Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС ДЛЯ ЮР И ГМУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
8.05 Mб
Скачать

Емле-тест

1. Que: Соңғы буынында ю, е, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: әріп түсіріліп, буын үндестігі бойынша жалғанады

2. Que: нд, нз, нк, нг, мп, мб, мт, кт, ск, вт, фт, пт дыбыстарына аяқталатын орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады

3. Que: Қатар келген дауыссыз дыбыстар тіркесінің қалған түрлеріне (нс, рс, рт, рш, нт, рд, рм, фр т.б.) аяқталған кірме сөздерге қазақ тілі қосымшалары қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: жіңішке жалғау жалғанады

Ans: ы, і дәнекер дыбыстары (әріптері) арқылы жалғанады

Ans: ы, і дәнекерінсіз, буын үндестігі бойынша жалғанады

4. Que: сс, лл, тт, пп, ст, кст, сть, зд, кк дыбыстарына біткен орыс тілінен енген жалпы есімдер атау күйінде өзгеріссіз жазылады да, оларға қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда қалай жазылады?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсірілмей жазылады

5. Que: Бірдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есімдерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда қалай жазамыз?

Ans: жуан жалғау жалғанады

Ans: буын үндестігі бойынша жалғанады

Ans: соңғы дауыссыз дыбысы түсіріліп жазылады

Ans: қос әріп сақталып жазылады, үш біркелкі әріп жазылмайды

6. Que: Цифрмен, жазылған есептік, бөлшек сан есімдерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалардың жуан-жіңішкелігін неге байланысты?

Ans: санның құрамына байланысты

Ans: сан есімнің тобына байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: цифрмен белгіленген санның айтылуына

7. Que: Пайызды (%) градусты ( о) белгілейтін таңбалары бар сөздерге қосымша қалай жалғанады?

Ans: сөздің құрамына байланысты

Ans: сөздердің тіркесіне байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: сөздердің соңғы буынының әуеніне байланысты

8. Que: см, мм, км, га сияқты қысқарған белгілерге жалғанатын қосымшалар да дефис арқылы жазылып, осы белгілерді таңбалайтын сөздерге қосымша қалай жалғанады?

Ans: сөздің құрамына байланысты

Ans: сөздердің тіркесіне байланысты

Ans: бірінші буынның жуан-жіңішкелігіне

Ans: соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады

9. Que: еш, әр, кей, әлде, бір деген сөздер есімдіктермен, үстеулермен тіркесіп келгенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

10. Que: Еш, әр, қай қайсы, әлде, бір деген сөздер зат есімдермен келгенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

11. Que: Бір деген белгісіздік есімдігі бейне, екінші, неше, не сияқты сөздерден кейін келіп тіркескенде қалай жазылады?

Ans: бөлек жазылады

Ans: бірігіп жазылады

Ans: тіркесіп жазылады

Ans: сызықша арқылы жазылады

12. Que: Орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанғанда қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасмалданады

13. Que: Екі, үш кейде төрт-бес дыбыстан тұратын бір буынды (яғни ішінде бір ғана дауысты дыбысы бар) сөздер қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасымалданады

14. Que: Сан есіммен келетін қысқарған шартты белгілер қалай тасымалданады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: цифрдан бөліп тасымалдауға болмайды

15. Que: Әріптерден қысқарған сөздерді қалай тасымалдауға болады?

Ans: тасымалданбайды

Ans: буын жігіне қарай тасымалданады

Ans: буын үндестігіне қарай тасымалданады

Ans: орыс тілінен енген сөз бөлек тасымалданады

16. Que: Төл тілінде дефиспен жазылатын кісі аттары (көбіне тегі) қазақша қалай жазылады?

Ans: буын жігіне қарай

Ans: буын үндестігіне қарай

Ans: дефис арқылы таңбаланады

Ans: біріккен сөз болып жазылады

17. Que: Араб халықтары есімдерінен келетін әл, аш, ар, аз, әд, бен секілді бөлшектер қалай жазылады?

Ans: кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

18. Que: Түркі, парсы т.б. халықтар есімдерінің соңында келетін паша, бей, бек, заде, оглы сияқты тұлғалар қалай жазылады?

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен жазылады

Ans: кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

19. Que: Түркі, монғол хандары есімдерінің соңында келетін хан сөзі қалай жазылады?

Ans: дефиссіз бөлек жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

20. Que: Реттік сан есімдер цифрмен жазылса, өзіне қатысты сөзбен қалай жазылады?

Ans: дефиссіз бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, кіші әріппен жазылады

Ans: үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

Ans: дефис арқылы, үлкен әріппен алдыңғы сөзден бөлек жазылады

7-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Қазақ тіліндегі стиль түрлері, сала тіліндегі қолданысы. Қазақ тіліндегі ауызекі сөйлеу стилі, қолданыс аясы

Қазақ жерінде өткен әлемдік маңызы бар кездесулер мен басқосулар

Қазақ тілінде бес стилдің түрі бар: ауызекі сөйлеу стилі, публистицистикалық стиль, көркем әдебиет стилі, ғылыми стиль, ресми стиль. Олардың әр қайсысының қолданылу ортасы, ерекшеліктері бар. Стильдерді жіктеген кезде олардың қызметі толық анықталуы қажет. Мысалы, публицистикалық, ғылыми стильдердің де, көркем әдебиет стилінің де қоғамдық қызметі белгілі ортада өз мақсатына жетеді. Бұл функционалдық стильдің экстралигвистикалық факторларға да тәуелді екендігін айғақтайды. Стиль – тілдік құралдардың реттеле отырып, белгілі бір жүйеге келтірілген, шартты түрде тұйықталған тобы.

Ауызекі сөйлеу стилі: негізінен ауызша тілде қолданылады. Диалог түрінде кездеседі. Эмоция мен экспрессияға қанық болып келеді. Ауызекі сөйлеу стилі бейресми қарым-қатынаста қолданылады. Оның өзіне тән фонетикалық, лексикалық, морфологиялық,синтаксистік ерекшеліктері бар. Стильдің басты ерекшелігі – алдын-ала дайындықты қажет етпейді, еркін қолданысқа түседі. Фонетикалық ерекшелігі: мысалы, [қазыр], [келатыр], [оқыпатыр], [барып келт], [саумаликум] т.б. Лексикалық ерекшелігі: ауыспалы мәнде, астарлап, мақамдап айтылуынан айқын көрінеді. Мәселен, қоянның суретін салу, қораға тығып кету, әңкі-тәңкісін шығару, аяғын тырпылдату, мықты әдемі, жынды сұлу, өтірікті соғу, өтірікті құю, дәу, нән, алақанын жайып қалу, қақым бар, жаңағы, нақақ, не зат, быт-шыт болу, білдіңіз бе, бошқа бардым т.б. Морфологиялық ерекшеліктері: кешкісін, кештетіп, кешкілік, кешкісін жолығармын, таң азанда, таңертеңгілік, әңкі-тәңкі, аңырайып-саңырайып, ауан-тауандылық, гүжбиген, гүжбандай, шынашақтай, кеп қалдық (келіп қалдықтың орнына) біз ожақта болғамбыз (ол жақта болдықтың орнына) т.б. Синтаксистік ерекшелітерінің бірі ретінде сөйлем ішінен сөз тастап қолдануды мысалға ала аламыз: Астанаға екі билет, бір кісілік, екеу бере салыңыз («беріңізші» мағынасында), біз оқып көргембіз («мен оқыдым» деген мағынада) т.б. ақпарат беруде ең маңыздысы сөйлем алдына қоюды да мысалға алға болады. Мәселен, компьютер алдым (дұрысы – сатып алдым) немесе сіз домбырада тамаша ойнадыңыз деген сөйлемнің орнына жағдайға орай тамаша!, ғажап!, бәрекелді! Ой, бәлі! деп тыңдаушылар өз сезімдерін білдірулері мүмкін. Сонымен қоса, ауызекі сөйлеу тілінде орыс-қазақ сөздерін араластыра сөйлеу үрдісі де соңғы кезде жиі кездеседі. Тіпті орыс сөздеріне қазақ тілінің қосымшаларын жалғап қолданған сөздерді де кезіктіреміз.

Негізінен, ауызекі сөйлеу стилі екеу-ара сөйлесу кезінде жиі қолданылып, жазуда кездеспейтін еді. Алайда жаңа заман технологиясы агент, электронды пошта хаттарынан ауызекі сөйлеу стилінде жазылған нақты материалдарды мысалға келтіре аламыз. Осыған орай тек қана сөйлеу тілінде кездеседі деп айтуға болмас деп түйіндейміз.

Эмоциялы сөздер қатарына бұл стильде қолданылатын шіркін, бәле, ой де, қап, қоян суретін салу, қарғаның мәткісін ұстату, шұлғылау, құлақтан тебу т.б. ал экспрессиялы сөздерге өй, жаман неме (жақсы көру, сүйсіну), тыртыштанып (жақтырмау), салпаңдап (жақтырмау), шикі өкпе (төмен бағалау), шүйке бас (кемсіту) т.б.

Жоғарыдағы мысалдардан байқалғандай, ауызекі сөйлеу стилінде диалекті сөздер, кәсіби жаргондар, жастар тіліндегі жаргондар қолданыла береді. Тілді көркемдеу тәсілі ретінде тұрақты тіркестер, ауыспалы мағынадағы қолданыс жиі ұшырасады.

Зат есімге қосылып, кішірейткіш мәнге үстеме экспрессивтік мәнер туғызатын аффикстер де мұндай стильдік салаларда жиі кездесе қсймайды. Олар мына тәрізділер: -тай, -ке, -ш, -жан, -сы-мақ (атеке, ағеке, ағатай, жеңгетай, Дінмұхамет — Димаш, атсы-мақ, адамсымақ), -ша, -ше, -шақ, -шек, -шық,- шік, -қан, (бұзау-қан, үстелше, бақыршық,). Мысалы, кісінің жеке портретін айтып, түстеме жасалатын кеңсе қағазына “бойы ұзьмша, өңі ақ құбаша” деп жазудың ешбір қажеті жоқ.