
- •Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
- •Силлабус
- •5В011900 – шетел тілі мамандығының студенттеріне арналған
- •Астана 2012
- •2. «Педагогика тарихы».
- •5.3.Пәнді оқытудың міндеттері:
- •5.5 Пәнді оқыту жоспары
- •6. Негiзгi және қосымша әдебиеттер тiзiмi.
- •6.1. Негізгі әдебиеттер
- •6.2. Қосымш а әдебиеттер.
- •7. Білімді бағалау.
- •Студенттің білімін бағалаудың жалпы шкаласы
- •8. Оқу пәнінің саясаты.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі «л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шжқ рмк
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫ
(кафедраның атауы)
БЕКІТЕМІН
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор
Шалғынбаева Х.Қ.
________________2012____ж.
Силлабус
мамандық бойынша міндетті модуль БП/ТК
(модульдің шифрі және атауы)
Ped 5203Педагогика тарихы
(оқу жұмыс жоспарына сәйкес пәннің коды мен толық атауы)
5В011900
мамандық/мамандыру шифрі және атауы)
5В011900 – шетел тілі мамандығының студенттеріне арналған
(мамандық/мамандыру шифрі және атауы)
Астана 2012
Силлабус
1.Әбдіқадырова Т.Р., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, әлуметтік педагогика және өзін өзі тану кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының докторы.
Байланыс телефоны: 37-05-82 (жұмыс тел.) tursynai_1959@mail.ru
Ғылыми қызығушылығы: Педагогика тарихындағы ағартушы педагогтардың педагогикалық көзқарастары мен идеялары және халықтық педагогикадағы еңбек, адамгершілік тәрбиесі, тұлға мәселесі.
Ғылыми мектеп: Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық ғылым академиясындағы 13.00.01 «Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика» мамандығы бойынша ғылыми зерттеулер.
2. «Педагогика тарихы».
3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны: 3 семестр, сабақ кестесі бойынша.
4. Оқу пәнінің пререквизиттері: Өз мамандықтарына сәйкес Мамандыққа кіріспе,жалпы педагогика, жалпы психология пәндерін жақсы білуі тиіс.Сонымен қатар педагогика тарихы курсының білімдерін тиімді меңгеру үшін ғылым философиясын (білім философиясы, білім берудегі педагогика және философия), мәдениеттану, тарих, археология пәндерінің негіздерін меңгеру қажет.
Постреквизиттер: “ Әлеуметтік педагогика ” пәнін оқи отырып меңгерген білім мен икемділік келесі мамандықтарды игеруге мүмкіндік береді:
Педагогика және психология
- Этнопедагогика, этнопсихология
5.1 Пәннің оқу үдерісіндегі орны Оқу пәнін оқытуда педагогика тарихы ғылымының жалпы теориясын игертумен қатар, теориялық және практикалық даярлығын қалыптастыру көзделеді. Болашақ мұғалімдердің кәсіби іс-әрекетін, ғылыми-зерттеу мәдениетін қалыптастыру мақсаты алға қойылады.
5.2 Пәнді оқытудың мақсаты: - болашақ мамандарды терең де жан-жақты біліммен, біліктілікпен қаруландыру;
кәсіби педагогикалық білімнің ғылыми негіздерін қалыптастыру;
болашақ педагог-психологтың педагогикалық ойлауы мен көзқарасын қалыптастыру;
адамдардың өмір сүру іс-әрекетінің педагогикалық аспектілеріне магистрлардың зейінін аудару, педагогикалық процесті тұлғаның өзі тиімді ұйымдастыра алатындай етіп педагогикалық білімдер мен біліктердің жүйесімен қаруландыру, педагогика тарихынан мағлұмат беру.