Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология лекция.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
132.67 Кб
Скачать

Лекция сабақтарының негізгі мазмұны

1-лекция

КІРІСПЕ

Экология. Популяциялар. Биоценоз. Биоценология. Табиғи орта. Абиотикалық фактор. Антропогендік фактор. Экожүйелер. Биосфера. Микро және макроэкожүйелер. Табиғат ресурстары. Экологиялық мониторинг. Адам экологиясы. Қолданбалы экология. Геоэкология.

Қазіргі кезде адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше маңызға ие болып отыр. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі және көптеген елдердің индустриялды дамуы табиғи рессурстарды пайдалануды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін еселеп өсіре түсуде.

Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының жақын арадағы таусылу мүмкіндігі, жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жоқ болып кетуі және сондай-ақ табиғи ортаның шектен-тыс ластануы айрықша белең алып отыр. Кейбір елдерде әсіресе жоғары дамыған елдерде қоршаған орта жайының нашарлағаны соншалық, адамдардың денсаулығы бұзыла бастады. Осының барлығы қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның рессурстарын үнемді пайдалануға итермелейді. Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру, ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізіледі.

Табиғат өзгеруді қаламайтыны баршаңызға белгілі. Ондағы өзгерістер баяу, байқаусыз өтеді, өзін-өзі реттеу мен өзін-өзі қалпына келтіру процестері ұзаққа созылады. Адамның зиянды істері бірден байқалмайды, тек ұзақ жылдардан соң: бір нәрсені өзгерту немесе түзету өте қиынға түскенде әрі кешігіңкірегенде, кейде тіптен нәтижиесіз болған кезде көрінеді. Сол себепті жалпыға қоршаған орта туралы оның өзіндік заңдылықтарын үйретіп, қоршаған ортаны сыйлай құрметтей білетін ұрпақ тәрбиелеу біздің пәніміздің бірден бір міндеті.

Экология пәні, мазмұны, мақсат міндеттері.

Экологияны алғашқы кезде биология пәнінің бір саласы ретінде қарастырып келді. Экологиялық зерттеулер өткен ғасырда Ч.Дарвин еңбектерінде сипат алғанымен, “Экология” терминін ғылымға алғаш рет енгізген Эрнст Геккель (1866). Экология термині гректің ойкос-үй, тұрақ, мекен және логос ғылым деген сөзінен шыққан, тұрақ мекен туралы ғылым дегенді білдіреді. Яғни тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортасымен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

Э.Геккельдің экология ғылымына берген анықтамасына кейіннен көптеген толықтырулар енгізіле отырып өзінің зерттеу аясын, мазмұны мен мағнасын мақсат міндеттерін кеңейте түсті. Алғашқыда тек тірі организмдерге қатысты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу аумағын дамыта отырып адамзат, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды және биосфера шегіндегі ғаламдық өзгерістерді адамның іс-әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін кешенді ғылымға айналды. Экология ғылымдардың ғылыми деңгейіне көтерілді.

Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан экология ғылымының қазіргі таңда мазмұны күрделі екенін байқаймыз.

Экология организмдердің арасында болатын (особьтар, түр-түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар, табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.

Экология ғылымының ең басты мақсаты биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршілік тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат рессурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының зерттеу нысанасы

биологиялық және географиялық микро және макроэкожүйелер (түр, популяция, биоценоз, экожүйелер т.б.) мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы, динамикасы.

Экология ғылымының негізгі зерттейтін мәселелері:

  • организмдердің бір-бірімен қарым

қатынастары мен қоршаған табиғи ортасы;

  • биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістікке байланысты туындайтын өзгерістер;

  • табиғи рессурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми теориялық негіздері;

  • адам, табиғат, қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;

  • биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтау қамтамасыздандыру;

  • биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық нооэкологиялық деңгейге көтеру болып табылады.