
- •1 Билет
- •5 Билет
- •2 Билет.
- •3 Билет.
- •4. Сапар шегу, жол жүру туралы мәтінмен жұмыс.
- •4 Билет.
- •4. Қонақ үйі туралы мәтінмен жұмыс.
- •5 Билет.
- •4. Қала, ауыл туралы мәтінмен жұмыс.
- •6 Билет.
- •4. Қала, дала табиғаты туралы мәтінмен жұмыс.
- •4. Мәдени орталықтар туралы мәтінмен жұмыс.
- •13 Билет.
- •4. Қазақстан Республикасының Парламенті туралы мәтінмен жұмыс.
- •4. Сайлау жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.
- •19 Билет.
- •20 Билет.
- •21 Билет.
- •22 Билет.
- •4. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі туралы мәтінмен жұмыс.
- •23 Билет.
- •24 Билет.
4. Мәдени орталықтар туралы мәтінмен жұмыс.
Адам мәдениетсіз өмір сүре алмайды. Онда даму да тоқтатылады. Мәдениетті қалада Мәдениет сарайлары, ауылда клубтарда дамытуға болады. Мектептерде де мәдени шаралар өтеді. Осының бәрі адамның мәдениетін көтереді. Ал, ең бірінші мәдениет адамның біліміне байланысты. Оқыған адам мәдениетті болады. Қазір жаңа білім бағдарламасы бойынша барлық жерлерде мәдени орталықтар ашылуда. Мектеп жасына дейінгі балаларға шағын мәдени орталықтар ашылып жатыр. Ауылдарда бұрынғы клубтар ашылуда. Зырян қаласында «Достық үйі » ашылады. Мектептерде ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді. Мысалы: татар, неміс, славян, қазақ мәдени орталықтары бар. Ол жерлерде ұлттық киімдер тарихы, ұлттық аспаптар туралы материалдар табуға болады. Сол елдің тілін үйренуге болады. Өскемен «Достық үйінде», Зырян қаласының «Тілдер орталығында» ағылшын, қазақ тілдерін тегін оқытады.
8 –билет.
4. Қазір кейбір адамдар әртүрлі стилдерді араластыра киюді ұнатып жүр. Мәселен, тек «Ди энд Джидің» өнімін киюдің орнына, олар денесіне осы фирманың джинсын, ал бастарына Құралайдың қолынан шыққан бас киімді киіп жүре береді. Жергілікті шеберлердің өнімдері халықаралық шеберлердің өнімінен бәлендей арзан емес, десе де, бұлардың өзіндік нақышы бар. Мұнда өнімді өткізу мақсатына баса мән беретін көрінеді дейді Айрис ван Нотен. Біз шымылдықтың артында әңгімелесіп тұрғанымызда, Айристің киімдер жинағынан әсем киім үлгілерін көрмек боп бірнеше адам біз тұрған маңға келді, олар киімдердің бағаларын сұрап жатты, – деп әңгімелейді «Бизнес нью юроуп» тілшісі Клэр Натал. «Бұл сәнді киім көрсету қойылымдарын ұйымдастырудың мүлде бөгде жолы екен. Мұнда Лондонда, Парижде немесе Миланда өтетін дефилелерге қарағанда, көбіне өнерге емес, сәндік киімнің қымбаттылығына баса назар аударылатын сыңайлы. Мәселен, мұнда мен теріден тігілген киімді көп байқадым» – дейді Нидерландылық сән үлгісінің шебері
9-билет.
4. Біз дайындаған мектеп формасы ретінде жәкет, белдемше, пиджактардың алуан түрлерін ұсынамыз. Жартылай жүн, вискоза, мақта маталарының барлық түрінде бар. 2008 жылы Қазақстан мұғалімдерінің офистік киімі дайындалды. Мектеп киім үлгісіне қосымша дене шынықтыру пәні үшін спорттық форма, алғашқы әскери дайындық сабағына арналған формалар, экология жағынан таза, халықаралық сапа стандартына сай балалар аяқ киімдері дайындалады.
10-билет.
4. Киіну әдебі туралы мәтінмен жұмыс. Бірыңғай мектеп формасына көшуді мұғалімдер қауымы оң қабылдайды. Олардың айтуына қарағанда балалар мектепке қалай болса, солай киініп келмейтін болады. Талапқа сай тігілген мектеп формасы оқушыларды олардың негізгі міндеті-оқуға бейімдейді. Мұнтаздай таза болып жүру тәртіпке, тазалыққа, мектептің ішкі тәртібін сақтауға оң ықпалын тигізеді. Бірыңғай мектеп формасын киіп жүру психологиялық түрғыдан сынып, мектеп ұжымын қалыптастыруға бейімдейді, балалар бір ұжым екенін сезінеді. өздерінің оқу орнына қатыстылығы сезімдері тәрбиеленеді.
11-билет.
4. Мектеп формасы жиынтығын (юбка, пиджак, жилет және шалбар) өзімізде тігуде «Сымбат», «Мақпал», «Ерке-Нұр» тігін компаниялары көпке танылып қалды. Алайда, көп ұзамай-ақ қытай өндірушілері біздің дизайнерлеріміз жасаған үлгілердің дәлме-дәл көшірмесіндей мектеп формасын тігумен айналысып,біздің базарларға түсіре бастады. Бағасы да ұшып тұрған жоқ, көңілге қонымды. Сондықтан бүгінгі таңда ата-аналардың таңдау аясы кеңи түсті, айырмашылығы-тек сапасында. Ауылдық жердегі көпбалалы жанұялар әдетте арзанға түсетін қытай өндірушілерінің формасын сатып алып жатады. өзіндік жеке ерекшеліктерін сақтауға тырысатындарға балама болудың тағы бір жолы: белгіленген үлгі шегінен шықпай, ательеге тапсырыс беруге немесе азды-көпті қымбатқа түсетін ресейлік және түрік өндірушілерінің өнімдерін сатып алуға болады.
12-билет.
4. Киім дүкені туралы мәтінмен жұмыс. Мен Алматыдағы атақты киім дүкеніне келдім. Сатушыдан олардағы киім коллекциясына қысқаша түсінік беруін өтіндім. Сатушы былай деді: Атақты дизайнер Саят Досбаевтың сөзін келтірсек: «Біз нарықты бірнеше топқа бөле аламыз. Алдымен, Түркия мен Қытайдан келетін арзанқол киім киетін адамдар тобы бар. Екіншіден, көпшілікке арналған арзан дегенімізбен сапалы тігілген киім нарығы бар – бұлар Манго, Зара мен Бенеттонның киімдері. Одан кейін, кием десеңіз мұнда Джорджио Армани сынды шеберлер даярлаған қымбат киімдер де табылады», – деп түсіндірді ол. «Алайда, қазір кейбір адамдар әртүрлі стилдерді араластыра киюді ұнатып жүр. Мәселен, тек «Ди энд Джидің» өнімін киюдің орнына, олар денесіне осы фирманың джинсын, ал бастарына Құралайдың қолынан шыққан бас киімді киіп жүре береді. Жергілікті шеберлердің өнімдері халықаралық шеберлердің өнімінен бәлендей арзан емес, десе де, бұлардың өзіндік нақышы бар».