Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шот жоспары.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
3.1 Mб
Скачать

§ 36 Келесі шығындар

82. Актив ретінде танылған негізгі құралдарға жатқызылған оның пайдалы қызметінің мерзімін ұзарту және/немесе болашақ экономикалық пайданы арттыруға әкелетін бастапқы есептелген нормативттік көрсеткіштерден тыс өнімділікті арттыру үшін осы объектінің ахуалын жақсартуға бағытталған келесі шығындар олардың баланстық құнын арттырады. Мысалы, оның қуаттылығын арттыруды, өнім сапасын елеулі жақсартуға қол жеткізу үшін машиналардың бөлшектерін жетілдіруді, бұрын бағаланған операциялық шығындарды елеулі қысқартуға мүмкіндік беретін жаңа өндірістік процестерді енгізуді қоса алғанда модификациялау. Барлық өзге де келесі шығындар олар келтірілген есепті кезеңнің шығыстары деп танылады.

83. Объектінің техникалық ахуалын сақтау және қолдау мақсатында жүргізілетін негізгі құралдарды жөндеуге және пайдалануға арналған шығындар бастапқы құнды арттырмайды, туындаған сәтке ағымдағы шығыстар ретінде танылады. Дұрыс пайдаланбау нәтижесінде апаттар мен активтің өзге бүлінуінің салдары болып табылатын негізгі құралдарды жөндеуге және қайта қалпына келтіруге арналған шығындар шығындарға жатқызылады.

84. Негізгі құралдардың құрауыштары жекелеген активтер ретінде есептеледі, өйткені олардың өздері жатқызылған негізгі құралдарға қарағанда өзге пайдалы қолдану мерзімі бар. Осылайша, негізгі құралдарды тану өлшемдері қанағаттандырылса, негізгі құралдардың құраушын ауыстыру немесе жаңарту кезінде тартылған шығындар жекелеген активті сатып алу ретінде ескеріледі, ал ауыстырылған актив есептен шығарылады.

§ 37 Бастапқы танудан кейін өлшеу

85. Бастапқы танылғаннан кейін негізгі құралдар барлық жинақталған амортизацияны есептен шығарғанда олардың өзіндік құны бойынша ескеріледі.

§ 38 Амортизация

86. Негізгі құралдардың амортизацияланатын құны амортизация арқылы олардың пайдалы қызметі ішінде жүйелі есептен шығарылады.

Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың әсер ету нәтижесі болып табылады.

Моральдық тозу процесті білдіреді, оның нәтижесінде ғылым мен техниканы дамытудың қазіргі заманғы талаптарына сәйкес келмейді.

87. Әрбір кезең үшін амортизацияланатын есептеулер егер олар басқа активтің баланстық құнына енгізілмесе, шығыс ретінде танылады (аяқталмаған құралыс, дайын өнім және т.б.).

88. Негізгі құралдардың әрбір елеулі бөлігі жеке амортизациялануы тиіс. Алайда бірыңғай пайдалы қызмет мерзімі бар және тиісінше амортизация әдісімен активтердің елеулі бөліктері амортизация бойынша шығыстарды есептеу мақсатында топтарға біріктірілуі мүмкін.

89. Пайдалы қолдану мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын құнын жүйелі бөлу үшін амортизацияны есептеудің турасызықты әдісі пайдаланылады, ол активтің пайдалы қолданылуының мерзімі ішінде тұрақты аударымдарға әкеледе.і

90. Негізгі құрпалдарды амортизациялау актив пайдалануға қол жетімді болған және тіпті актив белгілі бір уақыт ішінде іске қосылмаса да оны істен шығарғанға дейін есептелуін жалғастырады.

91. Негізгі құралдардың пайдалы қолдану мерзімі мерзімді қайта қаралып отырады, егер күтім алдыңғы есептеулерден елеулі ерекшелінсе, онда ағымдағы және болашақ кезеңдер үшін амортизациялық аударымдар түзетіледі.