Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 86. Өзіндік құнды өлшеу әдістері (нормативтік шығындар бойынша есептеу әдісі мен бөлшек сауда бағасының әдісі сияқты)

227. Өзіндік құнды таныған кезде субъект нормативтік шығындар бойынша есептеу әдісі мен бөлшек сауда бағасының әдісі сияқты әдістерді, егер мұндай пайдаланудың соңғы нәтижелері шамамен іс жүзіндегі өзіндік құнға тең болған жағдайда пайдалана алады. Нормативтік шығындар шикізат пен материалдарды, еңбекті, тиімділік пен қуатты пайдаланудың қалыпты деңгейлерін ескереді. Олар үнемі талданып отырады және қажет болған кезде ағымдағы шарттарда қайта қаралады. Бөлшек сауда бағасының әдісі қорлардың сату құнын жалпы пайданың тиісті пайызының шамасына азайту жолымен өзіндік құнды есептеуді көздейді.

§ 87. Өзіндік құнды есептеу тәсілдері

228. Өзара алмасатын болып табылмайтын қорлардың, сондай-ақ арнайы жобаларға шығарылған және арналған тауарлардың немесе қызметтердің жекелеген баптарының өзіндік құны оларға жұмсалған жеке шығындарды ерекше сәйкестендіру жолымен айқындалуға тиіс.

229. Осы Стандарттың 228-тармағында қаралғандардан басқа, қорлардың өзіндік құны екі тәсілмен айқындалады: «бірінші түсім – бірінші жіберілім» (FIFO) немесе орташа өлшенген құнның формуласы бойынша. Субъект негізгі қасиеті және оларды субъектінің пайдалану тәсілі бойынша ұқсас барлық қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің сол бір тәсілін қолдануға тиіс. Әр түрлі негізгі қасиеттерімен немесе олардың пайдаланылуы бойынша ерекшеленетін қорлар үшін өзіндік құнды есептеудің әр түрлі тәсілдерін қолдану ақталуы мүмкін. Осы Стандарт «соңғы түсім – бірінші жіберілім» әдісін (LIFO) пайдалануға жол бермейді.

§ 88. Қорлардың құнсыздануы

230. Осы Стандарттың 464-466-тармақтарына сәйкес субъект әрбір есепті күнге қорлар құнсызданды ма, жоқ па, яғни қорлардағы шығындардың орнын қаншалықты толтыруға болатындығын (құнсыздану зақымдану, ескіру немесе түскен сауда құны салдарынан болуы мүмкін) айқындауға тиіс. Қорлар баптары (немесе баптар тобы) құнсызданған жағдайларда көрсетілген тармақтар субъектіні аяқтауға және өткізуге жұмсалған шығындарды шегергендегі сату бағасы бойынша қорларды өлшеуге міндеттейді. Осы тармақтарда, сондай-ақ құнсызданған қорлардың құны қалпына келтірілуге тиіс жағдайлар сипатталады.

§ 89. Шығыс ретінде тану

231. Қорларды сатқаннан кейін олардың баланстық құнын субъект тиісті кіріс танылатын кезеңде шығыс ретінде тануға тиіс.

232. Кейбір қорлар, мысалы, негізгі құралдардың өздігінен жүргізілген объектілерінің құрамдас бөлігі ретінде пайдаланылған қорлар басқа да активтердің есебіне жатқызылуы мүмкін. Мұндай тәсілмен басқа активтерге таратылған қорлар осы активті пайдалы пайдалану мерзімі ішінде шығыс ретінде танылады.

§ 90. Ақпаратты ашу

233. Субъект мыналарды ашады:

1) қорларды өлшеу үшін қабылданған есеп саясатын, оның ішінде олардың өзіндік құнын есептеудің пайдаланылатын тәсілін;

2) қорлардың жалпы баланстық құны мен осы субъект үшін қолайлы сыныптамалардағы баланстық құнды;

3) кезең ішінде шығыс ретінде танылған қорлардың сомасын (сатылған тауарлардың өзіндік құны);

4) осы Стандарттың 230-тармағына және 464-466-тармақтарына сәйкес осы кезеңде шығыс ретінде танылған барлық құнсызданған қорлардың сомасын;

5) осы Стандарттың 230 және 466-тармақтарына сәйкес кезең ішінде бұрын танылған құнсызданулардың барлық қалпына келу сомасын және осы қалпына келтірулерге әкелген жағдайлардың немесе оқиғалардың сипаттамасын;

6) міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде кепілге салынған қорлардың баланстық құнын.