Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЕВРАЗИЯ НАРЫ ИНСТИТУТЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
571.39 Кб
Скачать
    1. Өзіндік капиталды есепке алу

Өндіріспен, саудамен немесе кәсіпкерліктің басқадай түрімен айналысатын шаруашылық субъектілерді қайсыларының болса да шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде материалдық құндылықтары, ақшалай қаражаттары, қаржалақ салымдары меналдағы уақыттарда табыс табу мақсатында жұмсаған шығындары мен алашақтары болуы қажет. Осы жоғарыда аталғандардың ақшалай жиынтығы капитал болып саналады. Шаруашылық субъектісі алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол субъекті құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Кейінгі уақыттарда субъектінің өзінің қызметі барысында тапқан таза пайдасы және сондай – ақ басқа да көздерден, тегін түскен көздер мен ақшалай қаражаттар есебінен өсіп отырады.

Субъектінің мүлкі оның негізгі құралдары менайналымдағы қаржыларының құнынан құралады. Шаруашылық субъектісі меншікіті капиталының көздері болып мыналар саналады:

  • Жарғылық капитал

  • Резервтік капитал

  • Бөлінбеген пайда

Жарғылық капиталдың есебі

Ұйымның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған ұйымның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғлық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердің, қатысушылардың) қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.

Galanz bottlers мекемесінің жарғылық капиталына салынатын салымдары ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.

Құрылтайшылардың жарғылық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанды бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт қуаттауы керек.

Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін –бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін –жүз мың минималды есептік көрсеткішін құрайды.

Қоғам акциялары жай және айрықша болып келеді.

Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:

- дивиденттер алуын;

- қоғамды басқаруына қатысуын;

- қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.

Капитал қозғалысы бойынша болатын операциялар есебі

Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген.

Төленбеген капиталдың есебі. Төленбеген апиталдың есебін жүргізу үшін 5110-шы “Төленбеген капитал” шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.

5110 “Төленбеген капитал” шоты шоттардың Бас жоспарында, “Меншік капиталы” ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады.

Капитал өзінше өндірістің барлық сферасын қамтитын қаражат қозғалысының толық циклын түсіндіреді.

Қандай капитал болмасын, кәсіпорынға салынса, яғни материалдық игілін шығару үшін ақша формасынан өзінің қозғалысын бастайды.

Бірінші стадиясында, ақша капиталы – товар, жұмыс күші, өндіріс қаражатын алу үшін қолданылады;

Екінші стадиясында – жұмыс күші мен өндіріс арасындағы өзара байланыс;

Үшінші стадиясында, нарықта осы тауарды сатуда кәсіпкер аванстық капитал алады.

Барлық капитал айналымы келесідей формуламен анықталады:

Д - > Т . . . П . . . Т* - > Д*

Капитал түрлері:

1. Корпорация иелігінде бөлу бойынша;

- меншікті;

- қарызды;

2. Инвестициялық объект бойынша;

- негізгі;

- айналымды;

3. Айналым шеңбері процесі формасында бөлу бойынша;

- ақша формасындағы капитал;

- өндірістік формадағы капитал;

- тауарлы формадағы капитал;

4. Қолдану мақсаты тәуелділігіне байланысты;

- өндірістік;

- ссудалық;

- спекулятивтік.

Меншікті капитал дегеніміз – корпорацияның құрал – жабдықтарының жалпы құны.

Жарғылық капитал – корпорация құрылғанна бастап және оның құрамында әр – қашан да болады.

Резервтік капитал – пайданың көлемінен есеп алу негізінде жүзге асады.

Негізгі капитал – капитал бөлігі, корпорация қолданысында айналымсыз активтерді инвестициялау.