша біріктіру нәтижесінде істен шығарылуға тиіс кез келген операциялардың детальдарын;

6) сатып алынатын ұйымның гудвилін қоса алғанда, активтердің, міндеттемелер мен шартты міндеттемелердің әрбір сыныбы үшін сатып алатын күні танылған сомасын;

7) осы Стандарттың 352-тармағына сәйкес пайдада немесе залалда танылған кез келген асып түсудің сомасы және осы асып түсу танылған пайда мен залал туралы есептің бабын;

8) гудвилді тануға алып келетін шығындардың туындауына ықпал ететін факторлардың сипаттамасын – гудвилден бөлек танылмаған әрбір материалдық емес активтің сипаттамасын және материалдық емес активтің әділ құны неге сенімді түрде өлшене алмайтынына түсіндіруді немесе осы Стандарттың 352-тармағына сәйкес пайдада немесе залалда танылған асып түсу табиғатының сипаттамасын;

9) осындай ашу іс жүзінде мүмкін емес болатын жағдайларды қоспағанда, сатып алушының пайдасына немесе залалына енгізілген сатып алатын күннен бастап сатып алынатын ұйымның пайдасының немесе залалының сомасын. Егер мұндай ашуды іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес болса, онда бұл факт себебін түсіндіре отырып ашылады.

354. Есепті кезең аяқталғаннан кейін, бірақ қаржылық есептерді шығаруға бекітуге дейін болған бизнесті біріктіру үшін сатып алушы ұйым іс жүзінде жүзеге асырыла алмайтын болып табылатын алушыларды қоспағанда, осы Стандарттың 353-тармағында көзделген ашуды жүргізуге тиіс. Егер санамаланған ақпараттың қандай да бірін ашуды іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес болса, онда осы факт себебін түсіндірумен бірге ашылуға тиіс.

355. Ұйым жаңа бизнес бірлестіктеріне, құнсызданудан болған залалға, бұрын сатып алынған бизнестердің істен шығуына және өзге де өзгерістерге байланысты болған өзгерістерді жеке көрсете отырып, кезеңнің басы мен соңындағы гудвилдің баланстық құнына мұқият тексеру жүргізуге тиіс. Ұйым (сатып алушы), сондай-ақ кезеңнің соңындағы жалпы соманы және құнсызданудан жинақталған залалды көрсетуге тиіс.

19. Жалға алу