Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС ДЛЯ ЮР И ГМУ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
8.05 Mб
Скачать

Тест №рс

1 Ресми стиль бұл -

Лексикасы нормадан тыс мәнін

Лексикасы қатаң нормаланған типтік үлгідегі

мәтін тілі

Лексикасы бейтарап типтік үлгідегі мәтін тілі

Лексикасы терминдерден, кәсіби сөздерден

тұратын мәтін.

Клише, оралымдары алдын ала анықталған

жоғары пафосты мәтін

2 Ресми стильде экспрессия:

болады

болмайды

кейбе кезедеседі

реплика түрінде қолданылады

автордың қалауы бойынша қолданылады

3 Ресми стиль жанры:

Өкілеттік құжат тұрлері

Құжатнама, заңнама, кодекс

Іс қағаздарындағы құжат түрлері

Іс қағаздарындағы негізгі құжаттар

Ұйымдастырушылық құжат түрлері

4 Ресми стиль мәтіні:

Нормаға, заңға, арнайы құжатқа сүйеніп

жазылады

Қатаң қағида бойынша теориялық негізде

жазылады

Нормадан ауытқымай, арнайы лексикамен

жазылады

Экспрессивті тілде, толық мазмұнда жазылады

Ойы дәл, нақты фактілерге сүйеніп жазылады

5 Әмір ету, талап қою, ұсыныс мәтініндегі қолданылатын етістік қандай қосымшаға аяқталуы мүмкін?

- ды, -ді

- сын, -сін

- мын, -мін

- іңдер, -ыңдар

-ынсын, -інсін

6 Ресми стильде қолданылуы мүмкін лексикалық қатарды көрсетіңіз?

Заңға қайшы, құзіретті, қалыпты, тараптар,

дұрыс

Заң бұзды, әлеуеті жетпеді, жазаңа таңылды,

дүңкиді

Сәйкес, негізінде, болыпты ғой, тексерілді,

қадағалау

әдемілігін-ай, көз тартады, көздің жауын алып

тұр, шіркін

әдепті екен, тәртіпті, иман жүзді, көрегенді,

тәрбиелі

7 Ресми стильде әрекет етуші субъектіні таныту үшін қоланылатын сөздер:

Сәйкес, бойынша, негізінде

Заңға сәйкес, тәртіп бойынша, бұйрық негізінде

Құзіретті орган, жергілікті

Құзіретті орган, тиісті ведомстві, жергілікті

атқарушы орган

Жауапты тұлға, мамандық, бас маман, маман.

8 Ресми стильде жазылған құжаттың заңды негізін танытатын қолданыс:

өтініштің негізінде, бұйрықты орындау

мақсатында, ережеге сай

өтініш жасалды, бұйрық шығарылды, ереже

қабылданды

өтініш қабылданды, бұйрық орындалды, ереже

қадағаланды

бұрыштама қою, қол қою, мөр қою

фирмалық бланкі, басшының қолы, күні, нөмірі

9 Одағайлар қолданылуы мүмкін стиль түрі:

ПС

ҒС

РС

КӘС

1, 4 дұрыс

10 Ресми стиль бұл –

Заңның тілі

Кеңсенің тілі

Құжаттың тілі

Әкімшіліктің тілі

Белгілі кәсіпке қатысты тіл

11 Ресми стильде эпитет:

қолданылады

қолданылмайды

автордың өалауына қарай жазылады

ерекше жағдайларда ғана қолданылады

кейбір құжат түрлерініңде қолданылады

12 Ырықсыз етіс тұлғасындағы сөзді белгілеңіз

енгізді

енгізсін

енгізісті

енгіздірді

енгізілсін

13 Тұйық етістік тұлғасындағы сөзді белгілеңіз

қолдау

көлбеу

рұқсат берілген

тексеріліп

тексеретін

14 Ресми стильдің жанрын анықтаңыз.

Эпилог

Реплика

Аннотация

Аппеляция

Сыни мақала

15 Ресми стильде қысқартулар–

қолданылады

қолданылмайды

автордың еркінде

мүлде кездеспейді

ішнара қолданылады

10-АПТА. ТАҚЫРЫП:

Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі. Қолданыс аясы.

Қазақ билері

Көркем әдебиет стилі - көркем шығармалардың тілі. Көркем әдебиет стиліне тән бірнеше ерекшеліктер бар. Солардың бірі - тіл байлығы. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз — ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады. Кез келген шығарма тек қана авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де турады. Кейіпкер жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді. Мысалы:

Азуы — алмас, тілі — у,

Арам көңіл, ала ту,

Кең жемсаулы, кең қарын,

Найзадай түйреп қолдарын

Қорқау қасқыр — “жан” жүрді

С.Мұқанов осы бір шумақта қиянатшыл заманның мейірімсіз өкілдерінің жиренішті кескін-кейпін ұтымды теңеу, эпитеттер арқылы оқушынын, көз алдына елестетеді. Осындай суреттеуге М.Әуезовтен тағы бір мысал: Қызылды-жасылды қылып сәнмен жиылған жақсы үйлерде қалың көрпе, құс жастықтарға көмілген жуан билер, күндіз-түні семізді кертіп жеп, кекірігі азғанша майға бөгіп жатқан.Бұлар, малына інет келген ауылдыц иттері сияқты, жоны шығып, қуйрығын сыртқа салып, көзі қызарып құтырғандай қанталап, қауып түсетін сияқты түр көрсетеді. Немесе, долданып құтырған Қоқыштар, Сәрсендер жуан-жуан жақсы киімді, боқтығы күшті үлкендер…

Бұл мысалдардан образды сөздердің атқаратын қызметі ерекше сезіледі. Сонымен бірге мұнда сөз қолдану, сөйлем құрылысы, тіпті контекст — барлығы да экспрессивті берілген. Автор тілдің экспрессивті-эмоционалды тәсілдерін шебер пайдаланган. Жазушы суреттеп отырған шындықты оқушы көзбен көргендей айқын сезі-неді. Мұнда жағымсыз образ тілдік тәсілдерді бейнелі, экспрессивті қолдану арқылы жасалған. Осылайша сөзді метафоралы қолдану арқылы жасалған образдар тез қабылданып, ойда ұзақ сақталып, сөз қолданысы тұрақталып, бейнелі сөздердің үлгісі молығады.

Образ жасаудың сөзді метафоралы түрде қолданудан басқа да көптеген тәсілдері бар. Оны төмендегі мысалдан көруге болады: Бақтығұл атқа мінісімен: “әйдә, тарт!”— деп тебініп жіберіп, қозғалып кетті. Көп сәйгүліктің аяғы сатыр-сұтыр басып, шымды жерді дүңк-дүңк еткізіп, үстеріндегі ер-тұрман, қару-сайман бір-біріне шалдыр-шылдыр, тықыр-тықыр соқтығып, ымырт қараңғылығын қуалай тартып береді.Автор мұнда әр түрлі дыбыстарды еліктеуіш сөздер арқылы бейнелеп отыр. Осы түста оқушы көп аттың тұяғы тиген жердің дүңкілін, ер-тұрманның шылдырын айқын естіп түрғандай сезінеді.

Кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы, әр дәрежедегі білімді адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да көркем шығармада кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші ерекшілігі - оның көп стильді болып келетіндігі. Мұның мәнісі қай жанрда жазылған шығарма болса да, онда тіл арқылы қарым-қатынас құралдарының барлық түрінің қолданылуында, яғни ауызекі сөйлеу тіліне қоса, публицистикалық, ғылым, ресми стильдердің элементтері осы стильде әр түрлі ыңғайда ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің тағы бір ерекшілігі бұл стильде орындалатын еңбектердің басты міндеті эстетикалық тәрбие беретіндігімен тығыз байланысты болып келеді. Екінші сөзбен айтқанда, көркем шығармада сөздің эстетикалық қуаты, сөздің бейнелілігі алғашқы орынды алады. Сондықтан да троптардың және фигуралардың барлық түрлері басқа стильдерге қарағанда Көркем әдебиет стилінде барынша мол жұмсалады. Тіліміздегі басқа стильдерге қарағанда, көркем сөз стилінің қолданысы кең. Мұнда барлық стильдердің элементтері кездеседі. Тілдік тәсілдер көркемдік мақсатта жұмсалады. Эпитит, метафора, теңеу, метонимия т.б. Образды сөздер жиі қолданылады. Әр жазушының өзінің талғамына қарай тіл ерекшелігі, қолдану тәсілі болады. Ол ерекшеліктердің бәрі бір-бірімен арақатынаста болып, көркем әдебиет стилінің басқа стильдерінде қайталанбайтын, айрықша жүйесін жасайды.

Қазақтың үш биі

Төле Әлібекұлы (1663 – 1756) – қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, "Жеті жарғыны" жасаушылардың бірі. Әлібекұлы Төле бидің атасы Құдайберді би Есім хан мен Тұрсын хан егесі кезінде Есім ханды қолдаған (Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме дейін" кітабынан). Яғни Есім хан тұсындағы, халық аузында "Есім ханның ескі жолы" атанып кеткен қазақ халқының заңдар жинағын құрастыруға қатысқан билердің бірі деп айтуға толық негіз бар. Өз заманында Қазақ хандығының тұтастығы үшін күрескен қайраткер! Төле би өз халқының шешендік-поэтикалық өнерінің дәстүрлерін жастайынан бойына сіңіріп өскен, зерделі, сауатты адам болған. 15-20 жасынан билердің бас қосқан жиналысына қатысып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері арқасында таныла бастайды.

Әйтеке Байбекұлы(1644 -1700 жж.) — қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан.[1] Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, қырғыз, қазақ жұрты "Синесоф буа"(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші үрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі. Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазыбектің анасы Тоқмейіл ұтымды да тапқыр сөздерді көп білетін зерек кісі болыпты. Анасы айтқан есті сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол ер жете келе өзі де солай сөйлеуге машықтана бастайды. Осы өнерінің арқасында бала биден дана биге айналып, «қара қылды қақ жарған Қаз дауысты Қазыбек би», «алты алаштың ардағы» деген атаққа ие болады. Содан болар Тәуке хан мемлекет тұтастығына жарықшақ түсірмей, халықты бірлікте ұстау үшін үш жүзді өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқарғанда, Орта жүзге осы Қазыбек биді тағайындайды. Ол ел басқару ісіне араласып, Қазақ хандығының ішкі сыртқы саясатына елеулі ықпал жасап отырады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Көркем әдеби стильдің басты ерекшеліктері қандай?

  2. Жазбаша стиль мен ауызша стильдердің қолданылу жағдайы қандай?

  3. Көркем әдеби стильде қандай лексикалық бірліктер қолданылуы мүмкін?

  4. Көркем әдеби стильдің қандай жанрлары бар?

  5. Әдеби стильдің дамуы неге байланысты?

  6. Көркем әдеби стильдің жалпыхалықтық тілді дамытудағы үлесі қандай?

  7. Тілдік реестр қандай жағдайда, қай уақытта өзгереді?

  8. Көркем әдеби стильдегі эстетика дегеніміз не?

  9. Көркем әдеби стиль қолданылатын орта қандай болуы керек?

  10. Стильдік қолданыста «авторлық мен» қалай көрініс табады?

  11. Қазақ билерінен кімдерді білесіз?

  12. Билер сотының басты қағидалары қандай?

ТАҚЫРЫП БОЙЫНША ЖАТТЫҒУЛАР:

1-ТАПСЫРМА. Жағдаятты оқыңыз түсініңіз, талдаңыз, орыс тіліне аударып жазыңыз.

Абайдың үш билiгi 1. Құн төлету 1902 жылы күзде Мамайдың бiр баласы Сарыбас руынан 20 шақты шаңырақ Нұрлыбай дегендi жер бөлiгiне таласып, Мамайдың ең жуан ауылы 150 үйдей Жиен Шора деген руының Тоқсанбай баласы дегендер ұрып өлтiрген. Мырза Мамай бiр болыс Қызыл адыр болып екi ортасына түсiп құн кесiп, билiк айтып, бiтiстiрмек болған екен, Нұрлыбайдың ағасы Жақып көнбейдi. Ол: — «Маған теңдiк беретiн болса, мен Абай алдына барып жүгiнемiн» — деп отырып алады. Не деген есi жоқ адам екенiн ешкiм бiле алмайды. 20 үй Сарыбас, өздерi Абайдың жауы жағында; Жиен Шора болса 150 үй, Абайдың әрi құрдасы, әрi досы. Сонымен дауласып Абай алдына барып: не теңдiк, не құн аламын деп отырғанын жұрт ұға алмайды. Ақырында Мамайдың жетi баласына басшы адамдар ерiп, Абай алдына екеуiн де апарып, жүгiндiрiп, билiк айтқызуға жүрмекшi болады. Көп кiсi екi бөлiнiп, Мамайдың 30-40 адамы барады. Жидебайдағы Абайдың аулына келiп, сәлем берiп, үйге кiрiп отырысады. Абай Жақыпты берi кел деп қасына таяу отырғызады да: — Iнiң иманды болсын, арты қайырлы болсын — деп көңiл айтады, өзге көпшiлiкке жай амандасады да қояды. Сол келген Мамай кiсiлерiнiң iшiнде Жампейiс Қыйният баласы деген шешен, пысық жiгiт болатын. Ол бұрын Мамай елiнiң ондай-мұндай жұмыстарымен Абайға келiп-кетiп мiнездес болып алған екен. Амандық сұрасқаннан кейiн сол жiгiт сөз бастады: — Абай аға естiп жатырсыз ғой мына екi ағайын болымсыз жер бөлiгiне таласып, Тоқсанбай балалары Нұрлыбайды ұрып өлтiрiп тастады. Оған бiр болыс мырза Мамай жиналып, құн кесiп, билiк айтып бiтiрмек едiк, оған мына отырған Жақып ақсақал көнбедi. «Сендердiң айтқан билiктерiңдi, әперген құндарыңызды өздерi ашуланған күнi Жиен Шора баласы тартып алып қояды. Алсам да, қалсам да Абайдың әдiлетiне барамын. Жиен Шора мен Абайдың құда, дос екенiн де бiлемiн. Менiң Абайдың қарсы, жауы жағында жүруiм де рас, бiрақ Абайдың әдiлет адамшылығына не айтса да көнемiн» деп келдi. Ендiгiсiн өзiңiз айта берiңiз — деп сөзiн аяқтады. Сонда Абай: — Ей, Жампейiс! Осы Нұрлыбайды Тоқсанбай балалары далада төбелесiп өлтiрдi ме? Жоқ, қашқан жерiнде қуып өлтiрдi ме? Соның анығын айтшы — дедi. Жампейiс: — Нұрлыбай Тоқсанбай аулымен жерлес болатын. Бөлiкке аздаған кикiлжiңi болу керек. Нұрлыбай қойшысына қойын айдатып, бөлiк ортасына келген екен. Тоқсанбай аулынан бұларға қарсы 4-5 атты кiсi шығыпты. Қолдарында ұстаған сойылдары бар екен. Нұрлыбай мұны көрген соң: Мына кәпiрлердiң жүрiсi қалай жаман едi, жуансыған мықты ақымақтар едi. Менiң жүрегiм қозғалайын дептi, үйiме қайтайын деп ауылға бұрылып жүре берiптi. Оны көрген 4-5 атты тоқта деп ұмтылған соң, Нұрлыбай қаша жөнелiптi. Бұлар артынан қуып, тап есiгiнiң алдындағы күлге барған жерде жетiп, екi сойыл қатар тиiп, Нұрлыбайдың қарақұсы ойылып, өлiп кеткен. Бар расы осы, — дедi. Сонда Абай: — Ер құны елу түйе болады. Ұрыста тұрыс жоқ деп қата тимесе, бата тиiп өлiп кеткен адамды айтады. Сенi өлтiрмей қоймаймын деп қасарысып, қашқанды қуып, әдейiлеп өлтiрген адамның құны жүз түйе болады. Мына Нұрлыбайды өлтiру, әдейi өлтiргендiк. Сондықтан бұның құнын мен жүз түйеге кестiм. Мамайдың алты баласынан келiп отырған сендердiң сыбағаңа бес түйеден 30 түйе құн кемiтiлсiн. Мына Жақыпқа жетпiс құн төлесiн. Соны сендер алып берiп бiтiрiңдер, — дедi. Сонда Жақып орнынан ұшып тұрды: — Абай әдiлетiңе, атаңның аруағына құлдық. Барлық Мырза Мамайға жалғыз өзiм көнбей алдыңа келiп едiм. Әдiлетке, теңдiкке қолым жеттi, бүгiн өлсем де ризамын, — деп жылап жiбердi. Жиен Шора жағы бiр ауыз сөз айтпады. Сонда Жампейiс тұрып: — Ой, Жиен Шора атам баласы мына Жақып Абайдың билiгiне риза болып, құлдық айтып жатыр. Сендер үндемей отырсыңыздар. Ертең елге барған соң пәлен демей риза, наразылықтарыңызды Абайдың өзiнiң алдында айтып кетiңiздер дегенде, Жиен Шорадан шыққан болыс, әрi Абайдың құрдасы Мұсабай деген кiсi: — Бiз Абайдың билiгiнен асып қайда барамыз. Бiрақ малдан бiр айырылып, бастан бiр айырылып жүрмелiк, артына Абайдың өзi ие болса, — дедi. Жақып: — Ей, Мұсабай, мен 20 үймiн, сен 150 үйсiң. Болыстық, билiк, әмiршiлiк бәрi өзiңде. Абай алдына келiп құн кестiрiп алып, ендi қалған кiсiлерiңiздi орысқа арыз берiп айдатады дегенге кiм нанады. Сонда Абай ақырын жымиып күлдi де: — Жақып дұрыс айтады. Онан да Мұсабай сен бiтiмнiң жөнiн тап, аз ағайынды жылатпа, — дедi. Сонымен Мамай кiсiлерi екi бөлiнiп қонып, ертеңiне қош айтысып қайтып кеттi. Екi күннен кейiн Сарыбас жағынан бiр кiсi ертiп, Жиен Шора жағынан бiр кiсi ертiп Жампейiс қайта келдi. Ол — Абай аға, екi ағайын сiздiң билiгiңiзге тоқтаса да құн малының баламасына келiсе алмай жатыр. Сарыбас бiр түйеге 7 тоқтыдан беремiз дейдi. Ендi соның жөнiн сұрағалы қайта келдiк, — дейдi. Сонда Абай: — бұрынғы қазақ жолында құнды үшке бөледi: 1. Сара құн — 1 түйе 20 тоқтыдан, бұның мәнiсi малды таңдап саралап алу. 2. Дара құн — 1 түйе 14 тоқтыдан, бұның мәнiсi малды орташалап алу. 3. Қара құн — 1 түйе 7 тоқтыдан, бұның мәнiсi құн төлеушi көңiлiнен шығарған малын құн үшiн бередi. Осындай баламамен құнды алып берiңiздер, — дедi. 2. Жер дауы Айқынбай деген кiсiнiң бәйбiше, тоқал — екi әйелi болыпты. Бәйбiшеден де, тоқалдан да екi екiден төрт балалы болады. Бұлар Айқынбай өлгеннен кейiн жер еншiсiн бөлiскенде өз ара келiспей, Кәрiпбай деген Айқынбайдың баласы өзiнiң бiр анадан (бәйбiшеден) туған iнiсi Оспанбаймен жер туралы жанжалдасып қалады. Оспанбайды мұқату үшiн айып тарттырмақшы болып, төбелес кезiнде өзiнiң шекесiн пышақпен тiлiп жiберiптi. Сосын көлденең ағайындар Оспанбайға екi ат-шапан айып кеседi. Сол уақытқа осы дауды түптеп тексере келiп Абай Кәрiпбайдың өз шекесiн өзi жаралап кескенiн анықтап, көлденең ағайындардың Оспанбайға ат-шапан кескен билiгiн өзгертiп, Оспанбайдың айыпқа берген сары бурасын, бiр атын кейiн өзiне қайтарыпты. Бұдан кейiн Абай жердi қайта бөлiске кiрiскенде жердi бәйбiшеге екi есе, тоқалға бiр есе есебiмен арқан салып бөлгiздi. Бәйбiшеден Кәрiпбай және Оспанбай екi есе жердi екеуi тең бөлiп бiр еседен алады. Тоқалдан: Иманбай, Жұманбай екеуi бiр есе жер алып, өздi-өзi бөлiспей риза болысты. Осылайша жер дауы бiттi. 3. «Найман төлеу» 1880 жылдың шамасында Абай төбе би кезiнде Қарамола дейтiн жерге Шар өзенiнiң бойындағы жәрмеңке болатын мезгiлде билердiң төтенше съезiне барыпты. Бұл съезге арғын, найман, уақ, керей — осы төрт арыстың билерi бас қосқан екен. Осы съезге найманнан талапкер болып арғын-тобықтыдан мал дауын қуып Борсықбай, Торсықбай, Сасай деген билер де келiптi. Сасай би көп сөйлемейтiн, бiрақ сөздi тауып сөйлейтiн, шаруасы шағын, қонақасы берерлiктей мал бiткен кiсi екен. Төбе би Абайдың алдына барлық билер жиналып арғын-тобықты жағы найманға сөз берiп: — Ал найманның билерi не дауларың бар, не талап етесiңдер, кәне айтыңдар, — дейдi. Сонда найманның Торсықбай, Борсықбай билерi кезек-кезек сөз алып сөйлейдi: — Я, бiз келiп, мына жаңа сайланған төбеби Абайдың алдында бұрынғы арғын, тобықты, уақ, керейге сөзiмiз өтпей, қолымыз жетпей жүр едi. Соның салдарынан малымызға төлеу, кiсiмiзге құн ала алмай келдiк, — дейдi. Бұдан кейiн арғын, тобықтылар «Қандай кiсiң өлдi, неден өлдi; Малыңды қалай алдың, қанша қандай мал едi?» — деп сұрақ қояды. Мұны тыңдап отырған найманның бiр ақсақалы: — Уа! Сасеке, ендi қашан сөйлейсiз — дейдi. Сонда Сасай тұрып сөйлеген екен. — Өй! Арғын тобықты айқайлап жылқымызды алмасаң, ел шауып қиқу салмасаң, жатқан төсектен сасып тұрып, артыңнан қумасам, жыра мен сайға жығылып кiсiм өлмес едi. Нақақтан кiсiм өлмесе, нақақ жала жабар ма едiм, мұнда келер ме едiм? Ал Абай мырза бұған не айтар екен, — деп Сасай би сөзiн тоқтатады. Абай тұрып: — О, бұл сөйлеген кiм едi, — деп сұрайды. Сонда топ iшiнен бiреуi Абайға: — Найманның Сасай деген биi осы кiсi, — дептi. Абай: — Уа! Сасай келсе, мына сөздi Сасай айтса, найманға арғын тобықты аз берiп, көп жалыныңыздар, — дептi. Абайдың осы сөзi билiк болып орындалғанда арғын, тобықты, найман адамдары өзара келiсiп, бiтiм малын алғанда: ер құнына — нар, түйеге — тайлақ, атқа — тай, қойға — қозы, сиырға — бұзау берiлiптi. Осыдан кейiн Сасай: — «Қойыңыз қозы болар, келер жылы өзi болар» — деп наймандарға малдың кiшiсiн де алғызыпты. Абайдың бұл айтқан билiгi «Найман төлеу» аталып, ел аузында осы күнге дейiн мақал болып келедi екен.

2-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. Тыныс белгілерінің қойылу тәртібіне назар аударыңыз, түсіндіріңіз.

Көш

Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көрінеді. Бүрінен айырылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып, елбек қағады. Қара жел қуған қаңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңадан атқан. Салқын күнгі қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып, шашасына дейін суландырған.

Ералының кең жазығына жаңа келіп ілінген жүргіншілер – ерте көшкен ауылдың ер-азаматтары. Көшіп келе жатқан – Абай ауылы мен көрші ауылдар. Сол көштің алдында ұзаңқырап кеткен мынау бір топ аттылар – Абай мен оның кей достары, кей ақын-әншілер. Топтың алдыңғы қатарларында Абай, Көкбай, Шұбар – үшеуі өзгелерден озыңқырап, оңаша әңгімелесіп барады. Артқы топ – Ақылбай, Мағаш, Кәкітай, Дәрмен болатын. Бұлардың артында Ербол мен Баймағамбет бір бөлек келеді.

Жүрістің ертелік мазасыздығына қарамай, күн райының мұңды, сұрқай көңілсіздігіне қарамай, ортадағы жастар тобы үнемі дабырлап сөйлесіп, әзілдесіп, күліп келе жатыр.

3-ТАПСЫРМА.Мәтінді оқыңыз, өз бетіңізбен аударуға тырысыңыз.

Между рыбоконсервным заводом и торговым домом заключен договор поставки рыбных консервов. Рыбоконсервный завод в течение двух осенних месяцев не исполнял лежащую на нем обязанность по поставке рыбных консервов торговому дому, в связи с чем покупатель предъявил к заводу иск об уплате неустойки.

В арбитражном заседании завод пояснил, что непоставка консервов вызвана неритмичностью в работе его собственных поставщиков, рыболовецких колхозов, вынужденных из-за штормовой погоды на длительное время приостановить рыбную ловлю. Торговый дом не признал доводы ответчика убедительными, полагая, что они могут иметь значение в спорах между заводом и колхозами, но не при рассмотрении иска, предъявленного к заводу торговым домом.

4-ТАПСЫРМА. Мәтінді оқыңыз, өз бетіңізбен аударуға тырысыңыз.

Акционерное общество предъявило иск к ГУП «Стилкон» о взыскании штрафных санкций за просрочку поставки химикатов и возмещении убытков, вызванных простоем оборудования. Возражая против исковых требований, ответчик представил доказательства того, что в течении I и II кварталов текущего года, за которые была допущена просрочка поставки, на его складе имелась продукция, подлежащая отгрузке истцу, и что им неоднократно предпринимались попытки ее отгрузить. Однако продукция не была поставлена в срок из - за запрещения Министерством путей сообщения перевозки грузов на остров Сахалин до конца мая ввиду затора льдов и закрытия переправы через Амур.

5-ТАПСЫРМА. Мәтінді оқыңыз, өз бетіңізбен аударуға тырысыңыз.

Андреев «Спортлото» билетін уақытылы толтырып, арнайы жәшікке салды. Аталған билетке ұтыс түсті. Алайда «Спортлото» аймақтық басқармасы Андреевқа ұтысы төлеуден бас тартып, оны билеттің поштаға уақытылы тапсырылмай, билеттің ұтысы есептеуге қатыспау мүмкіндігімен негіздеді.

Аталған деректі тексеру барысында билеттердің «Спортлото» басқармасына тапсыру уақыты пошта бөлімшесінің қызметкерлері тарапынан қызметтерік міндеттеріне салдыр-салақ қарау салдарынан орын алғаны белгілі болды. Соттың шешімі бойынша ұтыс соммасы Андреевтің пайдасына өндіруге шешім қабылданды.

«Спортлото» аймақтық басқарамасы аталған сомманы байланыс органдарынан өндіріп беру туралы шағым түсірді. Істі арбитраждық отта қарау барысында «Спортлото» басқарамасына шығын келтірілді ме деген мәселе қозғалды.

6-ТАПСЫРМА. Мәтінді оқыңыз, өз бетіңізбен аударуға тырысыңыз.

Тыквен Потаповпен бірге қарапаем хат түрінде пәтер сату-сатып алу туралы келісім шартқа отырды. Келсім шартта ең басты сату-сатып алу келісімінің негізгі осы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірілмей жан-жақты қаралатын болады деп жазылған, сонымен қатар АҚШ-тың долларымен есептелетін пәтер ақысы қамтылған. Белгіленген уақыт ішінде Тыквин келісілген шарт бойынша Потаповқа пәтерді сатудан бас тартты, себебі базардаға жылжымайтын мүліктің бағасы ауытқығандықтан оған көп мөлшерде пайдалы ұсыныстар түсті. Потапов Тыквинің пәтерді сату және сатып алу жөнінде келісімшартқа отырғанын және де осы шартты орындауына мұқтаж екен, соны талап ететін айтып сотқа шағымданды.

7-ТАПСЫРМА.Көркем әдебиеттерден алынған сөйлемдерді оқыңыз. Асты сызылған сөздерге назар аударыңыз.

1.Ауыздығын қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзге тартқан ақ боз ат жекеше орғып, желігіп келеді. 2. Айыл-тұрман шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. 3. Шапқан сайын қарқыны үдеп, екі құлағының түбінен жел гу-гу етеді. 4. Астындағы арбиған биік жалқау шабдар аты тоңқ-тоңқ етіп өнімсіз бүлкілдеп, ішін ауыртқан соң, аяңға түсірген. 5.Торбесті енді дәрменсіздігін сезіп, басын кекжеңдетіп, жалтара берді. (С.Ж)