Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
билеты 11 сынып 2011 мои.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.04.2025
Размер:
103.94 Кб
Скачать

13 Билет.

3. жылы, ұзын, жақсы, кең, ақ, таза, көп.

4. Қазақстан Республикасының Парламенті туралы мәтінмен жұмыс.

Қазақстан мемлекеті – президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет. Мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республикада мемлекеттік билік біртұтас. Еліміздегі билік жүйесі мынадай тармақтардан тұрады: Президент, Үкімет, Парламент. Парламент – заң шығарушы, ал Президент және Үкімет атқарушы билік болып саналады. Парламент екі палатадан тұрады: Мәжіліс – төменгі палата, сенат – жоғарғы палата. Республика үкіметі өзіне берілген өкілдіктер шегінде ғана мемлекет атынан билік жүргізеді.

14-билет.

4. Сайлау жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.

Жалпыға бiрдей сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар. 

Учаскелiк сайлау комиссиясы:        сайлау учаскесiнде Президенттi, Парламент Мәжiлiсiнiң, мәслихаттардың депутаттарын және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөнiндегi сайлау шараларын жүргiзедi;  учаскелiк комиссияның орналасқан жерi туралы хабарландырады;  сайлаушылардың тiзiмiн нақтылайды; сайлаушыларды дауыс беру күнi, уақыты және орны туралы хабарландырады; сайлау өтетін орынды, кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; сайлаушылардың дауыс беруін, дауыс санауды жүргiзедi және учаскедегi дауыс беру нәтижелерiн анықтайды.       

15-билет.

4. Депутаттық туралы мәтінмен жұмыс.

Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну құқығы саяси партияларда, сондай-ақ белгiленген тәртiппен өзiн-өзi ұсыну жолымен тiркелген азаматтарда болады. Саяси партияның депутаттыққа кандидат етiп осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды ұсынуға құқығы жоқ. Саяси партия әрбiр сайлау округiнде Мәжiлiс депутаттығына бiр ғана кандидатты ұсына алады. Мәжiлiс депутаттығына кандидаттар ұсыну туралы шешiм саяси партияның жоғары органы мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамадан үзiндi көшiрмемен ресiмделедi. Саяси партиялардың партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқығы жоқ.

16-билет.

4. Қазақ театрлары туралы мәтінмен жұмыс. 1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды. Театрды дарынды режиссер және артист Жұмат Шанин басқарды. 1933 жылы Алматыда тұңғыш ұйғыр музыкалық драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ашылды. 1926 жылдан бастап қазақ драма театры М,Әуезов атымен аталады.Қазақ мемлекеттік Абай атындағы опера және балет театры дүние жүзіне әйгілі театр. Оның іргетасын қалаушылар: Күләш Байсейітова, Канабек Байсейітов, Құрманбек жандарбеков, Роза Жаманова сияқты халық артистері.

17-билет.

4. Қазақ актерлері туралы мәтінмен жұмыс. Қазақ актері, режиссері Шәкен Айманов Шекспирдің «Отеллосын» ойнаған. Оның «Махаббат туралы аңыз», «Алдаркөсе», «Атаманның ақыры» деген кинолары бар. «Абай» операсында Абайдың партиясын Ермек Серкебаев, ал Айдардың партиясын Әлібек Дінішев орындайды. Арал қасіреті туралы режиссер С.Әзімовтың «Жоқтау: Өлі теңіз шежіресі» фильмі түсірілді. Семей полигонындағы жарылысқа қарсы «Невада - Семей» қозғалысы туралы «Полигон» фильмі бейнеленді. Бұл фильмді режиссер В.Рерих пен О. Рымжанов түсірген. Қазіргі киноларда атақты актерлер Асанәлі Әшімов, Меруерт Өтекешова, Тұңғышбай Жаманқұлов, т.б.

18-билет.

4. Электронды поштаның туралы мәтінмен жұмыс. Электрондық поштаның пайда болуын 1965ж жатқызуа болады. Осы жылы Массачусетк – технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды. Е-пошта жіберу үшін алдымен осы қызметке тіркелу керек. Е-поштасы қолдануға оңай әрі көп жағдайда тегін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]