Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK_kukyk.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
736.26 Кб
Скачать

Қорытынды:

Қорыта келетін болсақ өз еңбек құқығын жүзеге асыруда барлық адамдарға бірдей мүмкіндік берілген. Жасына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұратын жеріне, діни сеніміне, қай азаматтыққа, қоғамдық бірлестікке жататындығына, жұмыскердің кәсіби шеберлігі мен оның еңбегінің нәтижесіне байланысты емес басқа да мән-жайларға қарай ешкімнің еңбек құқығы шектелмейді және ешкімге қандай да бір артықшылық берілмейді.

Методикалық бағыт: Еңбек құқығың терең білу үшін, алдымен еңбек заңдылықтарды жаттап алу емес, осы құқық саланың заңдылықтарын анықтап тану, аппараттың түсінігін меңгеріп алу, негізгі теориялық мәселелермен танысу, нормативтік актілерге сараптама жасап түсініп білу.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Еңбек құқығы дегеніміз не?

  2. Еңбек құқығының тараптарының құқықтары мен міндеттерін атап

көрсетіңіз?

  1. Жеке және ұжымдық шартының анықтамасын айтып беріңіз?

  2. Жұмыс уақыты мен демалыс уақыты дегеніміз не?

Х Тақырыбы: Жер құқығы.

Мақсаты: Жер құқығының қағидаларын қарастырып және біздің елімізде жер меншігі қандай болып бөлінетінін айқындап сипаттама беру.

Жоспар:

  1. Жер құқығының жүйесі, түсінігі, қайнар көздері.

  2. Жер құқығының қағидалары.

  3. Жерге меншік құқығы және олардың түрлері.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. И.Г. Архипов «Земельное право Республики Казахстан».

Алматы, 1999г.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 ж. 30 тамыз.

  2. Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» 2003ж. 20 маусым.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: жер қойнауы, жер иеленуі, жерге меншік, жерге билік ету құқығы, жер пайдалану құқығы.

Негізгі мазмұны:

Совет Социалистік Республикалар Одағы ыдырағаннан кейін Советтік Социалистік Қазақ Республикасы жойылып оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.

Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданды. Соның ішінде жерге байланысты заңдар күрт өзгеріп тәуелісіз мемлекетте жаңа жерге байланысты заңдар қабылдана бастады.

Жер құқығының пәні жер қатынастары болып келеді.

Жер құқығы құқық саласы ретінде, жер қатынастарын реттеу үшін мемлекет бекіткен нормаларының жиынтығы. (И.Г. Архипов «Земельное право Республики Казахстан» Алматы, 1999г).

Жер құқығы Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады (И.Г. Архипов авторының «Земельное право Республики Казахстан» оқулығын қараңыз).

Жер құқығының қайнар көздері:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  2. Қазақстан Республикасының Жер кодексі.

  3. Қазақстан Республикасының Президент Жарлықтары.

  4. Қазақстан Республикасының Үкімет қаулылары.

  5. Және басқа да жер қатынастарын реттейтін нормативтік актілері.

Жер құқығының қағидалары:

  • Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы, қол

сұғылмаушылығы және бөлінбейтіндігі;

  • Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі

мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

  • Жерді ұтымды пайдалану;

  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Жерді нысаналы пайдалану т.б. (Қазақстан Республикасының

«Жер кодексі» қараңыз).

Қазақстан Республикасында Жерге мемлекеттік және жеке меншік танылады және тең дәрежеде қорғалады.

Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. (Қазақстан Республикасының Конституциясы).

Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесін иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқығы бар.

Мемлекеттік меншік құқығын іске асыру:

жеке меншікке сатылуы немесе өтеусіз берілуі;

өтемді немесе өтемсіз негізде тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі.

Жеке меншік құқығын іске асыру:

Егерде Жер туралы Заңда және өзге де заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жер учаскесінің меншік иесі жер учаскесін мемлекеттік органдардың қандай да болсын рұқсатын алмай-ақ, өз қалауы бойынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырады.

Меншік иесі өзінің жер учаскесіне қатысты заң актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасасуға құқылы. (Жер кодексін қараңыз)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]