Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 101. Бастапқы танудан кейінгі өлшеу

250. Бірлескен қызметке қатысушы барлық бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарға өзінің қатысуын санамаланған әдістердің бірінің көмегімен ескереді:

1) осы Стандарттың 251-тармағына сәйкес шығындарды күрделендіру моделі бойынша;

2) осы Стандарттың 252-тармағына сәйкес үлестік қатысу моделі бойынша;

3) осы Стандарттың 253-тармағына сәйкес пропорционалды шоғырландыру моделі бойынша; немесе

4) осы Стандарттың 254-тармағына сәйкес пайданың немесе залалдың құрамына енгізу арқылы әділ құнмен.

§ 102. Іс жүзіндегі шығындар бойынша есептеу моделі

251. Бірлескен қызметке қатысушы бірлесіп бақылайтын кәсіпорындарға өзінің инвестицияларын барлық құнсызданудан болған жинақталған залалдарды шегергендегі іс жүзіндегі шығындар бойынша өлшейді. Инвестор инвестициядан түскен кірісті инвестор сатып алу сәтінде жинақталған инвестициялар объектісінің пайдасынан түскен қаражатты бөлуді алатын дәрежеде ғана тануға тиіс. Осындай пайдадан артық алынған бөлінетін қаражат инвестициялардың орнын толтыру болып саналады және инвестициялардың құнын азайту ретінде танылады. Бірлескен қызметке қатысушы осы бөлімде көзделген ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы құнсыздануды осы Стандарттың 26-бөліміне сәйкес тануға тиіс.

§ 103. Үлестік қатысу әдісі

252. Бірлесіп бақыланатын қызметке инвестицияларды үлестік қатысу әдісі бойынша өлшеген кезде бірлескен қызметке қатысушы 31 «Бірлескен қызметке қатысу» ХҚЕС-ке (IAS) және 28 «Ассоциацияланатын ұйымдарға инвестицияларды есепке алу» ХҚЕС-ке (IAS) сәйкес рәсімдерді пайдалануға тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы сол сияқты 28 «Ассоциацияланатын ұйымдарға инвестицияларды есепке алу» ХҚЕС (IAS) көзделген ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс.

§ 104. Пропорционалды шоғырлану

253. Бірлесіп бақыланатын қызметке инвестицияларды пропорционалды шоғырлану әдісі бойынша есептеген кезде бірлескен қызметке қатысушы 30-37 ХҚЕС (IAS) 31 «Бірлескен қызметке қатысу» сәйкес көзделген рәсімдерді пайдалануға тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы сол сияқты «Ассоциацияланатын ұйымдарға инвестицияларды есепке алу» ХҚЕС (IAS) 28-де көзделген ақпаратты ашуды жүргізуге тиіс.

§ 105. Пайда немесе залал арқылы әділ құны моделі

254. Бірлесіп бақыланатын кәсіпорынға инвестицияларды пайда немесе залал арқылы әділ құн моделі бойынша өлшеген кезде бірлескен қызметке қатысушы осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес рәсімдерді пайдалануға және ақпаратты ашуға тиіс. Әділ құнының дұрыс өлшенуі мүмкін емес бірлескен қызметке инвестициялар пайда немесе залал арқылы әділ құнның моделінің көмегімен өлшенбеуге тиіс.

§ 106. Бірлескен қызметке қатысушы мен бірлескен қызмет арасындағы операциялар

255. Бірлескен қызметке қатысушы активтерді бірлескен қызметке енгізсе немесе оларды бірлескен қызметте сатса, операция бойынша пайданың немесе залалдың кез келген бөлігін тану оның мазмұнын көрсетуге тиіс. Активтер бірлескен қызметте болған кезде және бірлескен қызметке қатысушы меншік құқығына байланысты едәуір тәуекелді және сыйақыны берсе, бірлескен қызметке қатысушы пайданың немесе залалдың бірлескен қызметке басқа да қатысушыларды қатысу үлесіне тиесілі бөлігін ғана тануға тиіс. Бірлескен қызметке қатысушы салым немесе сату қысқа мерзімді активтерді сатудың ықтимал таза құнын немесе құнсызданудан келген залалды азайтудың дәлелі болатын болса, залалдың бүкіл сомасын тануға тиіс.

256. Бірлескен қызметке қатысушы бірлескен қызметтен активтер сатып алған кезде ол өзінің осы операция бойынша бірлескен қызмет пайдасындағы үлесін ол активтерді тәуелсіз тарапқа қайта сатқанға дейін тануға тиіс емес. Бірлескен қызметке қатысушы осындай операциялардан келетін өзінің залалының үлесін залал олар құнсызданудан келген залалды білдіретін болса тез арада танылуға тиіс жағдайларды қоспағанда, пайданы есептеген кездегідей ескереді.

257. Бірлескен бақылауы жоқ бірлескен қызмет инвесторы мұндай инвестицияны осы Стандарттың 11-бөліміне сәйкес – егер ол бірлескен қызметке едәуір әсер ете алатын болса осы Стандарттың 13-бөліміне сәйкес ескеруге тиіс.