
- •Глоссарий.
- •Мемлекет және құқықтың пайда болуы
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мемлекеттің пайда болу даму себептері:
- •Құқықтың қайнар көздері:
- •Қорытынды.
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Демократиялық басқару билігінің белгілері:
- •Тоталитарлық басқару билігінің белгілері:
- •Қорытынды
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Құқықтық қатынастардың түрлері:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- •Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- •Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- •Әкімшілік құқық бұзышылықтың элементтері:
- •Әкімшілік жазаның түрлері:
- •Қорытынды:
- •Методикалық ұсыныстар:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Қызметкерлердің негізгі құқықтары мен міндеттері:
- •Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері.
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Қорытынды:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Қорытынды:
- •VIII Тақырыбы: Қылмыстық құқық негіздері.
- •Жоспар:
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Қорытынды:
- •Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
- •Семинар сабақтарының жүргізу жоспары.
- •Студенттердің өзіндік жұмысы.
- •Мемлекеттің пайда болу теориялары
- •Құқықтық норма құрылымы
- •Мемлекет
- •Әкімшілік жазалар
- •Түрлері
- •Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы.
- •Құқық саласы ретінде
- •Әкімшілік құқық ғылыми пән ретінде
- •Әкімшілік-құқықтық нормалар
- •Қоғамдық қатынастар
- •Мемлекеттің
- •Мемлекеттің
- •Монархия
- •Унитарлық
- •Мемлекетті саяси басқаруының нысаны
- •Демократиялық басқару
- •Тоталитарлық басқару
Глоссарий.
Теология – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып,
дамып келеді деген мағынаны білдіреді.
Антагонист – қоғамдық қатынастар жеке меншікке және адамды
қанауға негізделген қоғамдық экономикалық формацияда болады.
Нормативтік құқықтық акт – биліктік құқық нормаларын
белгілейтін, оларды өзгертетін және жоққа шығаратын мемлекеттік органның жазбаша актісі.
Патриархалдық теория – бұл теорияның отбасы басшысы әке,
мемлекеттің басшысы – монарх.
Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын
экономикалық тұрғыдан түсіндіреді.
Күштеу теориясы – күшті тайпалардың әлсіз тайпаларды жаулап
алудын нәтижесі.
Құқықтық дәстүр – адамдардың санасында болатын, ұдайы
қолданудың барысында дағдыға айналған және құқықтық салдарға апарып соқтыратын, тарихи түрде қалыптасқан жүріс-тұрыс ережесі.
Сот прецеденті – нақты іс бойынша қабылданған және кейінде осыған
ұқсас істерді шешуде қолданылуы міндетті болатын соттың шешімі.
Құқықтың қайнар көздері – мемлекеттің ресми түрде бекітіп
белгіленген және санкцияланған құқық нормалары.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік акті
қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді.
Диспозиция – мінез- құлық (жүріс-тұрыс) ережелерінің мазмұнын
көрсететін, яғни субъектілердің құқықтар мен заңды мінедеттерін анықтайтын құқық нормасының бөлігі.
Санкция – диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның
жағымсыз салдары және жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы.
Құқықтық норма – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-
құлықтарын анықтайтын жалпы ереже.
Құқықтық қатынас – мемлекеттік кепілдіктегі екі жақты құқықтары
мен міндеттері бар қоғамдық қатынас.
Салыстырмалы айқын санкция – минимум мен максимумның
арасындағы жауапкершілік.
Альтернативтік санкция – санкцияның көрсетілген түрлерінің
қайсысын қолдану тиісті мекеменің еркін құзырында.
Демократия – грек тілінен халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Конституция – латын тілінен жарғы, заң деген сөзден шыққан.
Декларация – мемлекеттің негізгі қағидаларын жариялайтын, оны
анықтайтын саяси құқықтық акт.
Ведомство – орталық атқарушы органның қызметінің негізінде
арнайы атқару және бақылау - қадағалау міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың ішкі саласына салааралық үйлестіруді не оған басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның комитеті.
Іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты
жұмыс орнынан тыс жерге еңбек міндеттерің орындау үшін жіберу.
Өтемақылар – жұмыс режимі мен жағдайларына, жұмысты
орындаған кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер.
Біліктілік разряды – қызметкердің өзі орындайтын жұмыстарының
күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі.
Абырой мен қадір-қасиет – азаматтың немесе ұйымның жағымды
әлеуметтік бағасы, қадір-қасиеті тұлғаның өзін-өзі бағалауы.
Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа
мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдары жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Заңды тұлға – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару
құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Объект – заң бойынша қол сұғушылықтан қорғалатын қоғамдық
қатынастарды айтамыз.
Объективтік жақ – құқық бұзушылық объектісіне бағытталған
құқыққа қарсы іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Субъективтік жақ – субъективтік жағы бұл кінәнің қасақана не
абайсызда жасалған көрінісі.
Субъект –өзінің іс әрекетіне (әрекетсіздігіне) жауап бере алатын жасы
16 толған жеке тұлға.
Суррогат ана - суррогат ана мен ықтимал ата-ана арасындағы шарт
бойыша бойға бала бітіру, оны көтеру және туу.
Репродукциялық денсаулық – адамның толымды ұрпақ туғызуға
қабілетін көрсететін денсаулығы.
Патронат – уәкілетті мемлекеттік орган мен баланы тәрбиелеуге
алуға тілек білдірген адамның (патронат тәрбиешінің) жасасқан шарты бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берілетін тәрбие нысаны.
Алимент – алуға құқығы бар екінші адамға бір адам беруге міндетті
болатын асырау қаражаты.
Инвестициялық жоба – белгіленген тәртіппен ресімделген
құжаттарға сәйкес белгілі бір мерзімде жүзеге асырылатын және материалдық объектілерді жасау немесе жетілдіру жолымен мемлекеттің активтерін көбейтуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Бюджет шығындары – бюджеттен қайтарымсыз негізде бөлінетін қаражат.
Субсидия – заң актілерімен белгіленген мақсаттар үшін коммерциялық ұйымдарға бюджеттен берілінетін тегін және қайтарымсыз төлемдер.
Субвенция – жоғары тұрған бюджеттердің төменгі бюджеттерге заң
актілерімен немесе мәслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде беретін ресми трансферттері.
Дивиденд – акционердің меншігінде акция санының мөлшеріне тең
келетін акционерлік қоғамның таза пайдасының бөлігі.
Салық берешегі – бересі сомасы, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың төленбеген сомалары.
Қаржылық құқықтық жауапкершілік – қаржылық құқықтық нормалардың әмірді талаптарын атқаруға байланысты өз міндеттерін орындамағандары үшін қаржылық құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғаларға қолданылатын, негізінен алғанда, материалдық сипатта болатын мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары.
Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.
Сақтандыру оқиғасы –туындаған кезінде сақтандыру шартында сақтандыру өтемін төлеу көзделінген жағдай.
Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектілері сақтандырылған адам және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.
Уақытша жер пайдаланушылар – бастапқы жер пайдалану мәртебесін сақтап қалатын пайдаланушылардан кейінгі жер пайдалану туралы шарт негізінде уақытша жер пайдалану құқығын алған тұлғалар.
Сервитут – бөтен жер учаскесін шектеулі мақсатты пайдалану, оның ішінде жаяу өту, көлікпен өту, қажетті коммуникацияларды тарту мен пайдалану және басқа да мұқтаждар үшін пайдалану құқығы.
Жер иелену құқығы – жерді нақты иеленуді жүзеге асырудың заң арқылы қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
І- Тақырып: