Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

5. Пайда мен залал туралы есеп

§ 43. Қолдану

76. Пайда мен залал туралы есеп субъектінің кезеңдегі кірістері мен шығыстарын көрсетеді.

77. Пайда мен залал туралы есеп өзіне осы Стандарта өзгеше көзделген атауларды қоспағанда, кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптарын қамтуға тиіс. Осы Стандарт мынадай жағдайларда берудің өзгеше тәртібін ұйғарады:

1) есеп саясатындағы қателер мен өзгерістердің әсері олар туындаған кезеңдегі кірістер мен шығыстар түрінде емес, өткен кезеңдердің түзетулері ретінде беріледі; және

2) қайта бағалаудан мүліктің құнының өсуі, осы Стандарттың 30-бөліміне сәйкес шетелдік қызметтің қаржылық есептерін аудару нәтижесінде туындайтын кейбір пайда мен залал және хеджингтік құралдардың әділ құнындағы кейбір өзгерістер пайда немесе залал түрінде емес, олар туындаған кезде капиталда тікелей көрінеді.

§ 44. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде беруге тиіс ақпарат

78. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде берілетін ақпарат өзіне ең болмағанда мынадай сомалардың біріктірілген көрсеткіштерін қамтуға тиіс:

1) кіріс;

2) қаржыландыруға арналған шығындар;

3) үлестік қатысу әдісі бойынша ескерілетін ассоциацияланған ұйымға және бірлескен қызметке инвестициялардан түсетін пайданың немесе залалдың үлесі;

4) салықтар төлеу жөніндегі шығыстар;

5) тоқтатылған қызметтен салынатын салықтардан кейін пайдадан немесе залалдан жиынтық соманы құрайтын бірыңғай сома және осы Стандарттың 34-бөліміне сәйкес тоқтатылған қызметті білдіретін шығуға арналған активтерді немесе топты (топтарды) сатуға немесе шығаруға жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ құн өзгерген кезде танылған салықтардан кейін өзге де кіріс немесе залал; және

6) пайда немесе залал.

79. Субъект мынадай баптарды тікелей пайда мен залал туралы есепте кезеңдегі пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашуға тиіс:

1) азшылықтың үлесіне жататын пайда немесе залал; және

2) басты ұйымның үлестік құралдарының иесіне жатқызылатын пайда немесе залал.

80. Қосымша баптар, тақырыптар мен аралық сомалар тікелей пайда мен залал туралы есептің өзінде мұндай беру субъект қызметінің қаржылық нәтижелерін түсіну үшін қолайлы болғанда беріледі.

81. Субъект пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде емес, оған ескертпелерде емес, «төтенше баптар» ретінде кірістер мен шығыстардың қандай да болмасын баптарын беруге немесе сипаттауға тиіс емес.

§ 45. Пайда мен залал туралы есептің тікелей өзінде немесе оған ескертпелерде берілуге тиіс ақпарат

82. Едәуір құрайтын әрбір кірістер мен шығыстар бойынша субъект осындай құрауыштың сипаты мен сомасын жеке ашуға тиіс. Мұндай ашулар өзіне мыналарды қамтуға тиіс:

1) қорлар құнын аяқтауға және өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі сату бағасына дейін қорлар құнын есептен шығару;

2) негізгі құралдар құнын өткізуге және қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды шегергендегі әділ бағаға дейін негізгі құралдар құнын есептен шығару;

3) субъектінің қызметін қайта құрылымдау және қайта құрылымдауға жұмсалатын шығындар бойынша бағалау міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша реверсивті жазбалар;

4) негізгі құралдар объектілерінің шығуы;

5) инвестициялардың шығуы;

6) тоқтатылған қызмет;

7) сот дауларын реттеу; және

8) өзге резерв түрлері бойынша реверсивті жазбалар.