Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Пром.геоф.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
8.08 Mб
Скачать

I модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

  1. ҰГЗ барлау геофизикасының басқа салаларының арасында қандай орын алады?

  2. Каротаж көмегімен шешілетін геологиялық мәселелерді атаңыз.

  3. Геофизикалық қызметтермен орындалатын ұңғымалық жұмыстарды атаңыз.

  4. Көрінерлік меншікті электрлік кедергі дегеніміз не?

  5. Тау жыныстарының минералдық құрамы меншікті электрлік кедергі шамасына қалай әсер етеді?

  6. Біртекті изотропты орта дегеніміз не?

  7. Неге борпылдақ тау жыныстарына қарағанда керіштелген (цементтелген) тау жыныстарында меншікті кедергі жоғары?

  8. Коллектордың меншікті кедергі шамасына мұнай-газ қанықтылық қалай әсер етеді?

  9. КК теңдеулерін келтіріңіз.

  10. Қандай зонд градиент-зонд деп аталады?

  11. Қандай зонд потенциал-зонд деп аталады?

  12. Қандай зонд төңкерілген (обращенный) және қандай зонд тізбектелген (последовательный)деп аталады?

  13. Коллекторлар көрсеткіштерін КК әдістердің диаграммасынан қалай анықтауға болады?

  14. Микрозонд әдістері неге арналған?

  15. Микрозонд диаграммасынан саздар және қатты карбонатты таужыныстарының коллектор көрсеткіштерін анықтау?

  16. Бүйірлік каротаж әдістерімен шешілетін мәселелер.

  17. Микробүйірлік каротаж әдістерімен шешілетін мәселелер.

  18. Мұнай сұйықтығымен толтырылған ұңғыма ішінде неге КК зондтарын жүргізуге болмайды?

  19. Индукциялық каротажы қолданылатын аймақтар.

20. Индукциялық каротаждың ерекшеліктерімен кемшіліктері

II модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар:

  1. 1. Ұңғымада табиғи электр өрісін тудыратын физико-химиялық процесстерді атаңыз

  2. ӨП диаграммасы бойынша қабаттардың шекарасын қалай анықтайды?

  3. ӨП әдісінің диаграммасы бойынша коллектор қабаттарды ажырату.

  4. Тау жыныстарының табиғи радиоактивтілігі.

  5. Гамма әдісі (ГК) шешетін мәселелер.

  6. ГК көрсеткіштеріне қандай факторлар әсер етеді?

  7. ГК диаграммалары бойынша қабаттардың шекарасы мен қалыңдығын анықтау.

  8. ГГК қандай түрлерін білесіз?

  9. Нейтрондардың заттармен әсерлесуінің сізге белгілі түрлерін атаңыз.

  10. Жылу нейтрондарының тығыздық әдісінің физикалық негізі.

  11. Мұнай және газ кен орындарының ұңғыма қималарында қандай элементтердің бар болуы нейтронды әдістер көрсеткішіне кедергі келтіреді.

  12. Нейтронды гамма әдістер қандай мәселелерді шешеді?

  13. Нейтронды әдістер диаграммасы бойынша коллекторлар қанықтылығын анықтау.

  14. Акустикалық каротажбен шешілетін мәселелер.

15. Термометрия әдісін қандай аймақтарда қолданылады

16. Ұңғыманың техникалық жағдайларын бақылауда қолданылатын, қандай әдістер түрлерін білесіз?

17. Мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде қандай мәселелер шешіледі?

18. ҰГЗ әдістердің қандай түрлерімен СМ Ж, ГС Ж, ГМ Ж анықтайды.

19. Расходометрия әдісі қандай аймақтарда қолданылады.

20. Мұнай және газ кен орындарын игеру кезінде қолданылатын әдістерді атаңыз.

Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:

  1. 1. Каротаж әдістері қандай белгілері бойынша бөлінеді?

  2. Неге коллектор қабаттардың электрлік кедергісі радиальді бағытта, ұңғыма осінен алшақтау шамасына байланысты өзгереді?

  3. А0.5М4.0N зондына толық сипаттама беріңіз.

  4. Зонд ұзындығы дегеніміз не?

  5. КК әдісін қолдану аймағы.

  6. Потенциал-зонд диаграммасы бойынша қабаттың шекарасын анықтау ережелері.

  7. Градиент-зонд диаграммасы бойынша қабаттың шекарасын анықтау ережелері.

  8. Неге потенциал-зонд жұқа қабатты қимада қабат қалыңдығын анықтау үшін қолданылмайды?

  9. БК-ды қолдану аймағы.

  10. МКЗ диаргаммасын талдау барысында қандай сандық мәліметтер алуға болады?

  11. Индукциялық каротаж әдісінің негізгі ерекшеліктері.

  12. Электрлік каротаждың бүйірлік әдіснің мақсаты

  13. Меншікті электрлік өткізгіштік дегеніміз не, олардың өлшем бірлігі?

  14. Теригенді қималарда өздігінен поляризацияланатын әдістердің шешетін мәселелері?

  15. Гамма әдістердің диаграммасы бойынша қабат шекараларын анықтау.

  16. Радиоактивтілік әдістердің көрсеткішіне қандай факторлар әсер етеді?

  17. ННТ және НГМ әдістерінің айырмашылықтары?

  18. Суға қанығуы әр түрлі ортадағы жылулық және жылу асты нейтрондардың таралуына судың хлорға қанығуы қалай әсер етеді?

  19. Акустикалық әдістермен тау жыныстарының қандай қасиеттерін қарастырады?

  20. ҰГЗ жиынтықтарының мәліметтері бойынша коллекторлар көрсеткіштері?