
- •Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
- •Пәнді оқытудың білімгерлерге арналған бағдарламасы (силлабус) «Экология және тұрақты даму»
- •Тараз – 20__ ж Пəннің мақсаты мен міндеттері
- •Бағалау саясаты
- •Сырттай оқитын білімгерлер үшін қойылатын бағалау саясаты
- •Сөж тапсырмалары
- •Әдебиеттер тізімі
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі м.Х. Дулати атындағы тараз мемлекеттік университеті
"БЕКІТЕМІН" |
СҚжЭ факультеті жұмыс бағдарла- |
малары бойынша комитеті төрағасы |
Мұсабеков Қ.Қ. ___________________ /қолы/ |
«____» ________________20__ ж. /Ф.И.О./ |
Пәнді оқытудың білімгерлерге арналған бағдарламасы (силлабус) «Экология және тұрақты даму»
-
Кафедра:
«Экология"
Оқу жылы:
20__-__
Семестр:
1,2
Пререквизиттері:
Биология, география, химия, математика, физика пәндері бойынша мектеп бағдарламасы
Постреквизиттері:
Мамандығы:
Кредит саны:
2 кредит
Оқытушының аты-жөні:
Ағыбаева Алмагүл Қадырқызы
Мекен-жайы:
Сәтпаев к-сі 28, 6.2 ғимараты, 407 ауд.
Жұмыс телефоны
2-25-22
Тараз – 20__ ж Пəннің мақсаты мен міндеттері
Адамзат қоғамының табиғатпен қарым-қатынасы қазіргі заманның ең маңызды проблемаларының біріне айналды. Адам Жерде пайда болған кезден бастап оның биосфераға тигізетін əсері үнемі үдеп отырды. Бірақ тек индустриалдық қоғам жəне демографиялық жарылыс жағдайында ғана Адам əрекетінің жағымсыз зардаптары ғаламдық сипатқа ие болды. Қоршаған орта бұған дейін ешқашан байқалмаған қарқынмен ластанып жатыр. Энергетикалық жəне минералдық ресурстардың сарқылу үрдісі байқала бастады. Антропогендік əрекеттің саналуан түрлері жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлерінің тікелей немесе жанама түрде жойылуына əкеліп соқты. Табиғи ортаның химиялық ластануы, радиациялық жағдай, азық-түлік пен ауыз судың сапасының нашарлауы жəне т.б. халықтың денсаулығының нашарлауына əкеліп соқты. Бірқатар ғаламдық экологиялық проблемалар пайда болды: жылыжай эффекті, озон қабатының жұқаруы, Əлемдік мұхиттың ластануы, шөлдену жəне т.б.
Экономиканың экстенсивті дамуына байланысты экологиялық жағдай Қазақстанда да күрт нашарлады: Арал экожүйесінің бұзылуы, Каспий маңында жəне Шығыс Қазақстандағы қолайсыз экологиялық жағдай; Семей сынақ алаңына іргелес жатқан территориялар, топырақтың құнарсыздануы жəне т.т. Бірқатар уақытқа дейін, Ле-Шателье приципіне сəйкес, адамның қоршаған ортаға əсері биосферадағы өтіп жатқан процестер нəтижесінде жұмсартылып келді. Бірақ қазіргі кезде антропогендік өзгерістер планетаның барлық дерлік экожүйелерінен байқалады, атмосфераның газдық құрамы, Жердің энергетикалық балансы өзгерді. Бұл адамның əрекеті табиғатпен қарама-қайшылыққа түсіп, “биосфера-адамзат” жүйесі барған сайын тепе – теңдік күйден ауытқып бара жатыр деген сөз, нəтижесінде əлемнің көптеген аймақтарында табиғаттың динамикалық тепе-теңдігі бұзылды. Барлығы жинала келіп қазіргі биосфераның жағдайының нашарлауына, адамның денсаулығы мен рухани дуниесінің бұзылуына себепші болады. Мəселені табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру нəтижесінде шешуге болар еді, бірақ бұл өте күрделі, əлемде теңдесі жоқ қиын мəселе, ол 1992 жылы Рио-де-Жанейрода күн тəртібіне қойылып, сонда Тұрақты даму тұжырымдамасына қол қойылып, бекітілді. Ғаламдық “қоғам-табиғат” жүйесіндегі тұрақты даму - əртүрлі деңгейдегі əлеуметтік-экологиялық жүйелерде динамикалық тепе-теңдікті сақтау болып табылады. Адамзат осыны неғұрлым ертерек түсініп осы жолға түссе, оның Жер бетінде тірі қалу мүмкіншілігіде соғұрлым жоғары болмақ. Бұл жолда мазмұны мен болмысы əрбір жеке тұлғаның экологиялық дүниетанымын қалыптастыру болып табылатын экологиялық сауаттылық шешуші рольге ие болады жəне оның негізін “Экология жəне тұрақты даму” пəні құрайды. Оның мақсаты - студенттерде қоршаған ортаға жəне өз денсаулығына ұқыптылықпен қарау сезімін қалыптастыру. Мұндай көзқарас болашақ жоғары білімді мамандардың экологиялық тұрғыдан сауатты шешімдер қабылдап, сол арқылы биосфераның тұрақты дамуына көмектесуіне септігін тигізеді.
Курстың негізгі мақсаты – табиғаттың жəне қоғамның тұрақты дамуының негізгі заңдылықтары туралы біртұтас түсінік қалыптастыру.
Пəнді оқытудағы міндеттер:
-тірі ағзалардың, əртүрлі деңгейде ұйымдастырылған экожүйелердің, бүкіл
биосфераның қызмет атқаруының негізгі заңдылықтарын жəне олардың тұрақты-
лығын оқып-білу;
-биосфера компоненттерінің өзара əсерлесу заңдылықтары жəне адамның шаруашылық əрекеттерінің, əсіресе табиғатты қарқынды пайдалану кезіндегі салдарлары туралы білімдерді қалыптастыру;
-əртүрлі мемлекеттердегі жəне Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму тұжырымдамалары, стратегиясы жəне практикалық міндеттері туралы заманауи түсініктерді қалыптастыру;
-экологияның, қоршаған ортаны қорғаудың жəне тұрақты дамудың күрделі жəне шиеленіскен мəселелерін талқылауда студенттердің ауқымды кешенді, объективті жəне шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.
Пəнді оқыту нəтижесінде студенттер білуі тиіс:
-тірі ағзалардың тіршілік ортасымен қарым-қатынастарының жалпы заңдылықтарын;
-тірі ағзалардың кеңістікке таралуын жəне сандық динамикасын, қауымдастықтардың құрылымы мен динамикасын;
-энергияның тірі жүйелер арқылы ағып өтуі жəне заттар айналымының заңдылықтарын, экологиялық жүйелердің жəне бүкіл биосфераның қызмет атқару заңдылықтарын;
-табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың негізгі принциптерін;
-антропогендік əрекеттің əлеуметтік-экологиялық салдарларын;
-тұрақты дамудың тұжырымдамасын, стратегиясын, проблемаларын, оларды əлемдік, аймақтық жəне жергілікті деңгейде шешуге қатысты көзқарастарды.
игеруі тиіс:
- табиғи жəне антропогендік экологиялық процестерді анықтап, талдауы жəне олардың реттелуінің ықтималды жолдарын болжауы;
-биосфераның тұрақтылығын сақтау жəне адамзат қоғамының апатты күйзелістерсіз дамуын қамтамасыз ету мақсатында, шаруашылық жүргізудің дəстүрлі формалары мен адамдардың тіршілік салттарын жоспарлы түрде өзгертуге бағытталған, адамзаттың тұрақты дамуының осы заманғы тұжырымдамалары мен стратегияларын ажырата білуі;
-тірі организмдер мен қоршаған ортаның əсерлесу заңдылықтары туралы алған білімдерін күнделікті қызметінде экожүйелердің тұрақты дамуын сақтау үшін қолдана білуі тиіс.
машықтануы тиіс: экологиялық процестерді талдап, табиғат қорғау қызметінде нақтылы міндеттер қойып, басым бағыттарды белгілеуге жəне алған білімдерін экологиялық мəселелерді шешу үшін пайдалануға машықтануы тиіс; биосфераның даму заңдылықтары, оның тұрақтылығының сақталу шарттары, сондай-ақ, əртүрлі мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, тұрақты даму идеясының іске асырылуы жөнінде білімдер жинақтауы тиіс.
Пәнді игеру бағдарламасы
Сабақ № |
Апта № |
Тақырыптардың аты және олардың мазмұны |
Әде-биет |
1. |
1. |
1-лекция . Экологияға кіріспе. Экологияның зерттеу нысаны, міндеттері, классификациясы Экологияның бөлімдері Басқа ғылымдармен байланысы Экологияның зерттеу әдістері Пәнді игеру компоненттерімен танысу. |
|
2. |
1. |
2-лекция. Аутэкология. Экологиялық факторлар және олардың әсері. Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейі. Ағза және олардың тіршілік ету жағдайлары. Экологиялық факторлар туралы түсінік, және олардың классификациясы. Минимум және толеранттылық заңдары. Тақырыпты ауызша талдау. |
|
3. |
2. |
1-тәжірибелік сабақ. Негізгі абиотикалық және биотика-лық факторлардың тірі ағзалар тіршілігіндегі экология-лық маңызы. |
|
4. |
2. |
3-лекция. Биотикалық қауымдастық және экологиялық жүйелер. Популяциялар туралы түсінік және олардың құрылымы. Биотикалық қауымдастық. Түрлер арасындағы қарым-қатынастар типтері. Экожүйе оның құрылымы және түрлері. Тақырыпты ауызша талдау. |
|
5. |
3. |
2-тәжірибелік сабақ. Антропогендік факторлардың ерекшеліктері. |
|
6. |
3. |
4-лекция. В.И. Вернадскийдің биосфера және биосфера-ноосфера концепциясы. Биосфера концепциясының қалыптасуы. Тірі зат тұжырымдамасы. Биосфера эволюциясы. Биосферадағы энергия ағымына сипаттама. № 1 тест-сұрау |
|
7. |
4. |
3-тәжірибелік сабақ. Популяция – түрдің тіршілік ету формасы. Популяцияның динамикалық сипаты. |
|
8. |
4. |
5-лекция. Тұрақты даму концепциясының қалыптасуы. «Тұрақты даму» терминінің пайда болу тарихы. Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты. Тұрақты даму белгілері мен принциптері. Тұрақты даму міндеттері. Тұрақты даму критерийлері. Тақырыпты ауызша талдау. |
|
9. |
5. |
4-тәжірибелік сабақ. Биосфераның құрылысы және функциялары. |
|
|
|
1 коллоквиум |
|
10. |
5. |
6-лекция. Тұрақты дамуға қол жеткізу жөніндегі концепциялар. ХХІ ғасырдың күн тәртібі. Даму стратегиялары. Тақырыпты ауызша талдау. |
|
11. |
6. |
5-тәжірибелік сабақ. Биосфера тұрақтылығының шарттары. |
|
12. |
6. |
7 лекция. Тұрақты даму факторлары. Тұрақты дамудың негізгі факторлары Адамның тұрақты дамуы (АТД). Адам дамуының негізгі принциптері. Адам дамуының концепциясы. Адам дамуы парыздарының түрлері. № 2 тест-сұрау. |
|
13. |
7. |
6-тәжірибелік сабақ. Тұрақты дамудың басым аспектілері. |
|
14. |
7. |
8-лекция. Халықаралық қатынастарды экологияландыру. Экологиялық экспансия. Әлемдік экологиялық саясаттағы «Нарықтық қатынастар». Тұрақты даму және экологиялық өзара тәуелділікті басқару перспективасы. Тақырыпты ауызша талдау. |
|
15. |
8. |
7-тәжірибелік сабақ. Тұрақты даму стратегиясын іске асыру нәтижелері. |
|
16. |
8. |
9 лекция. Дамудың ғаламдық үлгілері. Дамудың көп танымал үлгілері. Келешек сценарийлері. Тұрақты даму идеясын сынау. Тақырыпты ауызша талдау. |
|
17. |
9. |
8-тәжірибелік сабақ. Табиғи ресурстар және табиғатты тиімді пайдалану. |
|
18. |
9. |
10-лекция. Ноосфера – тұрақты және қауіпсіз дамудың мақсатты бағдары. Ғаламдану үрдісі және тұрақты даму. Ноосфера - ХХ1-ғасырдың біртұтас парадигмасы. № 3 тест-сұрау. |
|
19. |
10. |
11-лекция. Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және тұрақты даму. Экологиялық дағдарыс туралы түсінік және оны шешудің жолдары. Халық санының арту проблемасы және оның негативті салдарлары. Қалалық экожүйе Соғыс және лаңкестіктің экологиялық проблемалары. Тақырыпты ауызша талдау. |
|
|
|
2-коллоквиум |
|
20. |
10. |
12-лекция. ҚР тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары. ҚР табиғи ортасының тұрақсыздану үрдістері, себептері және салдарлары. Экологиялық мониторинг туралы түсінік. Экологиялық мониторингтің құрлықтық жүйесі. Қазақстанның тұрақты дамуы және қоршаған ортаны басқару. |
|
|
|
|
|