Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 130. Активтермен алмасу

309. Материалдық емес активтер монетарлық емес активтерге немесе монетарлық және монетарлық емес активтердің компонентіне алмастыру жолымен сатып алынуы мүмкін. Осындай материалдық емес активтің өзіндік құнын субъект:

1) алмастыру операциясында коммерциялық мазмұн жеткіліксіз; немесе

2) алынған әрі берілген активтің әділ құны сенімді түрде өлшене алмайтын жағдайларды қоспағанда, әділ құны бойынша өлшеуге тиіс.

310. Егер субъект алынған немесе берілген активтің әділ құнын дұрыс айқындай алатын болса, онда өзіндік құнын айқындау үшін алынған активтің әділ құны неғұрлым айқын болып табылатын жағдайларды қоспағанда, берілген активтің әділ құны пайдаланылады.

311. Егер субъект сатып алынатын активтің әділ құнын сенімді айқындай алмайтын болса, онда оның өзіндік құны ретінде активтің орнына берілетін баланстық құн пайдаланылады.

§ 131. Гудвилді қоспағанда, іштей құрылған материалдық емес активтер

312. Іштей құрылған материалдық емес активті (гудвилді емес) құру зерттеулер кезеңі мен әзірлемелер кезеңін білдіреді. Зерттеулер мен әзірлемелер бойынша жұмыстар бойынша жұмыстар барысында шеккен шығындарды есепке алу үшін субъект шығындарды осы Стандарттың 313-тармағында ұсынылған кезеңнің шығыстарына жатқызу моделі мен осы Стандарттың 314-тармағында ұсынылған шығындарды капиталдандыру моделі арасында таңдай алады.

§ 132. Шығындарды шығыстарға жатқызу моделі

313. Субъект зерттеулер мен әзірлемелер барысында шеккен барлық шығындарды оларды шегу шамасына қарай кезеңнің шығыстары ретінде тануға тиіс.

314. Шығындарды капиталдандыру моделі шеңберінде зерттеулерге байланысты шеккен барлық шығындар оларды айқындау шамасына қарай кезеңнің шығыстары ретінде танылады. Әзірлемелерге байланысты шеккен шығындар да уақыт бойынша белгілі бір нүктеден кейін шеккен, әзірлемелерге жұмсалған шығындарды қоспағанда, шығыстар ретінде танылады, мұндай шығындар материалдық емес активтің өзіндік құны ретінде танылады. Өзінің есеп саясатында шығындарды капиталдандыру моделін таңдаған субъект 38 ХҚЕС (IAS) «Материалдық емес активтер» сәйкес есепке алуды және қаржылық есептілікті жасауды жүзеге асырады.

§ 133. Шығыс ретінде тану

315. Субъект материалдық емес бапқа сәйкес шеккен шығындарды олар материалдық емес активтің өзіндік құнына енгізілетін шығындарды қоспағанда, осы Стандарттың 300-304-тармақтарындағы тану өлшемдеріне сәйкес келгенде таниды.

316. Мына төмендегі баптарды субъект шығыс ретінде тануға тиіс және мұндай шығындарды материалдық емес активтердің құрамына енгізбеуге тиіс:

1) Іштей құрылған брэндке, титулдық деректерге, баспа құқықтарына, клиенттердің тізіміне және мәні бойынша осыған ұқсас баптарға жұмсалған шығындар;

2) осы Стандарттың 16-бөліміне сәйкес негізгі құралдар объектілерінің өзіндік құнына енгізілетіндерден басқа, қызметтің басталуына байланысты шығындар (яғни бастапқы ұйымдастыру шығындары).

Бастапқы шығындар заңды тұлғаны құру кезінде шеккен заңгерлер мен хатшылыққа жұмсалған шығындар, жаңа өндірістік қуаттар мен бизнес ашуға жұмсалған шығындар (яғни іске қосу алдындағы шығындар) немесе жаңа операциялық қызметті бастауға немесе жаңа өнімдер өндірісін немесе үдерістерді іске қосуға жұмсалған шығындар (яғни операция алдындағы шығындар) сияқты құрылтай шығыстарынан тұруы мүмкін;

3) персоналды оқытуға байланысты қызметке жұмсалған шығындар;

4) тауар жарнамасына және оны жылжыту жөніндегі қызметке жұмсалған шығындар; және

5) субъектінің бір бөлігін немесе бүкілін жылжытуға немесе қайта ұйымдастыруға жұмсалған шығындар.

317. Осы Стандарттың 316-тармағы тауарларды бергені немесе қызметтерді көрсеткені үшін ақы тауарларды бергенге немесе қызметтерді көрсеткенге дейін жүргізілген болса, актив ретінде алдын ала ақы төлеуді тану мүмкіндігін жоққа шығармайды.

318. Бастапқыда шығыс ретінде танылған материалдық емес активтерге жұмсалған шығындар кейіннен материалдық активтің өзіндік құнының бір бөлігі ретінде танылмауы тиіс.

§ 135. Бастапқы танудан кейін өлшеу – есеп саясатын таңдау

319. Бастапқы танудан кейін материалдық емес активтердің барлық сыныптарының құнын субъект мынадай модельдердің бірінің көмегімен есепке алуға тиіс:

1) осы Стандарттың 320-тармағына сәйкес шығындарды капиталдандыру моделі бойынша; немесе

2) осы Стандарттың 321-тармағына сәйкес қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі бойынша.

§ 136. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есепке алу моделі

320. Субъект материалдық емес активтің құнын жинақталған амортизацияны және құнсызданудан жинақталған залалды шегере отырып, іс жүзіндегі құн бойынша есепке алады. Амортизацияға қатысты талаптар осы бөлімде қамтылған. Құнсызданудан болған залал тануға жататын жағдайлар осы Стандарттың 26-бөлімінде сипатталған.

§ 137. Қайта бағаланған құн бойынша есепке алу моделі

321. Субъект ХҚЕС (ІАS) 38 «Материалдық емес активтер» сәйкес есепке алуды және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырады.

§ 138. Пайдалы түрде қолдану мерзімі

322. Субъект материалдық емес активтің пайдалы түрде қолдануға шектеулі немесе белгіленбеген мерзімі бар не жоқ екендігін бағалауға тиіс, егер шектеулі болса, онда өндірістің ұзақтығын немесе өнімнің санын немесе осы пайдалы түрде қолданудың мерзімінің ұзақтығын айқындайтын осы сияқты көрсеткіштерді бағалауға тиіс. Субъект барлық орынды факторларды талдау кезінде осы активпен субъект үшін ақша қаражатының таза ағындарын құру күтілетін кезеңнің белгілі аяқталуы болмаған кезде материалдық емес активті пайдалы түрде қолданудың белгіленбеген мерзімі бар ретінде қарауға тиіс.

323. Шарттық немесе заңдық құқықтардың нәтижесі болып табылатын материалдық емес активті пайдалы түрде қолдану мерзімі осы құқықтардың мерзімінен аспауға, бірақ субъект осы активті пайдалануды ұйғарып отырған кезеңге қарай қысқа болмауға тиіс. Егер шарттық немесе басқа да заңды құқықтар ұзартылуы мүмкін шектеулі уақыт кезеңіне берілетін болса, онда материалдық емес активті пайдалы түрде қолдану мерзімі субъектінің елеулі шығынсыз ұзарту мүмкіндігін растайтын деректердің болуы шартымен ұзарту кезеңін (кезеңдерін) қамтуға тиіс.