Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Пром.геоф.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
8.08 Mб
Скачать

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Қ. Тұрысов атындағы геологиялық барлау институты

Геофизика кафедрасы

СТУДЕНТІҢ ПӘНДІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Кәсіпшілік геофизика»

пәні бойынша

050708-«Мұнай және газ кен орындарын игеру және өңдеу» мамандығы үшін Алматы 2008

Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ 050706- «Мұнай және газ кен орындарын игеру және өңдеу» мамандығының студенттеріне арналған «Кәсіпшілік геофизика» пәні бойынша оқу-әдістемелік құрал геофизика кафедрасында құрастырылған- Алматы: ҚазҰТУ,2008.

Құрастырушылар: Байғазиева Г.Т. геофизика кафедрасының оқытушысы

Андатпа: «Кәсіпшілік геофизика» ұңғыма айналасындағы және ұңғыма арасындағы кеңістігіндегі тау жыныстарын зерттеуге арналған геофизикалық әдістердің жиынтығы.

Студент пәнінің оқу-әдістемелік құралы (ОӘҚ) «Кәсіпшілік геофизика» курсының бағытын анықтайтын құжат. Оқу-әдістемелік құрал пәнді - оқу алдында беріледі, оның ішінде оқу бағдарламасы (Syllabus), студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар жүйесі, пән бойынша жасалған жұмыстарға есеп беру кестесі, өзін тексеруге арналған тест сұрақтары, эмтихан сұрақтары келтірілген. Берілген ОӘҚ студенттің мұнайгаз кенорындарын игеруді бақылаудың геофизикалық әдістермен зерттеу негізін үйренуге көмектеседі, ал зертханалық және СӨЖ сабақтарды орындау студенттің танымдық және шығармашылық қабілетін нығайтады.

© Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық

техникалық университет, 2008

  1. Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus

    1. Оқытушы туралы мәліметтер: Байғазиева Г.Т. геофизика кафедрасының оқытушысы

Тел/Факс: 8-(327)-292-79-05

Кафедрағы уақыты –527 ауд. БОҒ 10.00-17.00 дейін.

1.2 Пән туралы мағлұматтар:

Атауы- «Кәсіпшілік геофизика»

Кредит саны- 2

Орны – 525 ауд. геофизика кафедрасы

1-кесте

Оқу жоспарының көшірмесі

Курс

Семестр

Кредиттер

1 аптадағы академиялық сағаттар

Дәрістер

Тәж. сабақтар

СӨЖ*

СОӨЖ*

Барлығы,

1 аптадағы академ. сағаттар

Бақылау түрі

1

2

3

4

6

7

8

9

10

2

4

2

1

1

2

2

6

емтихан

1.3 Пререквизиттер: жоғарғы математика, физика, өріс теориясы, жалпы геология, геодезия.

1.4 Постреквизиты: геофизикалық әдістерді кешендеу.

1.5 Пәннің қысқаша мазмұны

Пәнді оқытудың мақсаты

Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰГЗ) - ролі мен орны уақыт өткен сайын тұрақты өсуде.

«Кәсіпшілік геофизика» пәнін оқытудың мақсаты геофизикалық зерттеу әдістерінің физикалық негізін және алынған мәліметтерді талдау түрлерін оқу болып табылады.

ҰГЗ төрт түрлі бағытта жүргізіледі:

  • ұңғыманың геологиялық қимасын зерттеу;

  • ұңғыманың техни­калық жағдайын бакылау;

  • мұнай мен газ кен орындарын игеру барысына бақылау жасау;

  • ұңғымаларда ату-жару жұмыстарын орындау.

«Кәсіпшілік геофизика» пәнін оқу барысында студенттер ұңғымаларда геофизикалық зерттеулерді жүргізу техникасы мен әдістемесі туралы мағлұмат алуы тиіс.

Пәнді оқытудың мәні

Пәнді игеру мәні ұңғыманы геофизикалық зерттеу кезінде дистанциялық әдіспен зерттеліп жатқан қиманың геологиялық сипаттамасының оның физикалық қасиетіне байланысын анықтау болып табылады. Ал олар қабат-коллекторлардың әртүрлі параметрлерін анықтау үшін жүргізілетін каротаж қисықтарын талдау жұмыстарында қолданылады.

«Кәсіпшілік геофизика» пәні студенттерге жоғарғы математика, физика, жалпы геология, геодезия, информатика пәндерін оқып үйренгеннен кейін оқытылады.