
- •I тарау дүниені танып білудегі өлшеудің ролі
- •Өлшеу техникасы мен ғылымның және өндірістің өзара байланысы
- •1.2. Метрологиялық қамтамасыздандыру
- •1.2.1. Метрологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми, техникалық және заңдық негіздері
- •1.3. Физикалық шамалардың түрлері
- •1.3.1. Өлшеу шкалалары
- •1.3.2. Өлшеу ақпараты
- •1.3.3. Физикалық шамалар мен олардың бірліктер жүйесі
- •1.4. Өлшеу қателіктері
- •1.4.1. Қателіктердің жіктелуі
- •1.4.2. Қателіктерді бағалау принциптері
- •1.4.3. Жүйелі қателіктерді алу және жою тәсілдері
- •1.5. Өлшеу және оның негізгі операциялары
- •1.5.1 Өлшеу мен оның негізгі операциялары
- •1.5.2. Өлшеу міндеттері
- •1.5.3. Өлшеу принциптері мен әдістері
- •1.6. Өлшеу аспаптары мен қондырғылары
- •1.6.1 Сурет. Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы
- •1.6.1. Өлшеу жабдықтарының метрологиялық және метрологиялық емес сипаттамалары
- •1.6.2 Өлшеу жүйелері
- •1.6.2 Сурет. Өлшеп-есептеу түрлендіргішінің құрылымдық схемасы
- •1.7. Электрлік өлшеу
- •1.7.1. Электрлік шамаларды өлшегіш түрлендіргіштер
- •1.7.2. Өлшегіш аспаптардың өлшеу шектерін кеңейту
- •1.7.2.1 Сурет. Шунттар
- •1.7.2 Сурет. Тізбектің схемасы
- •1.7.3. Айнымалы ток бойынша өлшеу шекті кеңейту
- •1.7.3.1 Сурет. Төт-дың қосу схемасы
- •1.7.4. Айнымалы ток кернеуінің өлшеу шегін кеңейту
- •1.7.4 Сурет. Кернеу өлшеу трансформаторының қослу схемасы
- •Электромеханикалық аспатар
- •1.8.1 Сурет. Электромеханикалық өлшеу аспабының структуралық схемасы
- •1.8.2 Сурет. Магниттіэлектрлі жүйе аспабының құрылысы
- •1.8.3 Сурет. Электромагнитті жүйе аспабының құрылысы
- •1.8.4 Сурет. Электродинамикалық жүйе аспабының құрылысы мен вектролық диаграммасы
- •1.8.5 Сурет. Ваттметрдің бір фазалы айнымалы ток көзіне жалғану схемасы
- •1.8.6 Сурет. Электростатикалық аспатың құрылысы
- •Индукциялы жүйе аспатары
- •1.8.7 Сурет. Индукциялы жүйе аспабының құрылысы мен векторлық диаграммасы
- •Кедергіні өлшеу
- •Көпірлер мен компенсаторлар көмегімен электрлік шамаларды өлшеу Кедергіні тікелей өлшеу әдістері
- •1.9.1 Сурет. Омметрдің көмегімен кедергіні өлшеу схемалары
- •1.9.2 Сурет. Мегомметрмен өлшеу схемасы
- •Осциллографтар
- •1.10.1. Электрлік шамаларды электронды сәулелі осциллографтар көмегімен өлшеу
- •1.10.1 Сурет. Электронды-сәулелі түтікше құрылысы
- •1.10.2 Сурет. Осциллограф экранында сигнал кескінінің пайда болуы
- •1.10.3 Сурет. Сигналдар жиіліктерінің қатынасы мен фазалық ығысуы әртүрлі болғандағы Лиссажу фигураларының кескіні
- •1.10.4 Сурет. Фазалық ығысу бұрышын элипс әдісімен өлшеу
- •II тарау электрлік шамаларды өлшеу
- •2.1. Ток пен кернеуді өлшеу әдістері
- •2.2. Тұрақты токты өлшеу
- •2.1 Сурет. Шунтты микроамперметрдің схемасы
- •2.2 Сурет. Амперметрді токтың өлшеу трансформаторына қосу схемасы
- •2.3 Сурет. Вольтметрді кернеудің өлшеу трасформаторы арқылы қосу схемасы
- •2.3. Электр қуатын өлшеу
- •2.3.1 Сурет. Ваттметрді қосу схемасы (а) мен векторлық диаграммасы (б)
- •III тарау электрлік емес шамаларды өлшеу
- •3.1. Жалпы мағлұматтар
- •Температураны өлшеу аспаптарының жіктелуі
- •3.1 Сурет. Термоэлектрлі түрлендіргіштің схемасы
- •3.2 Сурет. Өлшеу аспаптарын термоэлектрлі түрлендіргіш тізбегіне қосу схемасы
- •Электрлі емес шамаларды өлшеу
- •Сурет. Тәсілмен өлшеу жүйесі
- •3.4. Сурет. Резисторлы датчик
- •Сурет. Орын ауыстыру және деформацияның электромагниттік датчиктер
- •3.5 Сурет. Электромагнитті датчиктер
- •3.4. Электрлік емес шамалардың электрлікке түрлендірілуі және олардың жіктелуі
- •Сурет. Техникалық орындалу принциптерін кескіндейтін схемалар
- •Сурет. Пьезоэлектриктің қысқыштары арасындағы кернеуді өлшеу
- •Қиыстырылған (комбинированные) түрлендіргіштер
- •3.7 Сурет. Екі өлшенетін түрлендіргіштің жиынтығынан қиыстырылған түрлендіргіш
- •Индуктивті өлшенетін түрлендіргіштер
- •3.8 Сурет. Тұрақты магниті бар магниттік жүйе болып табылатын түрлендіргішті
- •3.9 Сурет. А- сызықты діріл түрлендіргіші; б- бұрыштық діріл түрлендіргіші
- •3.10 Сурет. А- орамы қозғалмайтын және магниті қозғалмалы; б – орамы қозғалмалы магниті қоғалмайтын
- •Цифрлі және электронды өлшеу аспаптары
- •3.6. Сандық вольтметрлер
- •3.6.2 Сурет. Уақытты-импульсті түрлендіретін сандық вольтметрдің схемасы
- •Глоссарий
- •Пайдалы әдебиеттер
- •Метрология және өлшеу
1.5.1 Өлшеу мен оның негізгі операциялары
Барлық өлшенетін физикалық шамаларды екі топқа бөлуге болады:
тікелей өлшенетін шамаларға берілген дәлділікпен түр-лендіруші, мысалы температура, тығыздық. Мұндай түрлендірулер өлшеп түрлендіру операциясының көмегімен жүзеге асады.
Қарапайым тура өлшеудің мәні Q физикалық шаманың өлшемін реттелетін q[Q] көпмәнді өлшемнің шығыс шамасымен салыстыру болып табылады. Тура өлшеу процедурасынын тарату шарты болып келесі элементарлы операцияларды орындау болып табылады:
өлшенетін Х физикалық шаманы оған біртекті немесе біртекті емес басқа Q физикалық шамаға өлшеп түрлендіру;
QM физикалық шаманы N[Q] берілген мәнге ұдайы өзгерту. Ол Q түрлендірілген шамасына біртекті.
біртекті физикалық шамаларды салыстыру; түрлендіріл-ген Q-ды ұдайы қайталанылатын QM= N[Q] өлшемімен салыстыру.
Өлшеп түрлендіру – бұл, жалпы жағдайда, біртекті емес түрленетін және түрлендірілген ФШ-дың өлшемдері арасындағы мәнді өзара байланысын орнататын операция. Өлшеп түрлендіру Q = FX түрдегі теңдеумен беріледі, мұндағы F – кез-келген функция немесе функционал. Дегенмен түрлендіруді сызықты түрде жасауға үмтылады: Q = KX мұндағы К – тұрақты шама.
Өлшеп түрлендірудің негізгі міндеті – ол қажетті жағдайда өлшенетін шама туралы ақпаратты түрленуін алу. Ол таңдап алынған физикалық заңдылықтар негізінде орындалады. Өлшеп түрлендіруге жалпы жағдайда келесі операциялар кіреді:
түрленетін шаманың физикалық түрін өзгерту;
масштабты сызықты түрлендіру;
масштабты-уақытша түрлендіру;
сызықты емес немесе функционалды түрлендіру;
сигналды модуляциялау;
үздіксіз сигналды дискреттеу;
кванттау.
Өлшеп түрлендірудің операциялары нақты физикалық принципте құрылған және бір жеке өлшеп түрлендіруді орындайтын техникалық құрылғы – өлшеп түрлендіргішпен тікелей жүзеге асады.
Берілген өлшемі бар N[Q]-ның физикалық шамасын көрсету – бұл келісілген дәлдікте белгілі берілген мәндегі қажетті ФШ-ны құру операциясы болып табылады. Нақты өлшемдегі шаманы көрсету операциясын N кодында берілген [Q] физикалық шаманың бірлігіне негізделген QМ физикалық шамаға түрлендіру түрінде алуға болады.
ФШ-ны берілген өлшемде көрсету үшін арналған өлшеу құралдары өлшемдер деп аталады.
Өлшенетін ФШ-ны QM өлшемімен көрсетілген шамамен салыстыру – бұл осы екі шамалардың байланысын орнататын операция; Q>QM; Q<QM немесе Q=QM. Салыстырылатын шамалардың дәл үйлесімі, ереже бойынша, өлшеу практикасында кездеспейді.
Өлшем арқылы көрсетілген шама квантталған және [Q] бірлігіне қысқа мәндерді қабылдай алатынымен түсіндіріледі. Жақын немесе бірдей Q мен QM шамаларды салыстыру нәтижесінде |Q–QM|<[Q] екені шығады.
Салыстыру әдісі деп біртекті шамалардың байланысын анықтау үшін физикалық құбылыстар мен процестерді пайдалануды айтамыз. Бұл байланыс көбінесе салыстырылатын шамалардың айырымдарының таңбасы бойынша құрылады. Әрбір ФШ-ды аралық сигналдарды құру мүмкіндігіне байланысты үш топқа бөледі. Бірінші топқа есептеуге және алдын-ала түрлендірмей, тікелей салыстыруға болатын ФШ жатады. Бұлар – электрлі, магнитті және механикалық шамалар. Екінші топқа есептеуге қолайсыз, бірақ коммутациялау үшін қолайлы ФШ жатады, оларға: жарық ағыны, иондалатын сәулелену, сұйықтар мен газ ағындары. Үшінші топты физикалы түрде есептеуге мүмкін емес объектілердің күйі мен олардың қасиеттерін сипаттайтын ФШ құрайды. Мұндай ФШ ылғалдылық, заттың сиымдылығы, жарық, иіс және т.б.
Бірінші топтың сигнал параметрлері салыстыру үшін қолайлы, екіншісі – аздап қолайлы, ал үшіншісі – тікелей салыстыру мүмкін емес. Дегенмен, соңғысын салыстыру және өлшеу қажет, сондықтан да оларды салыстыруға болатын басқа шамаларға түрлендіру керек.