Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Agrobiznes.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
257.71 Кб
Скачать

15.3 Білім алушылардың балдық-рейтингтік оқу жетістіктерінің бағасын дәстүрлік баға шкаласына ауыстыру

Таңбалық жүйе бойынша баға

Сандық эквивалент бойынша баға

Оқу пәнін меңгерудің % мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

15.4 Академиялық тәртіп саясаты

Мінез-құлықты бағалау шарттары

Балл саны

1.

Сабаққа кешігіп келу

  • 1

2.

Сабақ уақытысында ұялы телефонмен қолдануы

  • 5

3.

Практикалық (семинарлық) сабақтарға белсенді қатысуы

+ 3

4.

Басқа да шарттар

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару»факультеті

«Экономика» кафедрасы

ЛЕКЦИЯЛЫҚ КЕШЕН

Agr 3220«Агробизнес» пәні бойынша «5в050600 Экономика» мамандығы Алматы, 2012ж.

1-тақырып. «Кәсіпорындардың ұйымдастырушылық негіздері».

Лекцияның мақсаты: Агробизнестің экономикалық мазмұны, мәні мен түсінігін ашып қарастыру

Лекция сұрақтары

I. Агробизнес пәні және олардың мәні.

II. Агробизнес пәнінің мазмұны.

Лекция мазмұны

Джон Девис 1956жылы ағылшын ғылымы алғаш рет енгізді.

Агробизнес дегеніміз – ауылшаруашылық өнім өндіру, өңдеу және оларды тұтынушыларға жеткізу барысында жұмыс істейтін кәсіпорындарды материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етіп, оның ырғақты жұмыс істеуін ұйымдастыру. Осы тұрғыдан, агробизнес түсінігінің мәні – қазіргі кезде тқмендегі мағынаны береді. Ауылшаруашылық өнім өндіру және оны өңдеу, тұтынушыларға жеткізу үрдісінндегі технологиялық, ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктердің жүйелі түрде жұмыс істеуі және оның экономикалық көрінісі деп айтуға болады.

Бұл пәнде бірінші агробизнес жүйесіндегі ресурстары, ерекшелігі, қызмет істеуі және экономикалық тетіктері мен әдістері туралы оқып үйренеміз.

Курс пәні болып өндірістік күштер мен өндірістік қатынастарды, ауыл шаруашылығындағы олардың өзара әрекеті мен шарттарды зерттеу табылады.

Курстың міндеттері:

1. Экономикалық есептеулердің негізделуін қамтамасыз ету мақсатымен негізгі экономикалық әдістерді меңгеру.

2. Ауыл шаруашылығын ұйымдастыру және технологияны рационализациялауға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін бағалауды үйрену.

3. Басқаруашылық шешімдерді қабылдау үшін қажетті экономикалық ақпараттарды жинау, жүйелендіру және дайындау.

4. Ресурстарды пайдалану тиімділігі.

5. Нарық жағдайында ауылшаруашылық өнімге сұраныстың қызметін зерттеу.

Агробизнестің ортаңғы буыны болып басқа салаларды байланыстыратын ауылшаруашылығын жатқызуға болады.

Агробизнес кешені

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Агробизнестің экономикалық мазмұны және ерекшеліктері қандай?

  2. АӨК мен агробизнестің құрылымын сипаттаңыз

  3. Агробизнес қалыптасуының және аграрлық өндірістің табиғи-биологиялық пен әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері қандай?

  4. Қазақстандағы агробизнестің дамуының негізгі бағыттарын атаңыз.

  5. АӨК шағын және орта бизнесті ұйымдастыру және перспективалары қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

2-тақырып. «Агробизнесті жоспарлауды ұйымдастыру»

Лекцияның мақсаты: Агроөнеркәсіп кешені, оның құрылымы мен ерекшеліктерін қарастыру

Лекция сұрақтары

  1. Агроөнеркәсіп кешені және оның құрамы.

  2. Қазақстан Республикасындағы агроөнеркәсіп кешенінің ерекшеліктері.

  3. Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты даму бағытындағы мақсаттары.

Лекция мазмұны

I. Агроөнеркәсіп кешені туралы түсінігі өткен ғасырдың 70 жылдары пайда болды. Бұның негізгі туындау себебі өнімді өндіріп қана қоймай (шикізат өнімдері), оның бағыты мен мақсатына байланысты, тұтынушыларға түпкі өнім өндіру қажеттеріне байланысты әр түрлі кәсіпорындардың үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуден туындаған құрылым деп айтуға болады. Яғни, агроөнеркәсіп кешені – ауылшаруашылық өнім өндіретін кәсіпорынның негізгі құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ететін кәсіпорындар, ауылшаруашылық кәсіпорындар және өнім өңдейтін, оны тұтынушыға жеткізетін, қызмет көрсететін кәсіпорындардың жиынтығын құрайды, яғни агроөнеркәсіп кешені негізінен 3 сферадан тұрады:

1) өнім өндіретін кәсіпорындарды ресурстармен қамтамасыз ету, яғни материалдық-техникалық сфера.

2) ауыл шаруашылықтың өзі (мыс: шаруа қожалықтары, өдірістік кооператив, серіктестіктер, т.б.)

3) өнім өңдейтін, оны тұтынушыға жеткізетін кәсіпорындар.

II. Агроөнеркәсіп кешенінің ерекшеліктері:

1) Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенінің құрамында ауыл шаруашылықтың үлесі әлі де болса жоғары

2) Агроөнеркәсіп кешенінің құрамында 1-ші мен 2-ші сфералардың дамуын одан әрі жоғарылату қажет

3) Әсіресе 3-ші сфераның даму қарқынын жеделдету қажет. Оның себебі өнімді өңдеу, кәсіпорындарды дамыту, жаңа кәсіпорындарды құру арқылы салалы түпкі өнім алу аясын кеңейту

4) Ауыл шаруашылық жүйесіндегі негізгі салаларды, яғни өсімдік шаруашылығындағы мен мал шаруашылығындағы арасындағы үйлесімділікті одан әрі дамыту 5) Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе мал шаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайтуды одан әрі дамыту 6) Қазақстанның халықтарының құрамын ескеріп және оның жас ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

III. Бағыттары:

1) Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету

2) Агроөнеркәсіп жүйелерінің ұтымды түрде дамытуда экономикалық механизмдерді одан әрі жетілдіру

3) Агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыру шаруашылық жүргізудің жаңа түрлерін дамыту. (кластерлер жүйесін қалыптастыру, халықтық кәсіпорындарды дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларды дамыту, т.б.)

4) Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына енетін әр түрлі сфералардың аудан деңгейінде, облыс және республика деңгейінде оңтайлы құрамын қалыптастыру

5) Агроөнеркәсіп кешендерінде материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану және олардың қажетті деңгейңн қалыптастыру. (нормативтік)

6) Еңбек өнімділігін арттыру және өнімнің өзіндік құнын төмендету.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Қазақстан агроөнеркәсіп кешеніндегі әртүрлі меншіктегі шаруашылықты жүргізу құрылымы, қалыптасуы және дамуы.

  2. Әртүрлі меншіктегі кәсіпорындардағы өндіріс жағдайы және тиімділігі.

  3. Нарықтық экономика жағдайында агроөнеркәсіп кешені кәсіпорындарындағы кәсіпкерлік түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

    2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

    3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

    4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

3-тақырып. Ауылшаруашылық өнімін өндіруді ұйымдастыру

Лекцияның мақсаты: Ұлттық экономика жүйесіндегі ауыл шаруашылығымен танысу

Лекция сұрақтары

I. Ауыл шаруашылықтың жүйесінің маңызы және рөлі. II. Ауыл шаруашылықтың ерекшеліктері.

III. Ауыл шаруашылықтың тұрақты даму жолындағы міндеттері және бағыттары.

Лекция мазмұны

II. Ауыл шаруашылықтың төмендегідей ерекшеліктерін атауға болады:

1) ауыл шаруашылық жүйесінің қорытындысы табиғи-экономикалық жағдайларға байланысты болып келеді

2) ауыл шаруашылығында негізгі құрал-жабдықтардың бірден бір көзі – жер болып есептеледі, яғни жердің сапасы, құнарлылығы өнімнің өсіп-өнуіне, оның көлеміне тікелей әсер етеді

3) өнім алу үрдісі мен еңбекті жұмсау үрдісі үнемі сәйкес келмейді, яғни маусымдылық ерекшеліктері бар

4) маусымдылықтың әсерінен ауыл шаруашылығында өнім өндіру үрдістерінде белгілі бір деңгейде қор жасау

5) ауыл шаруашылық жүйелерінде басқа салаға қарағанда материалдық-техникалық және қаржылық-қаражаттық қорлар жасауымыз қажет

6) ауыл шаруашылық жүйесіндегі алынған кейбір өнімдер осы жүйедегі негізгі шикізат және өнім өндіруне қажетті зат ретінде пайдалану.

Мыс: өсімдік шаруашылығынан қажетті тұқымдық өнім алу үшін шикізат көзі болып табылады, мал шаруашылығында - жем-шөп көзі болып табылады 7) жоғарыда аталған ерекшеліктер өз кезегінде бұл жүйедегі экономикалық тетіктердің қызмет істеуіне және пайдаланылуына септігін тигізіп, ерекше көріністерге ие болды.

III. 2002 жылы 5 маусымда №889 болатын Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасын 2003-2005 жылдарға арналған «агро азық-түлік бағдарламасы» қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты тиімді агроөнеркәсіп кешенінің жүйесін және бәсекеге қабілетті өнім өндіру негізінде Қазақстанның азық түлікпен қамтамасыз етуі көрсетілді.

Бағдарламаның мақсаттары:

1) еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

2) тиімді агробизнес жүйесін қалыптастыру

3) сатылатын ауыл шаруашылық өнімдерінің өндіру көлемін көбейту, оның өңделген өнімдерін ішкі және сыртқы нарыққа шығару

4) ауыл шаруашылық өндірісін мемлекеттік қолдау шараларын оңтайландыру.

Жоғарыда аталған міндеттерге сәйкес бағдарламалардың басым бағыттары анықталды.

Басым бағыттарына, жоғарыда аталған 4 міндетке қосымша тағы бір басымдық белгіленді. Бұл басымдық ауыл шаруашылық өнімдерінің импортты азайту тұрғысынан анықтау.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін төмендегідей қаражат көздері анықталды:

  • Мемлекетттік бюджеттен 150 миллиард тенге ақша бөлу көзделді

  • Жергілікті бюджеттен және де шаруашылық жүргізу нысандарының есебінен қаржы-қаражат көздерін дамыту көзделді

  • Бюджеттен тыс қаражат көздері, яғни шет елдік инвесторлардың қаражат көздерінен әр түрлі гранттар ұтып алу.

Бағдарламаның түпкі мақсаты болып – сала экономикасының дамуын қамтамасыз ету және халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында, оның тиімділігін №бағалау мақсатында негізгі үш критерийден тұратын 16 көрсеткіш анықталды:

  1. халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету және оның тұрақтылық деңгейіне қол жеткізу:

    • азық-түліктің физикалық және экономикалық қол жеткізу еңгейіне қамтамасыз ету. Азық-түліктің физикалық қол жеткізу деңгейі төмендегі көрсеткіш арқылы анықталады:

Фқж =

Нақты тұтыну деңгейі

Стандартты тұтыну деңгейі

Экономикалық қол жеткізу деңгейі төмендегі көрсеткішпен анықталады:

Эқж=

Ең төменгі жалақы

* 100%

Мин.расчетный показатель

  • импорттық азық-түліктің ішкі тұтыну мөлшерін азайту

  • азық-түліктің мемлекеттік материалдық қорлардағы мөлшерін қамтамасыз ету

  • азық-түліктің ғылыми негіздеоген тұтыну мөлшеріне өол жеткізу

  • азық-түліктің сап астандарты мен қауіпсіздік деңгейіне өол жеткізу.

2. ауыл шаруашылық өндірісі мен өнімді өңдеу тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер:

  • агробизнес және өнім өңдеуші кәсіпорынның табысын үйлестіру

  • ғылымға негізделген агротехнология және өнім өңдеу технологияларын жетілдіру

  • негізгі азық-түліктің ішкі бәсекелестік қабілеттілігін арттыру

  • сыртқы сауда айналымы мен ішкі сауда айналымдарының арасында тепе-теңдікті қалыптастыру

  • халықты жұмыспен қамтамасыз ету.

3. агроөнеркәсіпті мемлекет тарапынан реттеудің көрсеткіштері:

  • агроөнеркәсіп кешенін одан әрі дамыту үшін мемлекеттік қолдауды жақсарту

  • кедендік-тарифтік салық жұйесін одан әрі оңтайландыру

  • азық-түлікті өндіру жүйелерінде баға жүйесін жетідіру

  • мемлекет тарапынан ауыл шаруашылық өнімін өндіруді қадағалау

  • ауыл шаруашылық жүйесінің экономикалық тиімділігін жақсартуға қолдау көрсету.

Осы бағдарламаны жүргізу барысында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 20%-ға жоғарылады, кейбір азық-түлікті шетелден сатып алу төмендейді. 2002 жылға қарағанда 2005жылы біздің республика 200-ге тарта өнімді шет елге шығарған. (Туран Рахмановтың мәліметі бойынша 10.10.2006 жылы «Казахстанская Правда» гаэетінде жарияланған. «Казахстан на мировом рынке»)

33 түрлі өнімді экспортқа шығарудан Қазақстан 1-35 орында тұр. Олар қымыз бен шұбат өндіруден 1-ші орын, жылқы етінен 3-ші орын, ет өндіруден 29-шы орында, қант өндіруден 35-ші орында. Алдағы жылда бұл көрсеткіштерді жоғарылату көзделген.

Осы тұрғыдан алғанда аграрлық салалар мен агробизнестің алдағы жетістіктерінен зор үміт күтуге болады. Қазіргі кезде Қазақстан 56

мемлекетпен қоса ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығарады. Осы мәліметтерге қарасақ, 2002 жылы ауыл шаруашылық экспорты 659,99 миллион долларды құраған. Ол республика бюджетінің 12% құрады.

2004-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының «Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасы» және 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Респубоикасының «Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты даму бағдарламасына» сәйкес төмендегі іс-шараларды жүргізу көзделген:

1) агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыру

2) агроөнеркәсіп кешеніне ғылыми негізделген озық технологияларды енгізу

3) ғылымды дамыту және инновациялық жүйелерді пайдалануды жақсарту

4) инфраструктура жүйесін жақсарту (қаржы және сақтандыру институттарын дамыту)

5) кластерлер жүйесін дамытуға басымдық беру

6) ауыл шаруашылық өнімдерінің рыногын қалыптастыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы бағытқа 2006-2010жылы 4,4 миллиард доллар мемлекетік жүйеден берілу көзделіп отыр. 2002жылы ауыл шаруашылық жүйесін дамытуға 21,5 миллиард тенге бөлінген, 2003жылы -40,4 миллиард тенге, 2004жылы - 48,7миллиард тенге, 2005жылы - 57,5 миллиард тенге бөлінген.

Қазақстан 1га егістік жерге 14,6 доллар

Канада 1га егістік жерге 83,0 6 доллар (6 есе көп)

АҚШ 1га егістік жерге 412,0 доллар (30 есе көп)

ЕЭС 1га егістік жерге 1112,0 доллар (77есе көп)

Корея 1га егістік жерге (260есе көп)

Исландия 1га егістік жерге 46303,2 доллар

Япония 1га егістік жерге 6144,2 доллар

Израиль 1га егістік жерге 3175,4 доллар

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Нарық жағдайында АӨК кәсіпорындарындағы кәсіпкерлік нысандары қандай?

  2. Жеке кәсіпкерлік және оның нарыққа көшу кезеңіндегі даму ерекшеліктері қандай?

  3. Кәсіпкерлік құрылымдардың сапалық көрсеткіштерін атаңыз

  4. Кәсіпкерлік құрылымдардың схемасы қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

4-тақырып. Өндіріске қызмет көрсетуді ұйымдастыру және ауыл шаруашылық өнімін өткізу

Лекцияның мақсаты: Ауыл шаруашылығының көпукладты экономиканың қалыптасуын қарастыру

Лекция сұрақтары

I. Шаруашылықтану нысандарының жіктелуі

II. Шаруашылық серіктестіктердің дамуы

III. Жеке үй шаруашылықтары және кооперативтер

IV. Шаруа фермерлер қожалықтарының ұйымдастыру нысандары және қалыптасу жағдайы.

Лекция мазмұны

I. Экономикалық реформалардың барысында ауыл шаруашылығында әр түрлі белгідерге қатысты кәсіпорындар пайда болды:

1) Құқықытық заңды жағдайларына байланысты жеке және заңды тұлғалар

2) Меншік түріне байланысты жеке және мемлекеттік және аралас

3) ұйымдастыру-құқықтық және құрылымы бойынша Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестіктер, Акционерлік Қоғамдар, Өндірістік кооперативтер, шаруафермерлік қожалықтар, агроөнеркәсіптік бірлестіктер

4) Өндірістің көлеміне байланысты шағын, ірі және орта

5) Мамандану деңгейіне байланысты өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, көп салалы, қайта өңдеу, қызмет көрсету

6) Қызметтік міндеті бойынша өндірістік, коммерциялық және қаржылық

7) Экономикалық қатынас түрі бойынша әкімшілік, жергілікті және жалпы мемлекеттік.

Шаруа фермерлер қожалықтарының негізгі принциптері:

1) шаруашылық қызметті бірігіп жүргізуді шешкен адамдардың ерікті түрде бірігуі

2) жерді өңдеудің басқа да негізгі және қосымша қорлар иелену және пайдалануға толық құқығы

3) өндірістің бағытын, құрылымы мен көлемін еркін таңдау және қызметін өз бетінше жүзеге асыру

4) мемлекеттік кәсіпорындармен, ұйымдармен және азаматтармен барлық өзара қарым-қатынас келісім-шарттық негізінде жүргізіледі

5) өндірілген өнімге және алынған табысқа меншіктің толық құқы және оларды өз қалауынша толық пайдалану

6) өз міндеттемелері бойынша қызметтің түпкі нәтижелері үшін толық жауапкершілік.

Шаруа фермерлік қожалықтар ұйымдық тәсілдер бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1) жеке азаматтар жеке қызмет тәртібімен жүргізілген шаруа қожалықтары

2) бір отбасылық шаруа қожалықтары

3) көп отбасылық шаруа қожалықтары (белгілі бір туысқандық байланыстарға байланысты)

4) оперативтердің түрінде құрылатын бір пікірлес жұмысшылардың тікелей шаруа қожалықтары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Ауыл шаруашылықта меншік түсінігі, түрлері, және формалары қандай?

  2. Мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарды жекешелендіру мақсаты.

  3. Ауылшаруашылық өндірістің негізгі және айналым капиталының құнын анықтау ережесі. Мүліктік және жер пайы есептеу әдісі.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

5-тақырып. «Кәсіпорын ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру. Жер ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру»

Дәрістің мақсаты: Нарық жағдайындағы жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігін анықтау

Дәріс сұрақтары

I. Жердің ерекшеліктері. Жер ресурстарын бағалау.

II. Дифференциалдық рента. Экономикалық мазмұны және нысандары.

III. Жер қоры. Ауыл шаруашылық жерлерінің құрамы.

IV. Жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігі.

V. Жер ресурстарын пайдалануын анықтайтын факторлар.

Дәріс мазмұны

I. Ерекшеліктері:

1) жер – табиғат жемісі

2) жердің өзгермейтіндігі

3) жердің тұрақтылығы

4) жердің территориялық шектеулігі 5) сапа бойынша жер учаскелерінің әр түрлілігі

6) жердің құнарлығы

- табиғи құнарлық (ұзақ мерзімді)

- жасанды құнарлық

- экономикалық құнарлық

- абсолютті құнарлық (өнімділікке байланысты)

- салыстырмалы құнарлық

Жердің экономикалық бағасы екі аспектіде қарастырылады:

1) жер өндіріс құрал-жабдықтары ретінде жалпы бағаланады

2) жекелеген ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің тиімділігі бойынша жеке ішінара бағаланады.

Көрсеткіштер ретінде:

1. негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі

2. шығындардың өтімділігі

3. пайдаланатын жердің тиімділігі

4. дифференциалды таза табыс

II. 1-ші дифференциалды рента – жер учаскелерінің шектеулігімен, орналасуымен және салалардың әр түрлілігіне байланысты. Басқаша айтқанда, ол – құнарлы бойынша рента деп аталады.

2-ші дифференциалды рента - өндірісті интенсификациялау барысында бір жер учаскесін біртіндеп тиімді шығындарды енгізе отырып, қосымша үстеме пайда аламыз. Басқаша айтқанда, ол – қоғамдық және өндіріс бағаларының айырмашылығына тең болады.

III. жер қорлары арнайы мақсаттарға құрылымына байланысты 7 категорияларға бөлінеді:

1) ауыл шаруашылық мақсаттарына байланысты жерлер

2) елді мекенді жерлер

3) өнеркәсіп, транспорт, байланыс және тағы басқа да ауыл шаруашылық мақсаттарындағы емес жерлер

4) табиғатты қорғау және сауықтыру

5) орман қоры жерлері

6) су қоры жерлері

7) босалқы жерлер

Ауыл шаруашылық жерлері

Егістік

жайылым

шабындық

Көп жылдық екпе ағаштар

IV. Эж= ЖӨ(ТӨТ) *100 ц/га

Жа.ш.(Жж)

ЖӨ(ТӨТ) – жалпы тауарлы өнімнің және табыстың көлемі және құны

Жа.ш.(Жж) – ауыл шаруашылық және жыртылған жерлердің көлемі.

1. Заттай көрсеткіштер:

- ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігі 1ц/га

- 100 га ауыл шаруашылық жерлеріне шаққанда мал шаруашылығының өнімдерін есепке аламыз

- 100 га жыртылған жерлерге шаққанда өсімдік шаруашылығының өнімдері

- 100 га дәнді-дақылдар егістігіне шаққанда құс еті және жұмыртқа

Ауыл шаруашылық айналысқа жерлерді енгізу деңгейіне байланысты төмендегі көрсеткіштерді анықтайды.

1. Жер ресурстарын пайдалану коэффициенті төмендегідей:

Кжер=

Жа.ш.

Жб.р.

Мұндағы:

Жа.ш. – ауыл шаруашылығындағы жер көлемі

Жб.р. – шаруашылыққа бекітілген барлық жер ресурстары

2. Ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану коэффициенті

Ка.ш.=

Жж.

Жа.ш.

Мұндағы:

Жж. – жыртылған жердің көлемі

Жа.ш. – ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі

3. Жыртылған жерлерді пайдалану коэффициенті

Кж.=

Же.

Жж.

Мұндағы:

Же. – бүкіл егістік көлемі

Жж. – жыртылған жердің көлемі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Жердің өндіріс құралы ретіндегі ерекшелігі қандай?

  2. Жердің құрамы мен трансформациясы қандай?

  3. Қазіргі кездегі жер заңдары атаңыз

  4. ҚР Жер кодексін қолдану тәртібі және мазмұны қандай?

  5. Жер кадастры дегеніміз не?

  6. Жерді экономикалық бағалау әдістері қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

6-тақырып. «Материалдық-техникалық ресурстар және оларды пайдалану»

Дәрістің мақсаты: Материалдық-техникалық ресурстар және оларды пайдалануды қарастыру

Дәріс сұрақтары

I. Материалдық-техникалық ресурстардың түсініктемесі және жіктелуі.

II. Ауыл шаруашылықтың механизациялау құралдары және энергетикалық ресурстары.

III. Агроөнеркәсіп кешеніндегі ресурстарды сақтандырудың негізгі жолдары .

Дәріс мазмұны

I. Ресурстар – бұл табиғи байлық, материалдық, заттық құндылықтар және тұтыну, өндіріс процесстеріне қатысатын адамдардың жиынтығы.

Ауыл шаруашылығында ресурстар төмендегі белгілер бойынша жіктеледі:

1) шығу тегі бойынша ресурстар:

- табиғи

- экономикалық болып бөлінеді.

Экономикалық ресурстары өзара:

- материалдық

- қаржылық

- еңбек реурстары болып бөлінеді.

2) өндіріске қатысы бойынша ресурстар:

- қалыптасқан

- потенциалды

Қалыптасқан ресурстар – шаруашылық айналымдағы жалпы ресурстардың белсенді бөлігі (өндіріске тікелей қатысады).

Потенциалды ресурстар - өндірістік процесстерге қатыспайтын, бірақ болашақта қатысатын ресурстар.

3) Пайдалану белгісі бойынша ресурстар:

- өндірістік

- өндірістік емес

өндірістік ресурстар құрамына жер, материалдар және еңбек ресурстарын жатқызамыз

4) ұдайы өндіріс тәсілі бойынша ресурстар:

- ұдайы өндірістік

- ұдайы өндірістік емес

Қдайы өндірістік емес ресурстарға су ресурстарын, орман шаруашылығын, байлық өазбаларын жатқызамыз.

Ауыл шаруашылығында материалдық ресурстардың ерекшелігі:

1) материалдық-техникалық ресурстардың құрамдас бөлігі болып жер табылады

2) материалдық-техникалық ресурстар табиғат жағдайларына тәуелді

3) материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалануы өндіріс маусымдылығына тәуелді

4) материалдық-техникалық ресурстардың көлемі және құрылымы мемлекеттің аймақтары бойынша өзгереді 5) материалдық-техникалық ресурстардың құрамына тірі организмдерді жатқызамыз 6) материалдық-техникалық ресурстар өнеркәсіптік өндіріс құралдарына және ауыл шаруашылығында пайда болған құралдардан тұрады 7) материалдық-техникалық ресурстарды тиімді пайдалану агроөнеркәсіп кешенінің барлық өрістер қызметтерімен тікелей байланысты.

Энергетикалық ресурстар ауыл шаруашылығындағы материалдық-техникалық ресурстардың ең белсенді ресурстары болып табылады. Олар: электроқұралдардың және механикалық және электродвигательдердің қуаты, сонымен қатар механикалық күшке шаққандағы жұмыс малдарының санымен анықталады.

Ауыл шаруашылығының энергетикалық ресурстармен қамтылуын төмендегі көрсеткіштермен анықтайды:

1) энергиямен қамтылуы – бұл барлық энергетикалық қуаттары мен ауыл шаруашылық жерлері арасындағы қатынас

2) энергиямен қарулануы – бұл энергетикалық ресурстардың қуаттары мен ауыл шаруашылығындағы орташа жылдық жұмысшылар арасындағы қатынастар

3) ауыл шаруашылығындағы машина-трактор паркінің тиімді пайдалануын затты және құнды көрсеткіштер жүйесімен анықталады.

Заттық көрсеткіштер:

    • бір трактордың маусымдылық және жылдық өнімділігі

    • сағаттық, бір күндік және маусымдық өнімділігі

    • бір жылдағы істелінген машина, күн саны.

Құндық көрсеткіштер:

    • өнім бірлігіне кеткен эксплуатациялық шығындар

    • эталонды және физикалық гектардың өзіндік құны

    • машина сатып алуға кеткен күрделі шығындардың өтімділік мерзімі

III. Ресурстарды сақтандыру – бұл барлық ресурстарды рационалды және тиімді пайдалануға бағытталған ғылыми-техникалық, ұйымдастырушылық, экономикалық және тәрбие шараларының жүйесі. Бұл қоғам дамуының әлеуметтік және өндірістік проблемаларды шешудің негізгі шарты болып табылады.

Ресурстарды сақтандырудың экономикалық реттеу жүйесі төмендегі элементтерден тұрады:

1) өнімдердің тазалығы, ресурстарды пайдалану нормативі және қоршаған ортаның ластануы

2) жеңілдіктер, санкциялар және төлеу жүйесі

3) ресурстарды сақтандырудың экономикалық жағдайларын қадағалау жүйесі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Материалдық – техникалық ресурстардың экономикалық мазмұны қандай?

  2. Материалды– техникалық ресурстардың жіктелу мен түсінігі?

  3. Ауыл шаруашылығының механизациялау құралдары мен энергетикалық ресурстары қандай?

  4. АӨК-гі ресурстарды сақтаудың негізгі жолдары қандай?

  5. Ресурстардың қалыптасуындағы лизингтің ролі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

7-тақырып. «Негізгі және айналым капиталы»

Дәріс мақсаты: Ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталды қарастыру

Дәріс сұрақтары

I. Негізгі құралдардың түсініктемесі және жіктелуі

II. Негізгі құралдардың ұдайы өндірісі

III. Негізгі құралдардың тиімді пайдалану көрсеткіштері

Дәріс мазмұны

I. Жіктелуі:

1) өндірістік процесске қатысуына байланысты негізгі құралдар:

- өндірістік(тікелей қатысады)

- өндірістік емес(жанама қатысады)

2) негізгі өндірістік құралдар ауыл шаруашылық өнімін өндіруіне байланысты екі топқа бөлінеді:

- ауыл шаруашылық мақсаттарындағы

- ауыл шаруашылық мақсаттарындағы емес

3) түрлік құрлымына байланысты 11 ірі топқа бөлінеді:

- үйлер

- ғимараттар

- беріліс қондырғылар

- машиналар және жабдықтар

- транспорт құралдары

- өндірістік және шаруашылық құрал-сайман

- жұмыс малы

- өнім беретін мал

- көп жылдық екпе ағаштар

- жерді жақсарту мақсатындағы күрделі салымдар

- аспаптар және т.б. негізгі құралдар

4) салалық құрылымына байланысты:

- өсімдік шаруашылығы

- мал шаруашылығы

- жалпы мақсаттағы негізгі қорлар

5) пайдалану деңгейіне байланысты:

- жұмыс істейтін

- жұмыс істемейтін

- запастағы негізгі қорлар.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі негізгі өндірістік құралдардың құрылымы (% есебінде)

- негізгі өндірістік құралдардың барлығы - 100%

- пассивті бөлігі - 46,5%. Оның ішінде:

- үйлер - 26,7%

- ғимараттар - 19,8%

- активті бөлігі - 53,5%. Оның ішінде:

- беріліс қондырғылар - 10,3%

- машиналар мен жабдықтар - 36,5%

- есептеу техникасы - 1,4%

- өлшеу жабдықтары - 1,8%

- транспорт құралдары - 2,4%

- басқа қорлар - 1,1%.

II. Негізгі құралдардың ұдайы өндірісі – негізгі құралдарды, қорларды ауыстыру процесі.

III.

Негізгі құралдардың тиімді пайдалану көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

1-топ – негізгі

1) Қор сыйымдылығы (Қс)

Қс =

негізгі қорлардың орташа жылдық құны

өндірілген қнімнің құны

2) Қор қайтарымдылығы (Ққ)

Ққ =

өндірілген өнімнің құны

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

3) Өндірісті қормен қарулану (Ққө)

Ққө =

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі

4) Еңбекті қормен қарулану

Қор =

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Жұмысшылардың орташа жылдық саны (Р)

2-топ – қосымша

1) машина-трактор паркін пайдалану коэффициенті

2) машиналардың пайдалану деңгейі

3) 1жылдағы істелінген машина, күндер саны

3-топ – негізгі қорлардың өзгеруін сипаттайтын көрсеткіштер

1) негізгі қорлардың жаңарту коэффициентң (Кж)

Кж =

Негізгі қорлардың енгізілген құны

Негізгі қорлардың жыл аяғындағы құны

2)

Негізгі қорлардың жаңару мерзімі=

Негізгі қорлардың жыл басындағы құны

Негізгі қорлардың енгізілген құны

3) негізгі қорлардың шығару коэффициенті (Кш)

Кш =

өндірістен шығып қалған негізгі құралдардың құны

Негізгі құралдардың жыл басындағы құны

4) Негізгі қорлардың өсім коэффициенті (Көсім)

Көсім =

Негізгі қорлардың өсім құны

Негізгі қорлардың жыл басындағы құны

5) негізгі қорлардың орташа жылдық құны

Н.қ.орташа жылдық құны =

Негізгі қорлардың жыл басындағы құны

+

Негізгі қорлардың енгізілген құны +Na

-

Негізгі қорлардың шық. (12 - Na)

12

12

Na – пайдаланылған айлар саны

«Ауыл шаруашылығындағы айналым капиталы»

I. Айналым капиталының мәні, жіктелуі

II. Капиталдың ауыспалы айналымы

III. Айналым капиталын сипаттайтын көрсеткіштер.

I.

Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік процесске толығымен қатысатын, толық түрде пайдаланылатын және ақша түрінде қайтыпоралатын кәсіпорынның мүлкі.

  • Ауыспалы айналым процесіне байланысты айналым капиталы 2-ге бөлінеді:

    1. өндірістік айналым қоры

    2. өндірістік айналыс қоры

Өндірістік айналым қорына өндірістік запастар және өндірістік процесске қатысатын және тікелей пайдаланылатын шикізаттар, айқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығындары.

Өндірістік айналыс қорына дайын өнім, дебиторлық қарыздар, ақша-қаражаттар.

  • Қалыптастыру көзіне қарай айналым капиталы 2-ге бөлінеді:

    1. меншіктік

    2. қарыз

Меншіктік айналым капиталына өндірістік запастар, дайын өнімнің қалдықтары, аяқталмаған өндіріс және болашақ кезең шығындары.

Қарызға банк несиелері жатады.

  • Жоспарлау ерекшеліктеріне байланысты айналым капиталы 2-ге бөлінеді:

    1. мөлшерлеу (мөлшерленген)

    2. мөлшерлемеу (мөлшерленген емес)

Мөлшерлеу айналым капиталына өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс және болашақ кезең шығындары және дайын өнім.

Мөлшерлеу айналым капиталына дебиторлық қарыздар және ақша қаражаттары жатады.

II. Айналым капиталы жалпы 3 кезеңнен тұрады:

1-ші кезеңде – кәсіпорын ақша қаражаттарын, еңбек заттарын, яғни шикізатты сатып алуға жұмсайды

2-ші кезеңде - өндірістік қор мен жартылай фабрикаттар айналыстың нәтижесінде дайын өнім пайда болады

3-ші кезеңде – дайын өнім сатылады, айналым қоры өндірістен айналысқа өтеді және қайтадан ақшалай нысанға айналады.

Бұл капиталдың ауыспалы айналымы деп аталады және осы қысқаша төмендегі формула бойынша белгілеуге болады.

А – Т

ҚЖ

....Ө....Т – А

ЖК

Мұндағы:

А – капитал

Т – шикізат

Қж – құрал–жабдық

Жк – жұмыс күші

Ө – өндіріс

Т – дайын өнім

А – түсім

III. Айналым капиталын сипаттайтын көрсеткіштер:

1) айналым капиталының айналым коэффициенті

Кайн =

Ө

АҚ

Мұндағы:

Ө - өткізілген өнімнен түскен түсім

АҚ – айналым қорларының орташа жылдық құны

2) бір айналымның ұзақтығы

Ұайн =

Т

Кайн

Немесе

Ұайн =

Т*АҚ

Ө

Мұндағы:

Т – айналымның ұзақтығы (күн)

3) Бекіту коэффициенті – айналым коэффициентіне кері шама

Кбекіту =

АҚ

Ө

4) өнімнің материал сыйымдылық коэффициенті

Мсыйым. =

М

ӨК

Мұндағы:

М – материал, шикізат,отын, энергия

ӨК - өндіріс көлемі

5) өнімнің материал қайтарымдылық коэффициенті

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Өндірістік құралдардың нарығы, оның қалыптасуы мен қызмет ету мәселелері қандай?

  2. Негізгі өндіріс құралдарының құрылымы мен құрамының мәні қандай?

  3. Ауылшаруашылық мақсатындағы өндірістік негізгі қорлардың шығу және жаңарту коэффициентерін атаңыз

  4. Негізгі қордың амортизациялық есептеу және қайта өндіру көзі қандай?

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

8-тақырып. «Ауылшаруашылығындағы еңбек ресурстары және еңбек өнімділігі»

Дәріс мақсаты: Ауылшаруашылығындағы еңбек ресурстары және еңбек өнімділігін талдау

Дәріс сұрақтары

I. Еңбек нарығының түсініктемесі

II. Агроөнеркәсібіндегі еңбектің ерекшеліктері

III. Жұмыс бастылығы және ауыл шаруашылығындағы жұмыссыздық

IV. Еңбек ресурстарының тиімді пайдаланудың көрсеткіштері

V. Еңбек өнімділігі түсініктемесі, көрсеткіштері, анықтау әдістемесі.

Дәріс мазмұны

I. Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін ұлғайту барысындағы еңбекке деген жеке қабілеттіліктің өмірге қажетті құралдармен алмастырудағы еңбек қатынастарының жиынтығы.

Еңбек нарығының қалыптасуына әсер ететін жағдайлар:

1) нарықтағы субъектердің көптілігі

2) жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс

3) нарықтық ынталандыру (мотивация)

4) нарықтық бәсеке

II. Еңбектің ерекшеліктері:

1) қндірістің биологиялық құралдарының дамуына қолайлы жағдай жасау

2) еңбектің тиімділігінің табиғи факторларына тәуелділігі

3) еңбек ресурстарындағы өз-өзін басқару

4) еңбектің маусымдылығы

5) жұмысшылардың бірнеше еңбек функцияларын ауыстыру

6) ауыл шаруашылығындағы соңғы экономикалық нәтиже еңбекке тәуелділігі.

III.

«Толық жұмысбастылық» ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады.

Жұмыссыздық деңгейі – бұл жұмыс істеуді қалайтындардың жалпы санының ішінде жұмысы жоқ азаматтардың статистикалық көрсеткіші (% түрінде)

Жұмыс күші =

Жұмыс істейтіндер саны +

Жұмыссыздар саны

Жұмыссыздық деңгейі =

Жұмыссыздар саны

* 100%

Жұмыс күшінің жалпы саны

Жұмыссыздық түрлері:

1) уақытша

2) құрылымдық

3) циклдік

Уақытша жұмыссыздық – жұмыс іздеп жүргне немесе жұмыс орнын алуын күтіп отырған адамдар.(ол жұмыстың қайта жаңғыруымен және іздеумен байланысты) Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын «білімдері» бар деп есептеледі.

Құрылымдық жұмыссыздық – уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында ішрзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл кезде еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Бұл жұмыссыздық түрі ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.

Циклдік жұмыссыздық – құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде «сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық» деп те атайды.

IV.Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері:

1) Еңбек ресурстарын пайдалану коэффициенті

Кт=

Тф

Тн

Мұндағы:

Тф - өндірістік прцеске қатысатын нақты жұмысшылар саны

Тн – барлық жұмысшылардың саны

2) Бір жылдағы жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті.

Кг=

Рф

Рв

Мұндағы:

Рф – бір жылдағы нақты істелінген жұмыс уақыты

Рв – жұмыс уақытының ықтимал қоры

3) Бір күндегі жұмыс уақытын пайдалану коэффициенті.

Кд=

Вф

Вр

Мұндағы:

Вф – бір күндегі нақты істелінген жұмыс уақыты

Вр – бекітілген жұмыс уақыты (8сағат)

4) Маусымдылық коэффициенті.

Кс=

3max(min)

3 орт.

Мұндағы:

3max(min) – бір айдағы еңбек ресурстарының максималды немесе минималды жұмысы

3 орт – еңбек ресурстарының орташа алық жұмысбастылығы.

Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануына әсер ететін факторлар:

1) өнеркәсіптік қосалқы өндірістің дамуы

2) өндірістік құрылымын жетілдіру және оның ғылыми-техникалық жаңаруы 3) кәсіпкерлік қызметтің дамуы 4) жқмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсарту 5) еңбекті пайдаланудағы аймақтық және салалық жағдайларды есепке алу

V.

Е=

Жө

t

Еңбек өнімділігі

Еңбек өнімділігіне қарсы көрсеткіш еңбек сыйымдылығы

C=

T

Жө

Еңбек сыйымдылығы

Көрсеткіштер:

Е

Толық

қосымша

заттай

Ақшалай

бірлік

суммарлық

1 жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнімнің көлемі

1 жұмысшыға шаққандағы өндірілген өнімнің құны

1жұмысшының сағаттық өнімділігі

Ауыл шаруашылық дақылдарының және малдардың өнімділігі

1 адам сағатқа шаққандағы өндірілген өнімнің көлемі

1 адам сағатқа шаққандағы өндірілген өнімнің құны

1жұмыс күнінде орындалған жұмыстың көлемі

1жұмысшыға шаққандағы мал басы және егістік көлемі

1ц өнімге кеткен еңбек шығындары

100 т өнімге кеткен еңбек шығындары

Көлем бірлігіне кеткен еңбек шығындары

1га егістікке және 1 мал басқа кеткен еңбек шығындары

Анықтау әдістемесі:

Ауыл шаруашылық өнімі

Негізгі

t

Қосымша

қосалқы

Дәнді дақылдар

Астық (1)

Сабан (0,08)

Астық қалдықтары (%)

Мына формуламен есептейміз:

Ед=

ЖӨа+(ЖӨақ * Д)

t

Мұндағы:

Ед – дәнді-дақылдар өндірісіндегі еңбек өнімділігі

ЖӨа – астықтың көлемі

ЖӨақ – астық қалдықтарының көлемі

Д – астық қалдықтарындағы астықтың үлесі

T – жалпы еңбек шығындары

Ес =

ЖӨс

t *0,9

Мұндағы:

Ес – сүт өндірісіндегі еңбек өнімділігі

ЖӨс – бір жыл ішіндегі сүт көлемі

T – жалпы еңбек шығындары

0,9 – сүтке кеткен еңбек шығындарының үлесі

Ем =

ЖӨм

t *0,1

Мұндағы:

Ем - мал-төлін өсірудегі еңбек өнімділігі

ЖӨм - мал-төлінің басы

T – жалпы еңбек шығындары

0,1 - мал-төліне кететін шығындардың үлесі.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек нарығы туралы ұғым, оны ұйымдастыру

  2. Аграрлық еңбек нарығының инфрақұрылымы.

  3. Ауыл шаруашылығында жұмыскерлер санының қалыптасуы және оларды пайдалану ерекшеліктері.

  4. Жұмыстағы жағдай – еңбек өнімділігін арттыру себебі ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

9-тақырып. «Қаржы ресурстарын ұйымдастыру»

Дәріс мақсаты: Агробизнес сферасында өндірісті орналастыру, мамандандыру және шоғырландыру ерекшеліктерімен танысу және оларды құру, қалыптастыру әдістерін оқып үйрену

Дәріс сұрақтары

I. Өндірістің орналастыруы мен мамандануының қажеттілігі мен мәні

II. Өндірістің орналастыруы мен мамандануының негізгі қағидалары

III. Өндірістің мамандануының негізгі түрлері (нысандары)

IV. Өндірісті орналастырудың анықтау әдістемесі

V. Ауыл шаруашылығындағы жалпы және тауарлы өнім

VI. Сала ұғымы және оның жіктелуі

Дәріс мазмұны

I. Ауыл шаруашылығында өндірісті орналастыру – бұл еңбек бөлінісінің сандық жағын нақтыланған аймақта қамтиды. Ол қандай учаскелерде, аймақтарда және қандай көлемде ауыл шаруашылық дақылдарының және өнімнің сол немесе басқа түрлерін өндіру қажеттілігін көрсетеді.

Өндірістің мамандануы – еңбек бөлінісінің сапалық жағын қамтиды. Ол нақтыланған аймақтарда қандай мал мен дақылдар түрлерінің дамуын көрсетеді.

II. Қағидасы:

1) аз еңбек пен қаржыны жұмсай отырып, мол керекті өнім алу

2) ауыл шаруашылығындағы табиғат жағдайларын есепке алу

3) транспорт құралдарын тиімді пайдалану

4) өндірісті, шикізат қайнар көздерімен жергілікті тұтынуға жақындастыру

5) сол немесе басқа аймақтардағы азық-түлік тұтыну құрылымындағы тарихи қалыптасқан ерекшеліктері

6) халықтың өндірістік тәжірибесі

7) ауыл шаруашылық дақылдарының биологиялық ерекшеліктері

8) ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымы мен көлемі.

III. Өндірістің маманданудың ерекшеліктері:

1) өндірістің көпсалалығы

2) шаруашылықта бірнеше жыл қатарынан дақылдардың бір түрін ғана өсіру (өндіру)

3) көп шаруашылықтарда мал бастарының барлық құрылымдық бөлімшелерде қалыптасуы

Өндіріс мамандануының негізгі түрлері:

1) территориялық немесе аймақтық мамандану – бұл ауыл шаруашылық аймақтарарасындағы еңбек бөлінісі. Бұл кезде ауыл шаруашылық салаларының орналасуы мен дамуыөндірісті шоғырландыру мен материалдық-техникалық базалардың дамуымен байланысты. Бұл мамандану тауарлы өнімнің құрылымымен сипатталады.

2) шаруашылық мамандану – бұл тауарлы өнім, өндірістегі жеке кәсіпорындар арасындағы еңбек бөлінісі. Бұл жағдайда негізгі қағида тауарлы салалардың минималды санының дамуы.

3) Ішкі шаруашылық мамандану – бұл шаруашылық өндірістік бөлімшелер арасындағы еңбек бөлінісі. Маманданудың басқа түрлерімен салыстырғанда ішкі шаруашылық мамандануда жалпы өнім өндірісі көзделген.

4) ішкі салалық мамандану - өндірістік бөлімшелер өнім өндірудің жеке технологиялық сатыларына маманданады. Бұл маманданудың түрі мал шаруашылығына тән.

IV.

Ауыл шаруашылық өндірісін орналасуыныі негізгі көрсеткіші ретінде нақтыланған өнімнің жалпы өнім өндірісіндегі республика, облыс, аймақ және кәсіпорынның үлес салмағын алады.

Қосымша көрсеткіштер ретінде:

  1. жекелеген ауыл шаруашылық дақылдарының егістік көлемімен

  2. жекелеген мал түрлерінің мал басымен

  3. тауарлы өнімнің түрлерімен.

Өндірістік маманданудың негізгі көрсеткіші – тауарлы өнімнің құрылымы.

Қосымша көрсеткіштер:

  1. жалпы өнімнің құрылымы

  2. егістік көлемінің құрылымы

  3. ақшалай табыстың құрылымы

  4. өндірістік шығындардың құрылымы

V. Белгілі мерзім ішінде өндірілген түрлі өнімдердің жиынтығы жалпы өнім деп аталады.

Егін шаруашылығының жалпы өніміне қосылатындар: сол жылғы егіннен алынған ішкі өнімнің құны(астық, техникалық бау-бақша дақылдары, картоп), жаңадан отырғызылған көпжылғы көшеттердің және жыл бойына шаруашылықта толық өндірілмей қалған өнімдер құны. Мал шаруашылығының жалпы өніміне қосылатындар: ауыл шаруашылығындағы малдарын өсіру және шаруашылыққа пайдалану кезінде алынған ішкі өнімнің құны(сүт, жүн, қаракөл терісі, жұмыртқа, бал), мал, құс және басқа да ауыл шаруашылығындағы малдарын өсірудің құны(төл мен өсім құны).

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары халық тұтынатын заттар мен өнеркәсіп үшін шикізат өндіре отырып жалпы өнімнің бір бөлігін өз шараларынан тыс жерде де сата алады. Өнімнің бұл бөлігін тауарлы өнім деп атайды.

Ауыл шаруашылығындағы кәсіпорынның тауарлық деңгейі тауарлы өнімнің жалпы өнімге пайыздық қатынасы кәсіпорынның маңызды баға көрсеткіші болып табылады. Оны төмендегі формула бойынша есептеуге болады:

VI. Сала ұғымы және оның жіктелуі.

Сала – басқалардан еңбек құралдары мен заты нақтыланған технология өндірісті ұйымдастыру мен өндірілетін өнім түрімен ерекшеленетін өндірістің бөлігі.

Ауыл шаруашылқ салалар экономикалық маңызына байланысты 3-ке бөлінеді:

1) негізгі

2) қосымша

3) қосалқы

Негізгі сала – шаруашылықтың негізгі бағытын айқындайды және тауарлы өнім құрылымында ең жоғарғы үлес салмағын алады.

Қосымша салалар – қосымша тауар өнім өндіруге, сонымен қатар негізгі салалардың дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылады.

Қосалқы салаларға – шаруашылыққа жалпы қызмет көрсететін, сонымен қатар ауыл шаруашылық шикізатты өңдеу салаларды жатқызамыз. Олардың негізгі міндеттері еңбек ресурстарын тиімді пайдалану.

Салааралық байланысты қалыптастыратын ұйымдастыру-шаруашылық қағидалары:

1) сол немесе басқа сала өндірістің негізгі құралдарын пайдалану үшін құралады

2) кейбір жағдайларда қосымша сала негізгі салалардың өндірістік процесін жүргізу мақсатында қалыптасады

3) қосымша салалардың бір қатары негізгі салалардың қалдығын пайдаланады және соңғының шығындарын азайту мақсатында құралады.

4) кейбір қосымша салалар ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге, сонымен қатар еңбек ресурстары жақсы пайдалану мақсатында құралады

5) кейбір қосымша салалар кәсіпорын құралдарының айналымдылығын жеделдету мақсатында құралады

6) қосымша салалар негізгі салалардың дамуына және тұрақтылығына қолайлы жағдай жасайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек нарығы туралы ұғым, оны ұйымдастыру

  2. Аграрлық еңбек нарығының инфрақұрылымы.

  3. Ауыл шаруашылығында жұмыскерлер санының қалыптасуы және оларды пайдалану ерекшеліктері.

  4. Жұмыстағы жағдай – еңбек өнімділігін арттыру себебі ретінде.

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Оспанов М.Т., Аутов Р.Р., Ертазин Х. Агробизнес теориясы және тәжірибесі, Алматы, “Франклин”, 1997*

  2. Попов Н.А. Экономика сельского хозяйства. С основами сельского предпринимательства: учебное пособие: Тандем, 2004 – 352 с.

  3. Сейдахметов А.С., Куква И.Н., Нургалиева К.К. Экономическая оценка сельскохозяйственного потенциала агробизнеса. Учебник. Алматы, Экономика, 2006г.

  4. Сейдахметов А.С. Агробизнестің экономикалық негіздері. Оқу құралы, Алматы, Экономика 2001ж.

Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

«Экономика және басқару»факультеті

«Экономика» кафедрасы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]