Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 9. Толықтық

11. Сенімді болу үшін қаржылық есептердегі ақпарат елеулілік пайымдауларын және осындай ақпарат беруге жұмсалатын шығындарды ескере отырып, толық көлемде берілуге тиіс. Қандай да болмасын мәліметтерді қоспау ақпаратты жалған немесе адастыруға әкелетіндей және, ізінше, оның орындылығы тұрғысынан сенімсіз және жеткіліксіз етуі мүмкін.

§ 10. Салыстырмалылық

12. Пайдаланушылар оның қаржылық жағдайындағы және қызмет нәтижелеріндегі үрдістерді айқындау үшін субъектінің әр түрлі кезеңдердегі қаржылық есептерін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Пайдаланушылар, сол сияқты әр түрлі субъктілердің қаржылық есептерін олардың салыстырмалы қаржылық жағдайын, қызмет нәтижелері мен ақша қаражатының қозғалысын бағалау үшін салыстыру мүмкіндігін иеленуге тиіс. Осылайша, ұқсас операциялардың қаржылық нәтижелері мен басқа операцияларды әрі жағдайларды өлшеу және көрсету барлық субъект үшін оның жұмыс істеу кезеңінде кезекпен және әр түрлі субъектілер үшін кезекпен жүзеге асырылуға тиіс. Бұдан басқа, пайдаланушыларға қаржылық есептерді жасаған кезде пайдаланылатын есеп саясаты туралы және есеп саясатындағы өзгерістер және осындай өзгерістердің нәтижелері туралы хабарлануға тиіс.

§ 11. Уақтылылық

  1. Орынды қаржылық ақпарат – бұл пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдерге әсер ете алатын ақпарат. Ақпараттық уақтылылығы оның шешімдер қабылдау кезіндегі қол жетімділігінде. Ақпарат беруді ұзақ уақыт кешіктірген жағдайда ол өзінің орындылығын жоғалтуы мүмкін. Басшылыққа есептілікте уақтылы көрсету мен сенімді ақпарат беруде салыстырмалы құндылық арасындағы балансты табуы әкелуі мүмкін. Орындылық пен сенімділік арасындағы балансты айқындау кезінде негіз құрайтын түсінік пайдаланушылар экономикалық шешімдер қабылдаған кезде олардың қажеттіліктерін ең қанағаттандыру деңгейін жоғарылату түсінігі болуға тиіс.

§ 12. Пайда мен залал арасындағы баланс

14. Ақпараттан алынатын пайда оны беру жөннідегі шығындардан асып түсуге тиіс. Пайда мен залалды бағалау едәуір дәрежеде субъективті пайымдауларды пайдалануға негізделген. Оның үстіне шығындардың пайда алатын пайдаланушыларға жатуы міндетті емес. Залал пайда арасындағы балансты айқындау кезінде кәсіпорын ақпарат беруден түсетін пайданы сырттан пайдаланушылардың кең ауқымы да алуы мүмкін екендігін ескеруге тиіс.

§ 13. Қаржылық жағдай

15. Субъектінің қаржылық жағдайы – бұл оның белгілі бір күнгі жағдай бойынша активтері, міндеттемелері мен жеке капиталы. Қаржылық жағдайды өлшеуге тікелей байланысты қаржылық есептердің элементтері активтер, міндеттемелер мен жеке капитал болып табылады. Олар былайша айқындалады:

1) актив – бұл кәсіпорын болашақ экономикалық пайда алуды күтіп отырған өткен оқиғалардың нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын ресурстар;

2) міндеттеме – бұл реттеу экономикалық табыстарды құрайтын ресурстардың шығуына әкелетін бұрынғы оқиғалардан туындайтын дара кәсіпкердің немесе ұйымның қолданыстағы міндеті;

3) капитал – дара кәсіпкердің немесе ұйымның активтеріндегі барлық міндеттемелерді шегергеннен кейін қалған үлес.

16. Активті немесе міндеттемені айқындауға сәйкес келетін кейбір баптар бухгалтерлік баланста осындай баптар осы Стандарттың 27-32-тармақтарда баяндалған тану өлшеулерін орындамаған кезде мұндайлар ретінде танылмауы мүмкін. Атап айтқанда, болашақта активті немесе міндеттемені танымастан бұрын экономикалық пайда алуда немесе оның жылыстауына жеткілікті дәрежеде сенімділік болуға тиіс.