Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 11 сынып 2011 мои.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
103.94 Кб
Скачать

19 Билет.

3. Оқушы, әке

4. Ұялы телефон туралы мәтінмен жұмыс. Өзіңізді алданудан сақтаңыз ! Танымайтын адамдарға жауап бермеңіз. Телефон немесе SMS арқылы алынған бейтаныс адамдардың нұсқаулығы бойынша, әсіресе қандай да бір жолдармен сізден қаржы аударуды талап ететін нұсқаулықтары бойынша әрекет жасауға асықпаңыз. Асығыс әрекеттер сізге қаржылық зиян келтіруі мүмкін. Телефоныңызды бейтаныс адамға «1 қоңырау шалуға» беруге асықпаңыз. Соңғы кезде осындай жолмен телефондарды ұрлау жайттарының көбейгенін есте сақтаңыз

20 Билет.

3. Ана, үй

4. Дербес компьютер туралы мәтінмен жұмыс. Дербес компьютерлер соңғы 20 жылда қарқынды дамып келеді. Олар пайдаланушы деп аталатын бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Дербес компьютермен жұмыс істегенде пайдаланушының арнайы программалау тілін білуі қажет емес. Қазіргі дербес компьютерлер көлемі шағын, құны жоғары емес. Дербес компьютер пайдаланушымен диалогтік режимде жеке жұмыс істеу үшін арналған. ДК негізінен қарапайым құжаттарды бастап, баспа беттеріне дейін әр түрлі мәтін дайындау, есептеулерді орындау, деректер базасын жасау, ақпарат іздеу және т.с.с. жұмыстарға арналған.

21 Билет.

3. 1. Келді, анам, қаладан, кеше

2. Халқының, ұлы, Абай, ақыны, қазақ.

3. Ахмет Байтұрсынов, реформаторы, жазуының, қазақ.

4. Интернет туралы мәтінмен жұмыс. Жиырмасыншы ғасырдың аяғында пайда болған Интернет қазір жер шарының әр түкпірін байланыстырып сан алуан адамдарды, елдер мен құрылқтарды біріктіріп отыр. Интернет 1960 жылдары АҚШ-та дүниеге келдi. Интернеттiң мүмкiндiгi шексiз.Талғамыңыз бен көңiл күйiңiзге қарай одан сiздi қызықтыратын көп нәрсе табуға болады. Интернеттен ғалым да, бизнесмен де, компьютерлiк ойын әуесқойы да, бәрi-бәрi қажет ақпарат таба алады. Интернет күнделiктi тұрмыс пен жұмыстың айнымас құралына айналып келедi. Интернеттің негізі АҚШ-да жасалғанымен, оның нақты қожайыны жоқ. Әрбір үкімет, компания, университет ақпараттық қызмет ұсына отырып , бұл желінің тек қана өз бөлігіне иелік жасайды. Алайда, Интернетке жеке дара ешкім де қожалық жасай алмайды. Сондықтан ол шын мәнінде адамзаттың әлемдік қазынасы болып табылады.

22 Билет.

3. Қарлығаштар биыл ерте ұшып келді.

4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.

Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңы негізінде білім беру жүйесінің құрылымы екіге бөлінеді: жалпы білім беру және кәсіптік білім беру. Орта білім беру Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті. Жалпы орта білім 3 сатылы: бастауыш (1-5 сыныптар) негізгі(6-10 сыныптар) және жоғары (10-12 сыныптар). Лицей - негізгі және қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кәсіби бағдарлап оқытуды жүзеге асыратын жалпы орта білім беретін оқу орны. Лицейлердің ең басты ерекшелігі - ақыл-ой (интеллектуалдық) қабілеттері жоғары жастарды топтап оқытып, оларды жоғары оқу орындарына даярлайтын бірыңғай элитарлық мектеп.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]